Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы

Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы

Қ.Тлеубек,  «№ 19 ЖОББМ» КММ-нің  ағылшын тілі пәні мұғалімі, Семей қаласы  

        Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтімізде арнайы курсқа баруымыз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.
        22-ші мамырдан бастап 16 маусымға дейін біздің Семей қаласында ШҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» атты төрт апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті. 
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.


        Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5].
        Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім.
        Қазіргі таңда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту мәселесінің маңыздылығы арта түскені айқын. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, түлектеріміз әлемнің қалаған оқу орнына түсіп, өмірлік білімін жалғастыру – білім беру процесінің негізі болып табылады.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және әлемдік кеңістік тілі - ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Үш тілді оқыту және барлық пәндерді оқыту барысында үштілдік саясатты әр сабақта ұстану оқушылардың «ғылыми тілін», коммуникативтік дағдаларын дамытады.
        ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.Қазіргі балалар АКТ-ны жастайынан қолданады, бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. Заман талабына сай оқушы бойында сындарлы ойлау және АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, әртүрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ пәні енгізіледі.
        Бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа «жаратылыстану» пәні енгізіледі. Бұл пәннің бағдарламасы оқушыларды жоғары сыныптарда биология, физика, химия саласында одан әрі оқуға да дайындайды.
Окыту барысында вербалды емес дағдыларды қалыптастыру өте маңызды. Бұл оқушының кеңістікті бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән, музыка тағы басқа), эмоциялық әсерлердің, дағды, әдет, бейсана құбылыстардың жұмысын, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы: баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады, жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады.
        Кіріктірілген білім беру бағдарламасында тіл пәндерінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым – жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні – баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.        Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.

2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.

3. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.

4. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

5. ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.

6.«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.