Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Курс тыңдаушыларының пікірінен

Жаңа форматтағы курс бізге нені үйретті?

Тауданбекова Г.,  "Жамбыл орта мектебі"  КММ-нің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Катонқарағай ауданы, Жамбыл  ауылы  

         Ұстаз – жүректің жылылығын, мейірімнің шуағын, адамгершіліктің ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Ұстаз қандай болу керек? - деген сұраққа өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, ұстаз -білімді, бала жанын түсіне алатын, әділ, еңбекқор және үздіксіз ізденіс үстінде бола алатын жан деп ойлаймын. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен өзіңді - өзің танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуің керек. Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті.

Подробнее...

Жаңаша оқыту – заман талабы

СЕРИКБАЕВА М.Ш., «№21 ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі,

КОНАЕВА С.Б.,  «№31 ЖОББМ»  КММ-нің қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы   

       Әлем жылдам өзгеруде. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деп, қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму, әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін талап етуде.
       Бәсекеге қабілетті ел қатарында болу үшін оқушылардың білімі мен білігіне назар аударып, сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке баса назар аудару ұстаздардың басты міндеті деп білеміз. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткен курс осы тұрғыдан келгенде өте маңызды курс  екеніне күмәніміз жоқ.

Подробнее...

Жаңартылған білім беру мазмұнының берері мол

КЕМЕШЕВА Л.О.,
Күршім ауданының мәслихат депутаты,
№1 Теректі орта мектебінің директоры міндетін атқарушы

      Қай елдің болсын қанат жайып гүлденуі, дамыған елдердің арасында орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, бағытына тікелей байланысты.
        Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы іске асырылуда. Оның өзі кезең-кезеңмен жүретін үздіксіз процесс. Сондықтан да бастауыш сынып – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше қайталанбайтын кезең. Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген.
        Қазіргі заман білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңі. Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыратын - бастауыш сынып мұғалімі. Өткен жылдан бастап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ-дың ұйымдастыруымен Күршім ауданында бастауыш сынып ұстаздарына арналған «Оқытудың жаңа форматы» атты біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Курстан мұғалімдеріміз білім қорымен және тәжірибелік дағдылармен оралуда.

Подробнее...

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

АЗИМБАЕВ Н.,
Аягөз аудандық білім бөлімінің бастығы, Аягөз ауданы  

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – еліміздің алдына әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру міндетін қойды. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Қоғамда азаматтар тек қана білім алып қоймай, ең маңыздысы – сол алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Сол үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырған жөн.
        2016-2017 оқу жылынан бастап білім беру саласы жаңартылған білім беру бағдарламасына көшірілді. Қазір осы бағытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мұғалімдерді жан-жақты даярлау үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп, бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылуда.

         «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Аягөз қаласында 2017 жылдың 27 ақпаны-17 наурыз аралығында 33 ұстазды қамтыған, біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курс жетекшісі – «ТТжӘ» кафедрасының аға оқытушысы Жанузакова Н.А. өзінің білікті маман және талабы мен талғамы өте жоғары маман екендігін көрсете білді.
        Жаңа бағдарламаның мақсаты – бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру мазмұныны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Осы мақсатты меңгеру үшін тренер курс тыңдаушыларына сабақты модельдеу арқылы бағдарламаның материалдарын өз тәжірибесінде сынау, ой елегінен өткізу, рефлексия жасау, оқушыларға қолдау көрсетуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар әзірлеуді үйретті. Түрлі қызықты тренингтер барысында практикалық зерттеулер, ықшам сабақтар беру, дәлелдеулер жүргізіліп, бағдарламаның тиімді жақтарын меңгертті. Бағдарлама құрылымы, мазмұны мен мақсаты, педагогикалық әдіс-тәсілдері егжей-тегжей талданды.

Подробнее...

Білім мазмұнын жаңарту – ұстаз қолында

Курс тыңдаушылары –Ұлан ауданының бастауыш сынып мұғалімдерінің пікірінен:

     
  
2017 жылдың 30 қаңтар-17 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.       Курс барысында 2017 жылдың 1-ші қыркүйегінде 1-сыныпты қабылдайтын Ұлан ауданының 4-сынып мұғалімдері өз жұмыстарын білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдады.      

Подробнее...