Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жанартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту маңыздылығы

Жанартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту маңыздылығы

Сахитова Кенжегуль Слямжановна, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің жоғарғы санатты ағылшын тілі мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Осы жаңартылған бағдарлама Қазақстан Республикасының бірінші Елбасы болған  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың 2050 – стратегиаясы төңірегінде: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтар негізінде: «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуге тиіс, олардың оқыту нәтижесінде білім алушылардың сындарлы ойлауын, өзіндік ізденісі мен ақпаратты терең талдауын игеруі тиіс», — делінген.

 

Осы талаптарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы өзгерістер аясында қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде оқыту оқу бағдарламасында енгізіліп отыр. Яғни бұл өзгерістер білім алушыларға ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, білім алу жүйесінде жан-жақты оқытуды заман, уақыт талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгерген білім алушыларды талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында, білім беру жүйесінің жаңа сатыға көтерілуі қажет етіледі. Сондықтан да жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану маңызды болып тұр.

Халықаралық білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жанартылған бағдарлама енгізілуде. Жанартылған оқу бағдарламасы бірінші елбасы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқаулығымен білім беру жүйесін жанарту мәселесі аймағында қолға алынып отыр. Осы нұсқаулық негізінде барлық аймақтардағы мектеп мұғалімдерін жанартылған бағдарлама аясында оқыту жүргізілуде.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыс орталығы, Өскемен қаласындағы «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының ШҚО Филиалы, «Педагогикалық шеберлік орталығында» ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын қалада және аудан орталықтарында жыл сайын өткізуде. Биылғы жылы13-мамырдан, 7-маусымға дейін біздің Тарбағатай ауданында «Жаңартылғанбілім беру бағдарламасы» аясында ағылшын тілі мұғалімдеріноқыту бағдарлама курсы бойынша ауданымыздың әр мектептерінен келген 30 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда. Тренеріміз: білетіні мол,білікті,үйретері көп «Инновациялық және ақпараттық технологиялар»кафедрасының аға оқытушысы Сайлыбаева Айгуль Сағынғановна.

Курстың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, бастауыш және орта буын, жоғарғы сыныптарында ағылшын тілі бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде.

Осы курс бағдарламасын біздер, тыңдаушылар ағылшын тілі пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша тренерімізден дәріс-тренингтерді тыңдап, көптеген оқу стратегияларымен танысып, тілді үйретудің әдіс-тәсілдері мен тәжірибе алмасып, және де оқушылардың алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білудің қыр-сырын үйреніп, бір бірімізбен тәжірибе алмасудамыз. Тәжірибие алмасу барысында, ой түйетін маңызды сәттеріміз көп: оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастырудамыз, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсуде. Бұл курстан алған мәліметтеріміз қоржынымызда «қомақты» деп айтсам артық болмас.

«…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады», - деген гой, міне біз де осы курс барысында заман талабына сай ағылшын тілі пәнін оқыту бойынша шәкірттерімізді шабыттандыратын курстан біліп, үйренген әдіс-тәсілдерімізді болашақта қолданамыз. Курс ұстаздарға жаңа идея, терең ойлануға, ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарын айқындап беретіні анық.

Осындай ұстаздардын біліктілігін арттыру үшін ұйымдастарып жатқан « Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының ШҚО Филиалы орталығына алғысымыз шексіз.