Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Кәсіби білім беру

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, "Бизнес және сервис колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.

Подробнее...

Ақпараттық біліктілік пен ақпараттық мәдениетті дамыту үшін экономикалық пәндер оқытушысының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті

Еримбетова Аманкуль Налжигитовна, «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің экономикалық  пәндердің оқытушысы, Өскемен қаласы

     Заманауи оқытушы – бұл үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, кәсіби, жалпы мәдени мінсіздікке талпынатын тұлға, алға қойылған міндеттерді орындау үшін оқытудың барынша тиімді тәсілдерін, технологияларын тандай алатын, кәсіби біліктілігі өте жоғары деңгейде болатын тұлға. Оқытушының педагогикалық шеберлігі оның кәсіпқойлығында көрініс табады.
   Оқыту кәсіпқойлығы – бұл жалпы және кәсіби білімнің жоғары деңгейі, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды пайдалану, мамандану деңгейі, оқудың мақсат пен міндеттерін білім беру үрдісінде жүзеге асыру. Оқытушы өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп, өз бетінше білім алумен шұғылдануы қажет, сондай-ақ оның қызығушылықтары да жан-жақты болуы тиіс. Әсіресе, мұғалімнің өз бетімен білім алу мәселесі ақпараттық қоғам аясында аса өзекті, себебі мұнда ақпаратқа қол жеткізу және онымен жұмыс істей білу маңызды рөл атқарады. Ақпараттық қоғам –  білім қоғамын білдіреді, ал мұндағы басты рөлді ақпараттың білімге өзгеру үрдісі алады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерден үздіксіз түрде білімнің жетілдірілуін талап етеді. 

Подробнее...

Оқу тәжірибесінде модульді құзыреттілік тәсілдеме негізін қолдану

Какимова Динара Болатбековна, “Бизнес және сервис колледжі” КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімдік деңгейімен айқындалады»
Н.Ә. Назарбаев

    Модульді құзыреттілік негізі оқытудың теориялық және тәжірибелік сабақтастығын қалыптастырады. Демек, студент оқу үрдісінде өзін жұмыс орынында қызмет атқарғандай сезінетіндей жағдай жасалынып, өзін маман ретінде көрсетуге мүмкіншілік алады. Мұндай оқыту технологиясы студенттерге шынайы еңбек қызметіне жүргендей арнайы маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды және студенттердің өз күшіне сенуіне мүмкіндік туғызады деуге болады.

Подробнее...

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудың тиімділі

Нургабиева Асем Калыбековна, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің психология және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, Семей қаласы

     Мен өзімнің іс тәжірибемде «сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Подробнее...