Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке дейінгі білім беру

Қызықты аңдар мен жануарлар

Қытанов Талғат, «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп» КММ «Жауқазын» шағын орталығының дене тәрбиесінің нұсқаушысы 

Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
 
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қызықты аңдар мен жануарлар" . Дәстүрлі емес сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды дәстүрден тыс оқу қызметі арқылы жануарлардың қимылын ырғақ іс – әрекетін үйрету.
 Дамытушылық: Жаттығу,ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балаларды ептілікке шапшаңдыққа ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Подробнее...

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңыздылығы

 Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, «№ 13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі


Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеттері болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің ықпалы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, қарым-қатынастарымен танысады. Ойынды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру үшін ғана пайдаланбай, жас ерешеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған дұрыс.

Подробнее...

Тіл - достық кепілі (Тілдер күніне арналған ертеңгілік)

Ахбутина Алмагуль Таяновна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК қазақ тілінің оқытушысы.

1-жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-жүргізуші. Здравствуйте, дорогие гости, ребята! 

Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И всё потому, что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков.
1-жүргізуші. Жыл сайын 22 қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі.

Подробнее...

Қызықты ойындар

 Маутқанова Жаңылтай Кеңесбекқызы, №11 «Ертөстік» ясли-бақшасының 2-ші санатты тәрбиешісі, Семей қаласы 

«Ақылды балақай» этноклубынан көрініс
Мақсаты: Ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлдарға асықтарды көздеп атуға, иіре білуге және түстерін ажыратуды үйрету. Қыз балаларға  ұлттық бұйымдарды тани білуге, сақиналарды түстері бойынша ажыратып, ұлттық бұйымдарды атай білуге үйрету. Балаларды ойындарды ойната отырып тілін дамыту, саусақ қол маторикасын дамыту. Ұрпақ санасына елдік ұғымды ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі-түсті асықтар, сақиналар, қобдишалар, қоржындар, бейнетаспа, бесік, әуен.

Подробнее...

Мектепке дейінгі ұйымдарда экскурсияны ұйымдастыру жолдары

Сарсембекова Сана, «Ер-Таң1» шағын орталығының тәрбиешісі, Семей қаласы

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну – танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор. Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын-алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Подробнее...