Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке дейінгі білім беру

Дәстүрден тыс бейнелеу тәсілдерін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Катпенова Гульжанат Абдргалиевна,  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың  аға оқытушысы

Мусаханова Алма Увалиевна,

 «Зәки Ахметов атындағы

 № 16 орта мектебі» КММ-нің  «Құлыншақ» шағын орталығы

«Балдырған» тобының тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Олар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, өнер туындысын, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру қажет. Әртүрлі авторлардың (Г.Б.Кибишова «Вдохновение» бағдарламасы, И.А.Лыкова «Методическое пособие для специалистов дошкольных образовательных учреждении», Т.Н.Доронова «Природа, искусство и изобразительная деятельность детей», Р.Г.Казакова «Изобразительная деятельность в детском саду» еңбектерімен таныса отырып,біз көптеген қызықты идеялар кездестірдік және алдымызға мынадай мақсат қойдық.

Подробнее...

Мектеп жасына дейінгі балалардың саусағын ойната отырып, ауыз әдебиеті арқылы тілін дамыту

Кунафина Л.М., «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі,  Курчатов қаласы

       «Бала қабілетінің қайнар көзі – оның саусақтарының  ұшында», – деп кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинский айтқандай, баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ал ол моториканы дамыту не үшін керек? Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек екен. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан екен. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп те атаған. Яғни, екі алақан мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың есте сақтау, ойлау, пайымдау, зейін салу,сөйлеу сияқты қабілеттерін жақсарта алады екенбіз.
      Баланың саусақтарындағы ұсақ моториканы дамытудың жолдары сан алуан. Мұны баланың жас мөлшеріне қарап таңдау керек. Саусақтарға жаттығу жасау, түрлі дақылдармен сурет салу, түймелерді тізу, мозайкаларды жинау, асық ойнау, саусақпен сурет салу, ермексаз, балшықтан түрлі бұйымдар жасау, түйме қадау, кесте тоқу, моншақ тізу, оригами, түрлі табиғи заттардан топырақ, жапырақ, ағаш, тас бұйымдар жасау. Саусаққа киетін қуыршақтармен және саусақтың көлеңкесімен ойнау.
      Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен сияқты түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Подробнее...

Білімді ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі

Сабитова  Зубайра Ануарбековна, «Балауса-Балғын » ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі, Тарбағатай ауданы

 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп» кешенімен ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында 19 білім беру ұйымдары қамтылған. Соның ішінде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «Балауса –Балғын» ясли- бақшасы» КМҚК базасында «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша «VALEO» зияткерлік- дамытушылық  орталығы 2016 жылдан жұмысын бастады. «Ой-ойна» ойын технологиясын іске асыруда оқу қызметтері балабақшаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес вариативті компонент негізінде күннің І–ші жартысында ұйымдастырылып келеді. Балабақшадан арнайы кабинет бөлініп, оның іші қатты және жұмсақ заттармен жабдықталды. Кабинетке интернет желісі орнатылған. Орталыққа балабақшадан педагогикалық кеңестің шешімімен 1 педагог жауапты қызметкер болып тағайындалды. «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша кабинеттегі білім беру ортасы физикалық тұрғыдан қауіпсіз және дамыту үшін эстетикалық түсіну, білуге құмарлық, танымдық және сенсорлық толығуына барлық жағдай жасалған, зияткерлік қабілеттерін және дамытуға жәрдемдесетіндей жағымды психологиялық климатқа құрылған. Вариативтік компонент бойынша 4 пен 6 жас аралығындағы 45 бала үш топтан қамтылған.

Подробнее...

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру арқылы субъектілік ұстанымдарын дамыту

 Оралханова Айгерім Оралханқызы,  «Ақ бота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері, Өскемен қаласы 

     Елімізге «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген еді.

Подробнее...