Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, "Бизнес және сервис колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.

 

Бизнес және сервис колледжінің бірқатар оқытушылары өз сабақтарын оқытуда пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі (CLIL), тілдік ортаға ену және командалық оқыту әдісін пайдаланылады.

Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісі (Content Language Integrated Learning) пән мен тілді кіріктіріп оқытуға ықпал етеді.

CLIL - екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі: 1. Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту 2. Пән арқылы тілді оқыту.

CLIL әдісін қолданатын мұғалім тек пән мұғалімі немесе тек тіл мұғалімі болмауы тиіс, керісінше, пән мен тілді қатар оқытуы керек. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда  түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде жүзеге асырылады.

Осылайша, сабақты CLIL әдісі бойынша жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

CLIL әдісін қолдану мұғалімнен: пәндік білімін жетілдіруді, ресурстарды кеңінен қолдануды, сабағын тиянақты жоспарлауды, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.

CLIL әдісін қолдану барысында: әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек, мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет, сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет, айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет, белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.

CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар: мақсатқа бағытталған, оқушылардың тіл деңгейлеріне сай, орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.

Үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті. Қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу жаппай қолға алынуда. Біздің мақсатымыз - жан жақты, бәсекеге қабілетті, көптілді білетін, қазіргі заманға сай маманды даярлау. Осы мақсатта мен де, болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыруды мақсат еттім. Өз сабақтарымды CLILтехнологиясын басшылыққа ала отырып өткіземін.

Мысалы, 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығының 3курс студенттеріне мұрағаттану пәнінен CLIL технологиясы арқылы өткізілген сабақта оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін үй тапсырмасы үш тілде компьютерленген тест тапсырмасы арқылы тексерілді. Лайықты деңгей тапсырмасында сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысып, терминдер бойынша сәйкестендіру тест тапсырмалары орындалды. Жоғары деңгейде тапсырма ретінде мәтінмен жұмыс жасалып, «Сен-маған, мен-саған» ойыны арқылы бір-біріне ағылшын тілінде сұрақтар қойылды. Кейін Ұлттық мұрағатта түсірілген бейнефильм көрсетіліп, сол бойынша берілген сөйлемдерден шын мен жалған ақпаратты табу көзделді. Сабақ үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар қойылатын «Ғажайып үштік» және  «Полиглот» ойындарымен бекітілді.

  Елбасымыз Н.Назарбаев «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деп атап көрсетті. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби

Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып  жатқан  өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау  жасай  білетін  маман  болуы  шарт.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген  адам  әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы  білуі керек» деген  тұжырымында  «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Ел тәуелсіздігінің нышаны – мемлекеттік тіл», ф.ғ.к. М.Салқынбаев, Ақиқат. №1 2013 жыл.
  2. «Қазақстан мектебі»журналдары, 2010 жыл.
  3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»  Алматы-2005
  4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция материалдары)  Алматы-2008
  5. Қазақстан Республикасында 2015-2020 жж. Білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру. Диагностикалық есеп. http://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/336
  6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2018 жылғы 10 қаңтар. 
  8. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар. Астана. 2015-2016 оқулық.
  9. http://almaobledu-gov.kz/news/cat-1/489/
  10. http://melimde.com/clil-tehnologiyasin-oldanu-rdisi.html
  11. http://www.nis.edu.kz/kz/programs/trilingualism/
  12. http://www.orleu-uko.kz/?p=3464
  13. http://zkoipk.kz/ru/confnis1s/712-conf.html