Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Оқиғалар. Жаңалықтар

Білім мен ғылымдағы Халықаралық серіктестік: шақырулар мен трендтер / Международное партнерство в образовании и науке: вызовы и тренды

Г.Н.Ибраева.,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Қоғамдық байланыс және баспа» бөлімінің жетекші маманы

2017 жылдың  қыркүйек айының 12-14 күндері  Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Білім мен ғылымдағы Халықаралық серіктестік: шақырулар мен трендтер» тақырыбында Халықаралық ғылыми Конгресс өтуде.

Қазақстан-Американдық еркін  университеті  ашылу салтанатына  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысқан университеттердің бірі. ЖОО негізгі басым бағыттарының бірі – мамандарды даярлауда ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны жетілдіру болып табылады.

Подробнее...

Blended learning курсы басталды / Blended learning в действии

Г.Н.Ибраева.,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Қоғамдық байланыс және баспа» бөлімінің жетекші маманы

2017 жылдың 11 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Шағын жинақталған мектеп жағдайында инклюзивті білім беру – тең және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету факторы» атты Blended learning диалогтік  режиминдегі курсы басталды. Курс шағын жинақталған мектеп әдіскерлері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналып өткізіледі.  Курсқа  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары   Б.Б. Нугуманов, Р.Е.Нургалиев,  А.К.Оразбаева,  Ю.Е. Кукина жетекшілік жасауда.  

 

Подробнее...

70 жыл педагогикалық шеберліктің сапасы мен үздіксіздік шыңына өрлеу және ұмтылыс

 Мухамбетова Зауре Ерлановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің бас маманы

2018 жылдың 12 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 70 жылдық мерейтойына арналған «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру: тәжірибе және даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына ҚР, облыстың қоғам қайреткерлері; шетелдік қонақтар;  институттың ардагерлері, ШҚО білім беру мекемелерінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы Орсариев Арын Амангельдиевич; «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Самсаев Иса Мусаевич; педагогикалық ғылымдар докторы, профессор, Ресей Федерациясы Үкіметінің білім берудегі премиясының лауреаты,. Фроловская Марина Николаевна (Барнаул қ.); Новосібір педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының доценті, п.ғ.к. Мицук Ольга Владимировна және т.б.

Подробнее...