Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңыздылығы

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңыздылығы

 Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, «№ 13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі


Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеттері болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің ықпалы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, қарым-қатынастарымен танысады. Ойынды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру үшін ғана пайдаланбай, жас ерешеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған дұрыс.


Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл-ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.
Дидактикалық ойынның мақсаты:
Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмалар арқылы қиындықсыз орындауға мүмкіндік беру;
Дидактикалық ойындар арқылы бүлдіршіндердің танымын қалыптастырып, ой-санасын дамыту, балалардың зейінін тұрақтандыру, есте сақтау, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіру, байқағыштығын арттыру, ойын үстінде баланың тілін, сөздік қорын дамытып, тиянақтау, пысықтау, тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып алған білімді тексеру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дидактикалық ойынның міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-санасын қалыптастыру;
Ойын арқылы баланың игерген білімдерін дамыту, қоршаған әлем туралы балалардың ұғымын кеңейту;
Ойын арқылы мақсат қоюын, өз әрекеттерін жоспарлау мен қорытынды шығаруын дамыту, қойылған сұрақтарға саналы түрде және дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
Ойын арқылы баланың тілін, сөздік қорын жетілдіру;
Ойын арқылы баланың қызығушылығын туғызу;
Ойын арқылы баланың белсенділігін арттыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Білім беру бағытын жүзеге асыруда дидактикалық ойындарды ұйымдастыру үшін педагог ең маңызды үш бағытпен жұмыс жүргізу керек.
1. Дидактикалық ойынға дайындық.
2. Дидактикалық ойынды өткізу.
3. Қорытындылау.
1.Дидактикалық ойындарды дайындап ұйымдастыруда мынандай талаптарды жүзеге асыру керек.
- тапсырмаларды оқып, білімді тереңдету, талғамын арттыру, психикалық үрдісін айқындату;
- бағдарлама мазмұны тәрбиеші мен балалардың жас ерешеліктеріне сай болуы керек;
- ыңғайлы уақытты айқындау;
- ойын өткізетін орындарды даярлау, кедергісіз, алаңсыз ойнау;
- ойынға қатысушылар санын анықтау;
- қажетті дидактикалық ойын материалдарын, ойындарды дайындау,
- тәрбиешінің дайындығы, ол ойын жүрісін, маңызын білуі, ойындағы тәрбиешінің рөлі, әдісін меңгеру;
- балаларды ойынға дайындау, білім деңгейін, заттар мен қоршаған орта ойын шартын меңгеруін қажет етеді.
2. Дидактикалық ойынды өткізуде, жүргізуде мынандай талаптар қойылады:
- балаларды ойын шартымен мазмұнымен, таныстыру, дидактикалық материалдармен, ойында қолданылатын заттармен таныстыру, қысқаша әңгіме жүргізу, сол арқылы балалардың деңгейін анықтау;
- ойын шартын, жүрісін түсіндіру арқылы педагог балалардың қабілетін, ойын шартының орындалуын анықтау;
- педагогтің ойын нәтижесін анықтауда, ойыншылардың білім сапасын, жанкүйерлердің қатысуына да мән беру керек. Ойынға қатыстыруда педагог ойыншыға кеңес беріп, сұрақ қою, есте сақтауына мән береді.
- ойын нәтижесі - оны жүргізудегі жауапкершілікті айқындаудың маңызды сәті.
Дидактикалық ойындарды қорытындылауда педагог қандай әдіс-тәсілдердің арқасында мақсатқа жеткенін анықтауды қажет етеді. Сол арқылы педагог өз жетістігін, кемшілігін айқындайды, келесіде болдырмауға тырысады.
Дидактикалық ойындар көмегімен балалар, білімдерін арттырады, педагогпен қатарлы тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста болады. Дидактикалық ойынның ұзақтығы маңызды. Егер де ойын ұзаққа созылса балаларды жалықтырып, егер қысқа болса ойын мазмұнын түсінбей қалады. Педагог ойынды ұйымдастырғанда көп іркілмей, анық, қысқа түсіндіру керек.
Педагог ойынның бастан аяқ жүрісін қадағалап отыруы қажет, сәтті кезеңдері мадақтап, балаларды қатысуға қызықтырып, өз күшіне деген сенімділігін арттырады.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйкені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің, шығармашылықтың бастауы деп білеміз.