Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Ойнайық та, ойлайық

Ойнайық та, ойлайық

Айтчанова Жанат Чаукеновна, «Шуақты Шұғыла» балабақшасы тәрбиешісі, Көкпекті ауданы

Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекет: Қарапайым математика.

Мақсаты: 1-ден 5 дейінгі сандарды тура және кері санау, костілдік компонент аркылы санау, дыбыс, сипау, ойлау, ойнау арқылы санау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, геометриялық пішіндерді атай білу және құрастырып сурет салу, сандар туралы жұмбақтар шешуіне қызығушылығын ояту.
Білімділік: Цифр мен таңба арқылы 1-5 санының қатарын ретімен, кері ауызша санау. Логикалық ойындар арқылы білім-біліктілігін артыру.
Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Жан-жақты ойлау қабілетімен сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Жұмбақтарды шешуіне қызығушылығын ояту. Ептілікке, ұқыптылыққа, бір-біріне деген достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер
Арайлып тан атты,
Алтын шапақ таратты.
Қонақтарға қуанып,

«Балдаурен» тобы.
Есігін кен ашты,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тақтамен жұмыс. 1-тапсырма1-5 санау.

2-тапсырма. 1-5 тура және кері санау.
3-тапсырма. Қостілдік компонент - орыс тілінде, ағылшын тілінде санату.
4-тапсырма. «Қай сан жоқ?».
5-тапсырма. «Қай сан жасырылған».
6-тапсырма. «Көрші сандарды ата».

Логикалық ойындар.
1 «Кубик рубик – Ойлан тап».
2 Санмен байланысты ертегілерді ата.
3 Жасырылған түймелерді,тесіктерді,сипау арқылы сана.
4 Дидактикалық үстел ойыны.

АКТ «Сан әні».

Жұмбақтар шешу

1.Бес бала, бес бешпет
Бірі киініп,бір шешкен(қолғап).

2. Екі батыр қазына іздейді,
Екі батыр жол өлшейді.(кол мен аяқ).

3. Екі пышақ бірлесіп
Кесіп, пішіп береді
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі.(қайшы)

4. Оң қолымда бес сарбаз
Сол қолымда бес сарбаз (10 саусақ)

5. Бірі үлкен,бірі кіші
Туысқан бірге бес кісі(бес саусақ)

6. Бір көзім тоқта дейді,бір көзім дайындал дейді,
Бір көзім жүр дейді (Бағдаршам)

7. Төрт бұрышты, бір ауызды (сандық)

Сергіту сәті
Он қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

Геометриялық пішіндерді атау
Психожаттығу – көздерімізді жұмып, денемізді бос ұстап, әуен арқылы қөз алдарына сурет елестету». Үй тұр, үйдің қасында шырша өсіп тұр, үйдің ойын алаңында карусель тұр, аспанда күн сәулесін төгіп тұр.

Дидактиқалық ойын. «Көңілді пішіндер» геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, елестеткен суретті құрастырайық. 

Қорытынды
Бүгін, міне, ойнадық,
Ойнадық та, ойладық.
Қандай тапсырма болса да,
Шешпей оны қоймадық.
Бүгін сабақ жаңаша,
Қалмадық біз оңаша.