Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Курс тыңдаушыларының пікірінен

Мұғалімнің кәсіби жетілуі – мектеп дамуының кепілі

 Өтемісова Қайныш Шонатқызы,  «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, Үржар ауданы

    Наурыздың 14 күні Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылындағы «Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ- нде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша біліктілікті арттыру институтының тренері Омарбекова Майра Көкенқызы педагогикалық ұжымда «Мұғалімнің кәсіби жетілуі – мектеп дамуының кепілі» тақырыбында корпоративтік семинар өткізді.

Подробнее...

Біліктілікті арттыру - жетістікке апаратын жол

Ченваева Зарина Кайратовна, «Алва ҚКО» ЖШС «Золотой ключик» жеке меншік балабақшасының қазақ тілінің оқытушысы, Зырян ауданы

    Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, білімнің сар даласында өз жемісін егуге жалықпайтын бағбан іспеттес болу керек деп есептеймін.
    Сонымен қатар ол заман талабына сай педагогика-психологиялық тұрғыда сауатты, білім берудің жаңа үлгілерін жан-жақты меңгерген, өз мамандығының шебері болуы да керек. Міне осы міндеттердің барлығын алып жүру үшін, мұғалім үнемі өз біліктілігін шыңдап, ізденіс пен білім алу жолында тынбай еңбек ету керек.

Подробнее...

Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы

Қ.Тлеубек,  «№ 19 ЖОББМ» КММ-нің  ағылшын тілі пәні мұғалімі, Семей қаласы  

        Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтімізде арнайы курсқа баруымыз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.
        22-ші мамырдан бастап 16 маусымға дейін біздің Семей қаласында ШҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» атты төрт апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті. 
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Подробнее...

Біліктілікті арттыру курстарының берері көп

 Тұрғанбаева А.К., Ақжар ауылының «Балауса-Балғын» ясли-бақшасының тәрбиешісі, курс тыңдаушысы

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегідей Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» деген болатын.
     Қазақстандағы қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие білім беру жүйесі қоғамның қажеттілігіне сәйкеc сұраныс есебінен құрылып, заман талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
    Осы орайда 2017 жылы 30 қазаннан 03 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы  Ақжар ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерімен «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» атты тақырыбында білім жетілдіру курсы өтті.

Подробнее...

Заманауи ұстаз қандай болуы керек?

Б. Сагатбаева,  «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ-нің математика пәнінің   мұғалімі, Риддер қаласы

        Ұстаз болу- жүректің асылдығы. Ұстаз білім шырағын сөндірмей лаулата беретін керемет өнер иесі. Менің өмірге келіп, тәй-тәй қадам басып, өмір есігін имене аттаған сәттерімнен бастап, тағдырдың маңдайына жазғаны ұрпақ тәрбиелеу болса керек. Балалық шағымның бал күндерімен бірге, бойжеткендік алыс армандар мені сонау 1980 жылдары Өскемен Педагогикалық институтының «математика пәні мұғалімі»  бөліміне жетелеген еді. Саналы түрде жасаған қадамым мені мектеп деген алып айдынымен кездестірді.  Мен мектеп айдынының кемесіне отырып алып, толқынға қарсы жүздім. Өмірімде жасаған әрбір қадамым мені мықты болуға  тәрбиеледі.

Подробнее...