Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Озық инновациялық тәжірибені тарату

Озық инновациялық тәжірибені тарату

КАТПЕНОВА Г.А.,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру  кафедрасының  аға оқытушысы

       2017 жылдың 19 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасымен бірлесе отырып,облыстық ШҚО білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешенінде» «Актуальные вопросы обновления подходов и содержания школьного образования» тақырыбында облыстық әдістемелік workshop (workshop – «жұмыс шеберханасы», оқыту іс-шара (семинарлар, курстар, шеберханалармен тең), онда қатысушылар өз бетінше білім алуда, бұдан әрі «workshop») өткізеді.

       Workshop мақсаты - біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби даму мәселелері жөнінде өзара әрекет және ынтымақтастықта жұмыс істеуге жағдай жасау, озық инновациялық тәжірибені тарату болған.
       Workshop барысында  мектепте 6 ашық сабақ өткізілді.

       Ашық сабақ өткізген бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен сабақ беретін Қазбекова Алмаш Қазбековна тоқтала кетейін. Ұстаздың педагогикалық еңбек өтілі – 23 жыл.   Ол қазақ тілін оқытуда жаңа әдістерді, қазақ тілін оқыту бағдарламасының жаңартылған мазмұнын, топтық және жұптық жұмыс түрлерін, сыни бағалауды, зерттеулік әдісті жүзеге асырады.  Оның кәсіби қызметінде қазақ тілін оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, қазақ халқының мәдениетіне деген сыйластық пен патриотизмге тәрбиелеу басым тұрады. А.Қ.Қазбекованың оқушылары – облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.   
       Оқырман  назарына Қазбекова Алмаш Қазбековна, ШҚО білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы» КММ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің «Мен салат жасаймын» тақырыбында өткен қазақтілі сабағын ұсынамын. 

***

Сабақтың такырыбы: «Мен салат жасаймын»

Сабақты өткізген:

Қазбекова Алмаш Қазбековна

Тақырыбы:

 

«Мен салат жасаймын»

1 А-сынып

Сабаққа қатысқан

Оқушылар саны:10

Сабаққа

қатыспаған оқушылар саны:0

 

1.2.4.1.Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.1.3.1 Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға  жауап беру, сәйкес    

илюстрация/суреттер /сызба таңдау. 

1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мығынасын түсіну.

Сабақ мақсаты

 

 

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар:

Көгөністерді атай алады, салат жасау үшін қандай  көгөністер қажет екенің айта алады, оларды көгөністер арасынан таңдай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, өз қалауы бойынша ерекше ас мәзірін (салат) жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Көгөніс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгелерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ

тың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың  басы

(5 минут)

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Балалар  шеңберге тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім:

-                    Балалар, шеңберге тұрайық.

-                    Сәлеметсіңдер ме балалар!

Оқушыларды топқа бөлу:

  «Шығыс базары» қойылымы 3-сыныптың  2 оқушысы саудагерлердің  рөлін атқарады. Саудагерлер өздерінін әкелген жемістерін сатып алуға ұсынады. Әр оқушы бір жемістен сатып алады.

Мұғалім: «Сен не сатып алдың?»

Оқушы: «Мен алма сатып алдым».

Мұғалім: «Балалар, біз не сатып алдық?», «Дұрыс балалар, «жемістер».

Топқа бөлу сатып алынған жемістер бойынша жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

көрініс

слайд-базар

 

 

Сабақтын ортасы

(24 минут)

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау:

Оқушылармен «Артықты алып таста» деген ойын ойнату.

Мұғалім:   

-Қазір біз «Артықты алып таста» деген ойын ойнаймыз. Бақшада не өспейді деп ойлайсыңдар ?

-                    Дұрыс балалар, жемістер артық.

-                    Балалар, кезектесіп шығып отырамыз (алма,   алмұрт,  жүзім, банан, шие, алхоры, шабдалы,  өрік, анар, апельсин).

-                    Бал алар, кезектесіп шығып отырайық .

-                    Қай  жеміс артық ?(Алма-жемісі артық...  )

-                    Ал біз әр оқушыны бағалап отырайық, дұрыс болса 2 рет шапалақтаймыз,      

дұрыс емес болса аяғымызбен  топылдатамыз.

-                    Сонымен балалар не қалды?

Оқушылар: - Овощи.

Мұғалім:    -Дұрыс, көгөністер қалыпты.

Сабақтың тақырыбын аңықтау

Мұғалім :  «Суретке қараймыз,  дастарқанда не бар?»

Оқушылар:  «Көгөністер».

Мұғалім:  «Әнел қандай сұрақ қойды?»

Слайд арқылы жауапты толықтыру.

Слайд

Сұрақ:                   Сен не жасайсың?

Жауап:                    ... салат.....

Мұғалім: «Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып не туралы?»

Оқушылар: «Сабақтың тақырыбы: «Мен салат жасаймын»

Сабақтың мақсатың аңықтау

Мұғалім: «Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, сабақта  біз не істейміз?»

