Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Оқиғалар. Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім мекемелері музыка жетекшілерінің тәжірибе алмасуы

КАМАЛИЕВА Қ.К., ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің Ұлттық әдебиет және өлкетану орталығының кітапханашысы

      Баланы қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу маңыздылығы оның эстетикалық талғамы жоғары тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
      Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, ал, мынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын, қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Әрине, бұл жерде оқыту ісі ерекше роль атқарады.
      Мұндай оқыту тәжірибелерін жетілдіру мақсатында облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Мектепке дейінгі тәрбие, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық жетекшілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында болып өткен семинар-практикумның маңызы зор болды.
       «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары қатысқан семинар-практикумда ұсынылған іс-тәжірибелер әртүрлі формаларда жүргізіліп, музыка жетекшілерінің кәсіби біліктіліктерін арттыра түсті.

Подробнее...

«Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапхана жұмысын ұйымдастыру» облыстық оқыту семинары

ШЕРЬЯЗДАНОВА К.М.,
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының тәрбие ісі бөлімінің басшысы

     2017 жылдың 29-31 наурызы аралығында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 3 күндік оқыту семинары өткізілді.
      Семинарға жалпы білім беретін мектептердің (қазақ және орыс топтары) кітапханашылары (базалық кітапханашы білімі бар) қатысты.
      Семинар қатысушыларына облыстың жетекші кітапханашылары: А. Шарыпова («Ш.Уәлиханов ат. №3 мектеп-лицейі, Өскемен қ.) мектептегі кітапхана жұмысындағы нормативті-құқықтық құжаттар мен кітапханашының іс-құжаттары; О. Рымбосинова (№26 жом, Семей қ.) кітапхана жұмысын жоспарлау негізі, жоспарлар түрі және кітапханалық жарнаманы жасау жолдары; М. Байелова (№3 жом, Семей қ.) жанұяның кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы «Үзіліспен оқу» технологиясы; Г. Новикова (Преображенска ом, Көкпекті ауданы) мектеп кітапханасы жұмысындағы жүйелі-әрекеттік тәсілдер; С. Артемова (№9 жом, Семей қ.) мектеп кітапханасының қызметін белсендендіру тәсілдері; Л. Тюрина (№20 жом, Семей қ.) кітапхана қызметіндегі инновациялық технологиялар; Г. Буктербаева (№39 ом, Өскемен қ.) НЗМ тәжірибесін енгізу бойынша кітап оқудың белсенді әдістері мен формалары туралы практикумдар өткізді.

Подробнее...

Психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс тәжірибесінен

Ибраева Г.Н., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ бөлімінің жетекші маманы

         2017 жылдың 26 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасы «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған №61 балабақша» КММ-сімен бірлесіп, «Особенности воспитательно-образовательной и коррекционной работы в условиях детского сада для детей с ЗПР» атты тақырыпта семинар өткізді.
       Шара жұмысына Ұлан, Шемонаиха, Күршім, Бородулиха, Бесқарағай аудандары мен Риддер, Курчатов, Семей, Өскемен қалаларының мектепке дейінгі даярлық сыныбы мен балабақшаларының  педагогтері қатысты.   
       

Подробнее...

Жасөспірімдердің жеңістері құтты болсын!

А. АМАНЖОЛОВ,
Т. Аманов атындағы орта мектептің  дене тәрбиесі пәні мұғалімі, Петропавловка ауылы,  Бородулиха ауданы
 

     «Шәкірттері білім мен өнер додасында оза шауып жатса, ұстаздың ерен еңбегінің жемісі» - демекші, шәкірттерім аудан, қала, республика жеңімпаздары атанып және жүлделі орындардан көрінуі ұстаздық еңбек жолымның жетістігі деп білемін.

       2016 жылдың қараша айында Семей қаласында өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ашық қала Чемпионатында» ауданымыздың мәртебесін асқақтатқан 5 «а» сынып оқушысы Джайлаубаев Ернар 1000 метрден III орын иеленсе, 7 «б» сынып оқушысы Гайер Максим 1000 метрден II орын, 7 «а» сынып оқушысы Мусабеков Сарсен 1000 метрден I орын, 600 метр II орын және ұзындыққа секіруден II орынға ие болды. 8«б» оқушысы Сулейманов Данил 300 метрден және  600 метрден I орынға ие болса, ал 50 метрден II орынға ие болды.

Подробнее...