Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Біліктілікті арттыру – «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі

Біліктілікті арттыру – «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі

Біліктілікті арттыру – «Өмір бойы білім алу»

идеясының негізгі тетігі

  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»

Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформасына түрлі жаңалықтар енгізілуде, жаңашыл, заманауи жобалар жасалуда. Солардың бірі – «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» аясындағы жаңартылған білім беру жобасы. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс – тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс – тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Осы мақсатта 2019 жылдың 15 сәуірінен 26 сәуіріне дейін биология пәнінен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» бойынша курстан өттік. Курс тақырыбының өзектілігі қазіргі білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді.

Курс тренері Жаксылыкова Гульмира Идиришевна  Блум таксономиясына сәйкес пән бойынша қысқа мерзімді жоспар құруға, сабақ тапсырмаларын әзірлеу, «РАФТ», «Инсерт», «Рафт», «ЖИГСО» белсенді оқыту әдіс–тәсілдерін қолданылып өткізген тренингтер өте мазмұнды, әрі қызықты өтті.

Тыңдаушылар курс барысында белсенділік көрсетті, сабақ жоспарын жасап, қысқа мерзімді жоспарларын  қызығушылықпен қорғады, себебі бұл – әр мұғалім үшін өте пайдалы, тиімді болды.

Меңгерген білімдерімізді оқу үдерісінде тиімді қолданып, жаңартылған бағдарлама  талаптарын орындай отырып, білім алушылардың білімдерін көтеруге ықпал етеміз. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтижеге жетеміз деп сендіреміз.

Осы курсты өткізген Шығыс Қазақстан облыстық «Өрлеу» БАИ тренері  Жаксылыкова Гульмира Идиришевнаға  ұстаздар атынан алғысымызды білдіреміз.

Нургамиланов Кумарбек Сиязбекович биология пәнінің мұғалімі

«Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп» КММ ШҚО, Ұлан ауданы, Восточное ауылы