Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңаша оқытудың білім сапасын арттыруда тиімділігі

Жаңаша оқытудың білім сапасын арттыруда тиімділігі

Узбекова Маржангуль Касымбаевна, №19 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы

Біз, қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері, 2019 жылдың 26 наурызынан 19 сәуірге дейін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттік. Курс Семей қаласындағы № 17 ЖОББ мектеп базасында өтті. Курсты өткізуші тренеріміз Сейтказина Рыскүл Сейтбекқызы өзінің шеберлігімен, жоғары білімімен, талапшылдығымен бірінші күннен–ақ бізді баурап алды десек болады. Курстан өту кезінде жаңартылған білім беру мазмұнының қаншалықты тиімді екеніне көзіміз жетті.

Курста қолданылған барлық әдіс-тәсілдерді өзіміздің өн бойымыздан өткізу арқылы, жаңаша оқытудың білім сапасын арттыруда тиімділігін мойындадық. Сонымен қатар,жаңартылған білім беру мазмұны спиральді қағидатқа негізделгенін,яғни,оқушының білім алу үрдісі 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздіксіз байланыста болып, толысып отыратынын білдік. Курс негізінде тапсырмаларды орындау барысында көптеген қиындықтар мен кедергілерге кездестік. Атап айтсам, оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарын шығару, мақсат бойынша саралау тапсырмаларын құру, бағалау критерийлерін дұрыс жасау, мақсатқа сәйкес тапсырмалар, оларға дескриптор құру және оқушының жас ерекшеліктеріне сай қалыптастырушы бағалау таңдап алу. Бірақ бұл қиындықтарды да әріптестер мен тренердің көмегімен жеңе білдік десек болады. Төрт дағдыны оқушының бойында қалыптастыруда әр дағдының өзінің әдіс- тәсілдері бар екеніне көз жеткіздік (тыңдалымды модельдеу, оқылым алды тапсырмалары, оқушыны жазылымға әкелу жолдары). Осы дағдыларды қалыптастыруда әр түрлі белсенді оқу әдістерін (“Балық қаңқасы”, ”Себеп - салдар диаграммасы”, “Аяқталмаған сөйлем” “Джигсо”, “БББ кестесі”, “Блум түймедағы”, “Броундық қозғалыс” т.б ) орынды қолдануды үйрендік. Қалыптастырушы бағалау оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болғандықтан, ҚБ- ды әр тапсырмадан соң және оқушының жас ерекшелігіне сай қолдану керектігін ескеріп,бағалаудың “Қос қалам ” әдісі, “3-2-1 ” әдісі, “ Жетістік баспалдағы”, “Авигатор ” тағы басқа түрлерін қолдануға болатынын меңгердік.

Әрине, «білгеніміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз» демекші, қысқа уақыт ішінде бәрін білдім, толдым деу артық. Дегенмен, болашақта әріптестердің және тренердің кері байланысын ескере отырып, сабақты жоспарлау тәжірибесін одан әрі дамыта отырып, кездескен қиындықтарды шешудің тиімді жолдарын қарастырып, өз сабақтарымызда оқу мақсаттарына сай әдіс-тәсілдерді қолданамыз дегім келеді.

Курсты ұйымдастырушыларға және тренеріміз Сейтказина Рысгуль Сейтбекқызына алғысымыз шексіз!