Оқушылар: «Оқимыз, аударамыз, жаттаймыз, сөйлем құраймыз».

Мұғалім: «Иә, дұрыс және бүгін сабақта»

   білу                              Жаңа сөздерді

           үйрену                         Жаңа сөздерді  қолданамыз

 Жаңа сөздерді енгізу:

     Көгөністер-

     Қияр-

     Орамжапырақ-

     Қызанақ-

     Пияз-

     Сәбіз-

     Кәртоп-

Балалар кезектесіп оқиды, аударады. Мұғалім көгөністерді орысша айтады, оқушылар қазақшасын айтады.

Жаңа сөздерді бекіту: «Ыстық шеңбер» ойыны    

Мұғалім: «Қазір біз «Ыстық шеңбер» деген ойын ойнаймыз. Шеңбер бойынша жүгіресіңдер, музыка тоқталған сәтте, тез арада шеңберге тұру керек. Әр бала шеңбердегі суретті атап шығады. Ыстық шеңберде тұрған балаға басқа шеңберде тұрған 3-4 баланың жұмбағын шешу керек».

Сергіту сәті : «Көгөністер көп»

Күркірейді күн-күн,

Терезелер шың-шың,

Жаңбыр жауды топ-топ,

Көгөністері көп-көп.

Жұптық жұмыс: «Синквейн» әдісі

Мұғалім: «Қазір  біз жұппен жұмыс істейміз. Бұл таспсырмада, әр жұпқа парақ беріледі, парақтағы кестені бойынша толтырасыңдар. Сурет бойынша 1, 2 сөз қосып отырасыңдар.

Қандай? деген сұрақты пайдаланып отырамыз».

Берілген сөздер: қияр, орамжапырақ, қызанақ, пияз, сәбіз.

Синквейндерді бағалау: жұптардың жұмысын «Бес бармақ» әдісімен  бағалау.

Оқулықпен жұмыс:

(МК,Ұ) 1-тапсырма  216 бет, бойынша сөйлесумен  таныстыру (аудиодиск).

Мұғалім:

-Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру үшін, «Мен салат жасаймын» мәтінін аудиодискіден  мұқият тыңдап шығамыз.

-Ал енді сұрақтарға жауап берейік:

             - Әнел қандай сұрақ қойды?

             - Гауһар қалай жауап берді?

             -Ал Алмабек не деді?

Бекіту. Топтық жұмыс: «Аспазшылар» ойыны

Мұғалім: «2Бұл ойында әр топ  әр-түрлі салаттар әзірлейді. Жасаған салатқа атау қойып және салатқа не қосқандарыңды айтып шығасыңдар. Бір топ салатты мазмұндайды, екінші топ сұрақ қояды, үшінші топ жасаған салаттарын бағалап отырады».

Сұрақтар:

1.Сендер қандай салат жасадыңдыр?

2.Салатқа не керек?

3.Салат дайын ба?

Бағалау парағына смайл арқылы бағалау:

1.Салатты  атауы

 

2.Салатты мазмұндауы

 

 

 «Қарым-қатынас шеңбері» әдісі.Топтық жұмыс.

 Оқушылар  топ арасында бір-біріне «Сен қай көгөністі ұнатасың?» деген  сұрақ қойып отырады, белгілеп отырады. Топтың ішінен бір оқушы шығып, қай бала нені ұнатқаның айтып береді.

Мария

қияр

орамжапырақ

қызанақ

пияз

сәбіз

кәртоп

қызылша

Стас

қияр

орамжапырақ

қызанақ

пияз

сәбіз

кәртоп

қызылша

Марга-рита

қияр

орамжапырақ

қызанақ

пияз

сәбіз

кәртоп

қызылша

 

 

Бау-бақшадағы жеміс пен көгөністердің  суреттері.

 

 

 

 

Смайлдар.

 

 

 

 

 

 

 

Слайд. Оқулықтағы сурет, 216 бет

 

 

 

 

 

 

 

Кесте: білу,

үйрену

 

 

 

 

 

 

 

Слайд.

Жаңа сөздер

 

 

 

 

 

 

Шеңбер,

суреттер,

музыка

 

 

Музыка

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушыға жасалған парақтар.

 

 

 

 

Аудиодиск.

Оқулық.

Слайд.

 

 

 

 

Көгөністер,

қалпактар. Бағалау парағы.

Слайд.

 

Әр топқа кесте парағы.

Бағалау

(3 минут)

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың  өзін бағалауы  бойынша  қорытынды бағаны өзі қояды. Әр оқушы сабақ бойында  өзі бағалаған парақты ортаға шығып көрсетеді. Рефлексия «Алма ағашы»

 

Бағалау парағы

Қорытынды

лау

(3 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

-Ал енді сабақ аяқталды. Бағалау парақ бойынша нәтиже шығарайық.

Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, калай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны туралы ой пікірлерін білдіре алады.

Бағалау парағы