Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Ойын технологиялары арқылы қазақ тілін өзге ұлт балаларын үйрету

Ойын технологиялары арқылы қазақ тілін өзге ұлт балаларын үйрету

Оспанова Гульнур Бакытбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№102 балабақша бөбекжайы» КМКҚ-нің қазақ тілі мұғалімі 

Тәрбие басы - тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу –тәрбие жүйесінің ең маңызды саласы болып саналады. Екінші сәбилік топтан бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі - балабақшада қалыптасады.
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылған.
Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсендi оқыту нысанына жатады.

 

Ойын технологиялары шығармашылық – іздестіру деңгейіндегі балалардың жұмыстарын ғана емес, қазақ тiлiн зерттеу бойынша күнделiктi қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемiнің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекiту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады.   

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.   

Ойын - бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын үстінде, баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.  Ойынның негізгі ерекшілігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті жалғыз ойнаған кезде де  сөйлеп отырып ойнайды.  Ойын процессінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Егер ойын, дұрыс ұйымдастырылса, ол балаға ықпал жасауға мүмкіндік береді. Балалардың өмірі мен оқу қызметін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір тиымсыз, бар жанымен ойынға кірісіп кетеді де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Бөбектер үшін оқу қызметі барысында көп нәрсені айта беру балаларды жалықтыратын жағдай екені анық. Осы орайда ойын үлгілерін пайдалана отырып сабақты жүргізу педагог қауім үшін өте тиімді әдіс. Ойын - оқу үрдесіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат.

Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.

Ойын арқылы өзге тілде сөйлейтін балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейінді дамиды, қызығушылығы артады.

Қазақ тілі сабақтарында сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, өңгімелесу, көрнекілік әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Әрине, балабақшада оқу-тәрбие жұмысында тілді үйретудің, үйренудің алуан тәсілдері мен әдістері бар. Мысалы: «Атын ата, көрсет, қайтала», «Үйде кім бар?», «Не жоқ?», «Ғажайып қоржын» сөздік ойынында балалар қоржындағы ойыншықты алып, қай ойыншықты алғанын айтып, сипаттайды. Мынау –қоян. Екі ұзын құлағы бар. Кішкентай құйрығы, екі көзі, төрт аяғы бар ақ қоян.

Сабақта балаларға тақпақ жаттатамын. Мысалы: «Балабақша» тақырыбын өткенде:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.

Көрнекілік әдісі-әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады. Сурет арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтырамын, сөйлем құрауға үйретемін. Мысалы: 1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс-аяқ», «Ойыншықтар» т.б.) 2.Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері») 3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды) 4. Не жоқ? (тақырыптар : «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.)

Қорыта келгенде, ойын-балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Түрлі ойындарды өткізу, әрине сабақты қызықты етеді. Ойын баланың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға үйретеді. Өзге тілде сөйлейтін балалар қысылмай, еркін тілдесуге әрекеттенеді, әдептілікке тәрбиелейді. Ойын арқылы қазақ тілді насихаттап, дұрыс сөйлеу, тіл дамытуда жетістіктерге жеткізер бір жолы.

Біздің міндетіміз – қазақ тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, қазақ тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым- балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.