Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - "Суретші және бояулар". 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік (ересектер және даярлық топтарға арналған)

"Суретші және бояулар". 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік (ересектер және даярлық топтарға арналған)

Бидахметова Эльвира Бекмухамбетовна, «№26 орта мектебі» КММ-нің «Солнышко» шағын орталығының музыкалық жетекшісі, Өскемен қаласы

Қатысушылар:
Суретші (үлкен адам)
Кащей түссіз (үлкен адам)
Көктем (үлкен адам)
Қатысушылыр (балалар): қызыл түс, тоқ сары түс, сары түс, жасыл түс, көгілдір түс, көк түс, күлгін түс.
Қажетті құралдар: палитра, қылқалам, қыздардың қолына өз түсіне сай дискілер 7 түрлі түс, шар қызыл түс, тоқ сары түс, сары түс, жасыл түс, көгілдір түс, көк түс, күлгін түс.
Ойындарға керек құралдар: туфли, моншақтар, шляпа,  алжапқыш, қалпақ, жеңқап, тәрелке, жемістер, орындық, үстел.
 
Балалар саппен кіреді де, жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты әжелер мен аналар! Сіздерді 8-Наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
1Бала:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
2Бала:
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргекте
Қорғасын оқтай балқытқан.
3Бала:
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
4Бала:
Сенен өскен балалар –
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
5Бала:
Әшекейлеп бақшамызды
Аналарды қарсы алдық
Мерекелік әнімізді
Ал, балалар бастайық.
Ән «Айналайын ақ мамам»
Ән айтып болған соң балалар орындарына отырады
 
Жүргізуші: Балалар жақында аналардың мерекесі ұмытқан жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ, ұмытқан жоқпыз.
Жүргізуші: Ал, сыйлық болады ма?
Балалар: Болады, болады.
Жүргізуші:Қандай сыйлық?
Балалар: Сүйікті аналар үшін,
Барлығы хормен: Әдемі суретті саламыз.
Бала:
Біздің сыйлық қарапайым емес,
Біз оны көктеммен бірге жасаймыз
Жылулық, күлкі мен қуаныш
Сұлулық біз сыйлаймыз
 
Жүргізуші: Ал,балалар ол суретті салу үшін біз көмекке көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен көктем кіреді
Көктем:
Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар, балақайлар
Келіп жеттім көктем мен
Шаттаныңдар, мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
 
Жүргізуші: Көктем, сенің бізге көмегің керек болып тұр. Біздің аналарға арналған сыйлығымыз жоқ. Біз әдемі сурет сыйлағымыз келеді. Не істесек болады?
Көктем: Әрине, көмектесемін. Әсем түстер сиқыры жадырап жайнат жерімді. Орман тоғай, нуымды. Құстар сайрап, ән салсын. Ағаштар, гүлдер бүр жарсын. Көктем келіп масайрап, балаларым қуансын!
«Кемпірқосақ» биі
көк,қызыл,сары,тоқ сары,күлгін, көгілдер, жасыл шарлар
 
Би билеп болған соң қыздар сахнада қалады
Бала:
Жердің жүзі дірілдеп
Жел дауылды сапырса.
Төсін бұлттың тілімдеп,
Көк жалындар атылса.
Көкте жасақ құрғандай
Кемпірқосақ тартылар.
Жақсылық күн туғандай,
Жайнап аспан жарқырар.
Бала:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл, жасылды
Кемпірқосақ асылды.
 
Қыздар орындарына отырады. Музыка әуенімен Кащей келеді.
Кащей:Бұл не шу менің орманымда? Мен көтеріңкі көңіл-күйді жақсы көрмеймін. Барлық жарқырағанды сұр түске айналдырамын. Орман, өріс, жылдың кез келген уақытында барлығы сұр түсті маған. Бояулар, барлық қарындаштар тығылулы тұр енді іздеңдер. Айналада барлығы сұр түске айналсын. Міне, сендерге әдемі сурет. Аналар мерекесі болмайды.
(сұр материалды алып көктемнің үстіне жабады.)
Жүргізуші: Балалар, қараңдар көктемнің бояулары жоғалып кетті?
Кащей: Мен гүлдердің хош иісін жоқ қылдым. (шүшкіреді). Көңілді ән айтып, би билеуге тыйым саламын. Мұны сендерге мен - Кащей Түссіз айтып тұрмын. (кетеді)
 
Жүргізуші:Балалар, енді не істейміз? Бояуларды қайдан табамыз?
Көктем: Балалар, мүмкін суретшіні шақырамыз. Суретші бояуларды лезде жинап береді.
Жүргізуші:Тамаша, ұсыныс. Қане суретшіні шақырайық.
 
Музыка әуенімен суретші келеді.
Суретші:Сәлем достар, міне мен. Таныдыңдар ма? Мен суретшімін.
Барлығыңызды Сегізінші Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бақыт, бейбітшілік шын жүректен тілеймін!
 
Жүргізуші:Суретші, мұнда түссіз кащей келді. Барлық бояуларды сиқырлап, аналарға арналған суретті ұрлап кетті.
 
Суретші:  Балалар, менің қолымдағы сиқырлы қылқалам. Қылқаламмен сиқырлы сөздерді айтсам болғаны, барлық бояуларға жан бітіп қайта менің палитрама жиналады.
Қане, менімен бірге сиқырлы сөздерді қайталап айтыңдар:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түсті – жандардыр!
Қараңыз! Менің палитрам жарқырайды.
 
