Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңа заман - жаңартылған бағдарлама

Жаңа заман - жаңартылған бағдарлама

Байшуакова Бекзат Калымхановна, «№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы

Халық даналығында: «Заманың түлкі болса, тазы болып қу» деген сөз дәл қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған кезге айтылғандай. Қоғамда болып жатқан өзгеріске сәл ілеспесең, бәрінен құр қалғандай боласың. Ал білім саласы , менің ойымша, артта қалуды кешірмейтін сала.

 

Жаңа заман - жаңартылған бағдарлама. Өз заманымның педагогы ретінде осы жаңартылған оқу бағдарламасын меңгеруде осы бағдарламаның қыры мен сырын ұғындырып,жетекшілік жасаған ШҚО «Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру институтының академиялық бөлімінің жетекшісі Сеитказина Рыскуль Сеитбековнаның ерекше еңбегін, талапшыл мінезін атап айтқым келеді. Өз салама байланысты көп дүниені көрдім, үйрендім, білдім. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім берудің мақсаты- кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады . Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральдік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған сабақтың тиімді өтуіне тың әдіс-тәсілдер оқушы бойында қажетті төрт дағдыны(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі критериалды бағалау жүйесімен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіліп,оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп оытурға мүмкіндік береді. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.. Заманға лайықты тұлға шығару үшін мұғалімнің өзі жаңалыққа жаны құмар , ізденімпаз, терең ойлы болуы керек.

Оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға негізделген.Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі оқу бағдарламасында мақсаттарды тікелей жүзеге асыруға сабақ мақсаттары құрылады. Ұстаздың шығармашылық қабілеті,жаңашылдық әрекеттері ,біліктілігі педагогикалық кәсіби білімімен сәйкестенеді. Ықшам сабақтарды құрастыра отырып, заман өзгерісіне қарай жаңартылған дүниеден құр қалмау-әр заманауи адамның міндеті. Осы тұрғыда педагогикалық саладағы соңғы жылдардағы жаңалық – білім саласын түбегейлі өзгерту, яғни жаңатылған оқу бағдарламасының енгізілуі Бұл курсты оқып, жаңартылған білім берудің қажеттілігін терең түсіндім. Осы курстан білгенім, көкейге түйгенім –жаңашылдық ғана өз-өзіне тұра алатын, өз ісі үшін емін-еркін өз ойын терең жеткізе білетін тұлға қалыптастыратындығына көзім жетті.