Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке дейінгі білім беру

Мектепалды даярлық сыныбында ойын технологиясы қолданудың тиімділігі

 Кудеринова Асем Маликовна, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ, Зайсан қаласы

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.  Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зердесін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Подробнее...

Менің елесімде - білікті тәрбиеші

Көшербаева Жанар Анесханқызы, «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» ММ, Жарма ауданы

ХХI ғасыр адамзат баласын ғылым мен техниканың өрлеу кеңістігінің куәсі етіп, өркениетті дамыған елдер қатарына көтерілудің арналары мен мақсаттарын айқындап беріп отыр. Осыған орай егеменді елімізде ғылым- білімнің өркендеуіне сай, әлемдік білім беру, тәрбиелеу кеңістігінен орын алу басты мақсаттарға айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек», деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс. Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу- тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болып келеді. Әдетте адам жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек,

Подробнее...

Африка шөліне саяхат

Амиргалиева Д.Ж., «Өскемен қаласы әкімдігінің №8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-нің тәрбиешісі

Білім беру саласы:  «Әлеумет», «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным»
Бөлімдері: кіріктірілген
Тақырыбы: «Африка шөліне саяхат» (Құм және оның қасиетімен іс-тәжірибе)
Мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға құм және оның қасиеттері жөнінде түсінік қалыптастыру
2. Дамытушылық мақсаты: Іс-тәжірибе жасау арқылы баланың танымдық белсенділігін дамыту. (Ой- қиялы, шығармашылық ойлауы, тілі, қол моторикасын дамыту) Ойнау арқылы шығармашылығын дамыту
3. Тәрбиелік мақсаты: Балалардың жұмыс үстінде өздерін  ұқыпты, тиянақты ұстауларын тәрбиелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Подробнее...

"Ғ" дыбысы және әрпі

Кипа Арайлым Кизаткызы, Қаратал орта мектебінің тәрбиешісі, Зайсан ауданы

Мектепалды даярлық тобы

0 "в" тобы

Күні

04.05.2018 ж

Тәрбиешінің аты-жөні:

Кипа Арайлым Кизаткызы

 

Барлығы - 18
Қатысқандар –18
Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жолдар бізді қайда бастайды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

"Ғ" дыбысы және әрпі

Оқу мақсаттары

"Ғ" дыбысы және әрпімен танысу. Ғ дыбысының сөздегі орны туралы түсінік беру, өткен дыбыстарды қосып оқуға үйрену. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Подробнее...

Көктем

Токтасынова Бейбитгуль Рамияновна, «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі, Зайсан ауданы

Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: Қатынас, таным,шығармашылық,әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: « Көктем»
Сабақ мақсаты:
1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.Балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға,берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
3. Құстарға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.

Подробнее...