Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - «Айгөлек» ортаңғы тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

«Айгөлек» ортаңғы тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Қайырбаева Айдана Мемлетханқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Білім беру саласы/ Образовательная область: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: Жаратылыстану

Кіріктіру/Интеграция: Коммуникация (сөйлеуді дамыту); Таным (Қарапайым математикалық үғымдарды қалыптастыру)

Тақырыбы/ Тема: Ойындар әлемі

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. Үй және жабайы жануарлар, үй құстары, олардың сыртқы келбеті, қоректенуі туралы білімдерін бекіту. Жәндіктер мен бауырмен жорғалаушылар туралы қарапайым түсінік беруді жетілдіру. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атауға үйретуді жалғастыру. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Ағаштар мен гүлдің бөліктерін атай білу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға, табиғатта өзін- өзі ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал:

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: қыс- зима- winter, көктем- весна- spring, жаз- лето- summer, күз- осень- autumn, шырша – елка – christmas tree, емен – дуб – oak, фикус- ficus, алоэ- aloe

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды,

Қайырлы күн апайлар,

Қайырлы күн достарым!

Келген қонақтармен үш тілде амандасу.

Сәлеметсіз бе? – Здравствуйте – Good morning

Тосын сәт:

Бір дыбыс естіледі. Ойындар әлемінен хат келеді.

Хатты ашып оқу үшін жұмбақтарды шешіп алу керек екен.

Жұмбақтар:

1.Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады?

(Қыс)

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы айтыңдар

Тілдің үштұғырлығы: қыс- зима- winter

2.Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.    

(Көктем)

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы айтыңдар

Тілдің үштұғырлығы: Көктем- весна- spring

3.Қойының толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек куып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.

(Жаз)

Тілдің үштұғырлығы: Жаз- лето- summer

-Жаз мезгілінің ерекшеліктері туралы айтыңдар

4.Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

(Күз)

Тілдің үштұғырлығы: Күз- осень- autumn

-Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы айтыңдар

-Енді хатты ашып оқуға болады.

Хат: Сәлем балалар, бұл ойындар әлемінен. Сендерді ойындар әлеміне қонаққа шақырамын. Бұл елде әр түрлі ойындар көп. Барлықтарыңды ойын ойнауға шақырамын. Сәлеммен: Білімпаздар еліндегі достарың.

-Олай болса, біз «Білімпаздар еліне» барамыз. Білімпаздар еліне қандай көлікпен барамыз? Бәріміз толығымен сыятын қандай көлік бар? Жақсы, олай болса автобуспен баруды ұсынамын. Автобусқа отыру үшін бізге билеттер қажет. Билеттер геометриялық пішіндер болады. (Балалар әр түрлі пішіндерді алады, автобус бейнесінде тұрған орындықта көрсетілген пішін бойынша отырады)
Көңілді, әрі тез бару үшін ән айтып барамыз: «Саяхат»

ІІ.Негізгі бөлім:

Қолындағы билеттері, пішіндері (шаршы, дөңгелек) бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-тапсырма: «Сурет құрастыру» (топтық)

Мақсаты: Ағаштар мен гүлдің бөліктерін атай білу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тілдің үштұғырлығы: шырша – елка – christmas tree, емен – дуб – oak, фикус- ficus, алоэ- aloe

2 тапсырма: «Артығын тап» (жеке)

Мақсаты: Жәндіктер мен бауырмен жорғалаушылар туралы қарапайым түсінік беруді жетілдіру.

Шарты: Суреттен бауырмен жорғалаушыны, жәндіктерді топтастырып, артық суретті тауып қоршайды.

3 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат»

Мақсаты: Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Шарты: Тақтада екі түрлі түс (жасыл, қызыл) ілініп тұрады. Балалар өлі табиғатқа жататын суретті қызылға, тірі табиғатқа жататын суретті жасылға жабыстырады.

Сергіту сәті:

4 тапсырма: «Сипаттап бер» (ТРИЗ технологиясы бойынша)

Мақсаты: Үй және жабайы жануарлар, үй құстары, олардың сыртқы келбеті, қоректенуі туралы білімдерін бекіту.

5 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Болады- болмайды»

Мақсаты: Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға, табиғатта өзін- өзі ұстауға тәрбиелеу.

Шарты: Балалар жақсы әрекет бейнеленген суретті жасыл түсті қалтаға, жаман әрекетті суреттерді қызыл түсті қалтаға салады.

Енді біз тапсырмаларды толығымен орындап болдық. Ойындар әлеміндегі достарың сендерге рақмет айтып, алғыстарын білдіріп жатыр.

Автобуспен топқа қайту.

ІІІ.Қорытынды бөлім: Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

Берілген тапсырмаларды қиналмай орындаған балалар көңілді смайликті, ал тапсырма орындау барысында қиналған балалар көңілсіз смайликті таңдап алсын.

Таңдап алынған смайликтерге байланысты сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Тірі және өлі табиғат құбылыстары, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер, үй және жабайы жануарлар, үй құстары, олардың сыртқы келбеті, қоректенуі туралы біледі. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, геометриялық пішіндерді таниды және атай алады.

Түсінуге тиіс / Иметь: Жәндіктер мен бауырмен жорғалаушылар туралы, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануды

Істей білу керек / Уметь: сұраққа толық және нақты жауап береді, берілген тапсырмаларды орындайды.