Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім - болашақтың кепілі

Жаңартылған білім - болашақтың кепілі

Аукашев Даурен Саясатович, «№38ЖОББМЛ»КММ,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Семей қаласы
Кожаханова Гульнара Шарипкановна , «№2 ЖОББМ»КММ,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Семей қаласы

   Семей қаласының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ ұйымдастыруымен тренер Сейтказина Рысгуль Сейтбекқызы орыс тілді мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиет»пәні мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын өткізді.
   Курс барысында білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

    Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы  - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану.
    Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап ,критериалдық бағалау енді. Критериалды бағалауда оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі 2 тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалдық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып,ғылыммен айналасуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады.
    Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып,оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқталған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
   Кіріктірілгенбілім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиырщық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойы бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделенеді.
   «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады», - деп К.Д.Ушинский айтқан екен. Сол білімімізді көтеру жолында бізге жаңартылған білім берудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы тиянақты да, сапалы білім берген тренеріміз Рысгуль Сейтбекқызына курс тыңдаушыларының атынан зор алғыс білдіреміз. Болашақ кемел Қазақстанның жаңаша білім беретін ұстаздарының білімін жетілдіру жолындағы үлкен жұмысты абыроймен атқарып жүрген Рысгуль Сейтбекқызына шығармашылық табыс тілейміз.
   Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді, жаңашыл мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.