Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Курс тыңдаушыларының пікірінен

Жанартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту маңыздылығы

Сахитова Кенжегуль Слямжановна, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің жоғарғы санатты ағылшын тілі мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Осы жаңартылған бағдарлама Қазақстан Республикасының бірінші Елбасы болған  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың 2050 – стратегиаясы төңірегінде: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтар негізінде: «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуге тиіс, олардың оқыту нәтижесінде білім алушылардың сындарлы ойлауын, өзіндік ізденісі мен ақпаратты терең талдауын игеруі тиіс», — делінген.

Подробнее...

Жаңаша оқытудың білім сапасын арттыруда тиімділігі

Узбекова Маржангуль Касымбаевна, №19 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы

Біз, қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері, 2019 жылдың 26 наурызынан 19 сәуірге дейін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттік. Курс Семей қаласындағы № 17 ЖОББ мектеп базасында өтті. Курсты өткізуші тренеріміз Сейтказина Рыскүл Сейтбекқызы өзінің шеберлігімен, жоғары білімімен, талапшылдығымен бірінші күннен–ақ бізді баурап алды десек болады. Курстан өту кезінде жаңартылған білім беру мазмұнының қаншалықты тиімді екеніне көзіміз жетті.

Подробнее...

Жаңартылған білім беру – мұғалімнің кәсіби дамуы, жарқын болашақтың кепілі

Масалимова Нургиза Ешенгазиновна, педагогика ғылымдарының магистрі, «ШҚО Семей қалалық ББ»» ММ «№19 ЖОББ» КММ тарих пәнінің мұғалімі, курс тыңдаушысы

Қазақстан Республикасының білім беру саласының негізгі мақсаты - қарқынды дамып жатқан заманда алған білімдерін күнделікті өмірдің жағдайында өз игілігіне пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда еліміздщің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай жас ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа белес.

Подробнее...

Жаңа заман - жаңартылған бағдарлама

Байшуакова Бекзат Калымхановна, «№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы

Халық даналығында: «Заманың түлкі болса, тазы болып қу» деген сөз дәл қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған кезге айтылғандай. Қоғамда болып жатқан өзгеріске сәл ілеспесең, бәрінен құр қалғандай боласың. Ал білім саласы , менің ойымша, артта қалуды кешірмейтін сала.

Подробнее...

Жаңартылған білім мазмұны аясында

Танатарова Данагуль Толендиевна, «№ 49 ЖОББМ» КММ-нің мұғалімі, Семей қаласы

Мемлекет болашағының кепілі - жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Подробнее...