Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін арттыру

Мектепке жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін арттыру

Ибраева Гүлназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру » кафедрасының аға оқытушысы

Кажиакперова Бакытгуль Есімханқызы, «Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебі» КММ, «Толағай» шағын орталығының тәрбиешісі, Ұлан ауданы

Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабылетпен тумайды. Танымдық әрекет – баланың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет – танымдық қажеттіктен, мақсат, танымдық және әрекетті орындаудың тәсіл амалдарынан тұрады. Танымдық іс-әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, танымдық іздемпаздық қалыптасады. Мектепке дейінгі баланың танымдық қабілеті өте жоғары, себебі балада білсем, көрсем деген құбылыс басым және де барлығын тез еске сақтайды. Психологтардың пайымдау бойынша мектепке дейінгі жас жеткіншекке ақылдылығын арттыру маңызды емес, баланың танымын  жас кезеңіне, жас ерекшелігіне  сай түсінікті етіп ұғындыру.

 

Үлкен өмірге бейімделуі үшін баланың танымдылық қабілеттерін жетелеу қажет. Танып-білу бала ұлғая қызығушылыққа ауысады, білсем деген ойлары ойын түрінде болады. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық өзгешелігі – қоршаған ортадағы жағдайларды эмоция арқылы қабылдайды, балада өзінің  «не, неге, не үшін?» деген сұраққа жауап алу кезінде затты көреді, дәмін татады, иіскейді, лақтырады, ұстап көреді. Балаға кішкентай кезінен танымын дұрыс бағыттап, бағдар беру, яғни баланы қыдырту, үй жануарларымен, өсімдіктермен, ұсақ жәндіктерді көрсету, табиғат құбылыстарын тамашалау – күзгі жапырақтар, күннің шуағы, кемпірқосақ, терезедегі аяздың өрнектері, бүршік  - осының барлығы танымдылығын нығайтады. Баланың танымын арттыратын ол өзі қойған сұрағына толық мардымды жауап алу, мультфилмдерді көру арқылы көптеген жаңа жауаптар, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар бала танымын толықтайтын – ойын.Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралының бірі. Ойын барысында мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен де өзара  қатынасы өзгереді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойынды өздері жалғыз емес басқа балалармен ойнағылары келеді, ойын барысында басқа баламен бөлісу, бірлесе ойнап, басқаның ойын тыңдау, өзінің керексіз әдеттерді тежеуге, татулыққа үйренеді.

Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас белсенділігі, әсіресе, кіші мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі балалардың (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б) қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Кіші мектеп жасындағы баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсеніқұмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсені үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықылас сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді жанындай сүйеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиетінің  қалыптасуына игі әсер етеді. Кіші мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында түрлі заттардың құбылыстардың мәніне ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді, балалардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетін дамытады. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қозғалыс ойындары балалардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады. Ойын балаларды жылдамдыққа, төзімдікке тәрбиелейді. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындары септігін тигізеді. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік–экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімділік  көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіледі, жеке белсенділігі мен танымдық артады. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Тәрбиелеудің және оқытудың басты түрі ойын болып табылады, яғни бұл баланың шынайы қалпы. Мысалы, қабылдауды дамытуға арналған ойындар: «Кілем дүкені», «Өзін ақтару», «Сиқырлы бояу езетін тақтайша», елестетуді дамыту үшін: «Сиқырлы жұмыртқа», «Болады-болмайды», «Сиқырлы орман», «Жазу (сурет салу)?», зейінді дамыту үшін: «Үздіксіз іздеу», «Түйме» және т.б. Оқу-дидактикалық ойынға бірінші талап, балалармен өткізілген, олар танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолданылған. Осы көзқараспен балаға ойынның  аса пайдалы, келесі талаптармен жауап қайтарады:

- баладағы қызығушылықтың өз бетімен қабілетінің тууы;

- өзінің қабілетін көрсету үшін балаға мүмкіндік беру;

- жарыстарға баланы еліктіру;

- дағды мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау;

- ойын арқылы жаңа білім қайнар көзі мен икем және дағдыны бала үшін қол жетерлік болуы;

- жетістік үшін еңбегі сіңген мақтау қағазын алу, онда сен қанша рет ойынды жеңгені туралы емес, онда қанша дағды, икем және жаңа білім алғаны туралы деманстрация.

Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге келтіреді.

 

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

 

 Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

 

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген.

 

Баланың әдепті, көргенді, қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналысына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.

Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік–жігер қасиетінің дамуына жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдермен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекетінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.

Әдебиеттер тізімі

  1. «Бала мен балабақша»- № 2,3,10 .2013
  2. «Балапан» журналы - № 4,8. 2014
  3. «Ұстаздық етке жалықпас» - Алматы.Үш қиян , 2003
  4.  Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.  - М., 1986.-143с.