Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберліктерін шыңдау үстінде...

Мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберліктерін шыңдау үстінде...

РАЙЫМХАНОВА С.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің бас маманы

        2017 жылдың 27 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы, білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының тренері Р.С.Сейтказинаның модераторлығымен Аягөз ауданының «№1 жалпы білім беретін ОМ» КММ базасында  «Орта білім беру мазмұнын жаңарту - заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

        Дөңгелек үстелге қатысушылар Аягөз ауданының орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша оқып жатқан  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасын табысты іске асыру бойынша өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салып, қызу талқылап, белсенділік танытты. Шараға  Аягөз аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Б.М.Жақсыбаева қатысты.
        Шара пән мұғалімдерінің орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасуларына ықпалдасу және  кәсіби біліктіліктерін дамытуға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

        Дөңгелек үстелде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тренер Р.С.Сейтказина «Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында кәсіби дамуын жетілдіру» атты баяндама жасады. Баяндамасында қатысушыларға жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері, мұғалімдердің кәсіби дайындығы, оқытудың заманауи технологиялары, критериалды бағалаудың тиімді жолдары, оқулық құрылымы мен мазмұны, ондағы тапсырмаларды оқушыларға, бағдарламаның талаптарына сәйкес нақтылы өмірмен байланыстыра отырып орындау жайлы тоқталды.
        Мұғалімдер тарапынан тренерге және аудандық білім беру бөлімінің әдіскеріне сұрақтар қойылды. Мұғалімдерге оқытудың заманауи технологиялары, критериалды бағалаудың тиімді жолдары, оқулық құрылымы мен мазмұны туралы және тағы басқа сұрақтар бойынша толық мағлұмат берілді.
        Дөңгелек үстелге қатысушылар білім мазмұнын жаңарту аясында өз қоржындарын тәжірибелік ақпараттармен толықтырды. Жаңа форматты мұғалімдердің дайындығы жоғары дәрежеде екендігін байқатты.