Музыка әуенімен көк түспен көгілдір түс ортаға шығады.
Көк және көгілдір түстер (бірге):
Біз тату достармыз
Өте қажет түстерміз.
Көк:Мен–көк бояумын, достар.
Көгілдір:Ал, мен – көгілдір бояумын.
Суретшіге диск береді
 
Көгілдір:
Әдемі ең теңіз, сен бүгін,
Ақмаңдай, бәлкім ормандай...
Көгілдір көздің мөлдірін
Кесеге құйып қойғандай
Көк:
Айлар бойы жүзеді,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Теңізшілер кеп қалды.
«Теңізшілер» биі
 
Суретші палитраны көрсетіп)
Менің палитрамда көп түстер бар,
Мұнда қандай түс жоқ десеңші!
Ең жарқын және тамаша
Менің ойымша күлгін түс!
Музыка әуенімен билеп ортаға күлгін түс шығады.
 
Күлгін:
Күлгін түсте әдемі, көз тартады қарасаң
Үлкенге де кішіге, киіп алса жарасар
Суретшіге дискні береді
 
Жүргізуші:Қане, сұлулар, аналарың қалай жұмысқа жиналады, соны бізге көрсетіңіз. Аяқта туфли, мойында моншақ, ернін бояйды, сырға тағады. Тез киініп жұмысқа кетеді.
«Аналар жұмысқа қалай жиналады» ойыны
Ойын шарты: ортағы үстелдің үстіне  сырға, помада, моншақтар, шляпа қойылады. Екі қыз ортаға шығады әдеміленіп, сәнденеді.
 
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
Қараңыздар! Менің палитрам жарқырайды. Әжелерді мерекесімен құттықтайды
 
Ортаға тоқ сары түс шығады:
Дискні суретшіге береді
Міне, келдім достарым,
Мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?
Бүгінгі аналар мерекесі ғана емес,
Және әжелердің де мерекесі
Сүйікті әжелерді біз бүгін
8-наурыз күнімен құттықтаймыз
 
Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
 
«Айналайын» дегені
Жанға рахат береді,
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.
 
Ертегіге ол сенеді –
Күнде айтып береді.
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.
 
 Ән «Сағындым әже өзіңді»
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
 
Музыка әуенімен сары бояу шығады. Дискні суретшіге береді.
Сары түс:
Күн шапағатының нышаны,
Жарқыраған сары түспін.
 
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды нұрымыз.
Қайырлы таң күніміз!
«Күншуақтар» биі
 
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
 
Музыка әуенімен қызыл түс шығады
Қызыл түс:
Өте әдемі, қызыл түспін
Мақтанамын түсіммен
Асып-тасыған күшпін.
Сәнді сүйген адамдар,
Ойланбайақ мені таңдар,
Дискні суретшіге береді.
Ал, қазір сіздерге көңілді ойын ойнауды ұсынамын.
 
Әкелермен ойын «Аспазшы»
Ойын шарты: ортадаға екі орындықтың үстінде аспазшының жұмысқа киетін киімдері алжапқыш, қалпақ, жеңқап, қойылады. Үстелдің үстінде тәрелке мен жемістер қойылады. Берілген команда бойынша әкелер жұмыс киімін киіп, жемістерді әдемілеп турап тәрелкеге қоюы керек. Кім бірінші тапсырманы орындайды сол жеңіске жетеді.
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
 
Музыка әуенімен жасыл түс шығады.Дискні суретшіге береді.
Жасыл түс:
Бақшаның түсі – жасылмын,
Көктемнің сәнді түсімін.
Әр жанға жылулық сыйлаймын,
Әр түспен әдемі үйлесемін!
 
Жүргізуші: Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
 
 «Аналардың жүрегі» биі
 
Суретші: Ой, Суретші қарашы, біз барлық бояуларды жинаған сияқтымыз..
 
Музыка әуенімен Кащей Түссіз Кіреді әдемі киінген. Қолында гүл шоғы бар. Билейді.  Аналарға гүлдерін сыйлайды.
Жүргізуші: Балалар, қараңдар, біздің Кащей қандай әдемі болып кеткен.
Кащей: Рахмет, сендерге балалар. Енді ешкімнің мерекесін бүлдірмеймін. Барлық бояуларды жинағаны үшін суретшіге рахмет. Енді ғажайыптар жасайтын уақыт болды. Суретші бері кел көмектес (көктемді сахнаға шығарады. Суретші шығады екеуі сиқырлы сөздер айтады).
(Көктемнің үстіндегі сұр плащты шешеді.)
 
Суретші: Мен қылқаламмен ғажайыптар жасаймын. Қанекей, аналар барлығымыз көзімізді жұмайық. (аналар көздерін жұмады). Біраз уақыт тосайық. 
Балалар ортаға шығады қатар-қатарға тұрады, қолдарына дайындаған сыйлықтарын ұстап арттарына жасырып  тұрады.
 
Жүргізуші: Бір, екі, үш көздеріңді аш.
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек жоқ. Осы үш әріптен тұратын тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр.
Бала:
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
«Ай дидарлы анашым»әні
Суретші:Қараңыздар, аналарға сиқырлы бояулар қандай тамаша суреттер сыйлайды.
(суреттерін көрсетеді)
Жүргізуші: Міне осымен біздіңбүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге
Хормен: ҰЗАҚ ӨМІР, АШЫҚ АСПАН ТІЛЕЙМІЗ!
Балалар аналарына сыйлықтарын береді