Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім мазмұны аясында

Жаңартылған білім мазмұны аясында

Танатарова Данагуль Толендиевна, «№ 49 ЖОББМ» КММ-нің мұғалімі, Семей қаласы

Мемлекет болашағының кепілі - жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

 

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. 11 ақпаннан – 7 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Семей қаласында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне жаңартылған бағдарлама бойынша курcта білімдерін жетілдіру жүзеге асырылды. Курс бағдарламасының мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курсқа алғаш келген күннен бастап, алаңдатып жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнындағы ерекшеліктермен, өзгерістермен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.

Ұстаздармен бірінші күннен тіл табысып, әр дәрісін шеберлікпен, біліктілікпен өткізе білген Жұпар Сақанқызы турал айтып өткім келеді. «Жақсы адам ғана жақсы жетекші бола алады»,- деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте мейірімді, білімді, әділ де алғыр басшы бола білді. Жұпар Сақанқызы өзінің өте білімділігімен қатар өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл маман екендігін көрсете отырып, алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра ұштастырып, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушыға жетік меңгерте алды. Әр күн жаңалықтарға толы болып, курс тыңдаушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы, АКТ әлеуеті жайлы пікір алмасып және жоғары сапалы білім беруді қолжетімді ету үшін ақпараттық-білімдік ресурстарының қазіргі жағдайын талдадық. Курс тыңдаушылары арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы ықшамсабақтар бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастықтың орнауына, ұстаздардың көзқарасының өзгеріп, жаңа инновациялық мүмкіндіктерді пайдалануға деген талпыныстарын күшейтті.

Біліктіліктерін арттырған ұстаздардың «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына және Жұпар Сақанқызына деген алғыстары шексіз. Қазіргі күні «Өрлеу» ұлттық орталығының филиалы өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындап келеді дей аламыз.

«Іздеген жетер мұратқа» сөзін басшылыққа ала отырып алған білімімізді тәжірибеде тиімді қолданамыз деп сенеміз.