Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мектепке дейінгі білім берудегі жаңартулар

Мектепке дейінгі білім берудегі жаңартулар

Малика Абдуалиева, курс тыңдаушысы

    «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық педагогикалық аспектілері» тақырыбында «Өрлеу» орталығының қысқамерзімді 04-08 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курсынан«№15 «Рахат» балабақшасында 24 тыңдаушы өттік.

      Курсты педагогика ғылымдарының кандидаты Нуртазина Еркежан Муратовна жүргізді. Курс аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың педагогтары дәріс алды. Бұл курстың бізге берері өте көп. Мектепке дейінгі педагогтардың шығармашылық қабілетін, жаңашылдығын іс-жүзінде кәсіби өсуіне қосар үлесі көп. Білім беру жүйесінің мақсаты - тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Бұл мақсатта педагогтардың білімін көтерумен тығыз байланысты.

    Курстың тиімділігі шығармашылық ізденістерін шыңдауға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, іс-тәжірибемен бөлісуге бағытталады. Курс барысында лекция, оқу-іс әрекетінің тәжірбиеге бағдарланған жаңартылған үлгілері, жоба қорғау, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Курс аясында және курс аралық, курстан кейінгі кезеңде кері байланыстың әртүрлі формалары кеңінен қолданылды. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруде жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық педагогикалық аспектілерін қолдану мәселелерінің өзектілігі меңгерілді.