Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Оқу тәжірибесінде модульді құзыреттілік тәсілдеме негізін қолдану

Оқу тәжірибесінде модульді құзыреттілік тәсілдеме негізін қолдану

Какимова Динара Болатбековна, “Бизнес және сервис колледжі” КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімдік деңгейімен айқындалады»
Н.Ә. Назарбаев

    Модульді құзыреттілік негізі оқытудың теориялық және тәжірибелік сабақтастығын қалыптастырады. Демек, студент оқу үрдісінде өзін жұмыс орынында қызмет атқарғандай сезінетіндей жағдай жасалынып, өзін маман ретінде көрсетуге мүмкіншілік алады. Мұндай оқыту технологиясы студенттерге шынайы еңбек қызметіне жүргендей арнайы маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды және студенттердің өз күшіне сенуіне мүмкіндік туғызады деуге болады.

    Оқытудың модульдік-құзыреттілік жүйесін қолдану арқылы білім беретін заманауи бағыттағы оқытушы техникалық мүмкіндіктерді толық меңгеріп, келешекке арналған жоспарды әзірлеп жан-жақты болады. Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйесіне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Оқыту мазмұны - өзіндік кешенді аяқталған, нақты мақсатқа негізделген, блоктық жүйе. Студент тек оқып қана қоймай, оны меңгеру деңгейі анықталынады. Сонымен қатар студент оқытушыдан жазба түрде одан ары қалай қадам жасау керектігі туралы кеңес алып отырады.
2. Студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас тұрпаты өзгереді. Ол модуль арқылы басқарушы және басқарылушы қатынастың жеке үдерісінде сөзсіз жүзеге асырылады.
3. Студент өз бетінше барынша кең көлемде жұмыс жасайды, мақсат қойып, өз бетінше жоспарлай, өзін-өзі ұйымдастыра және бақылай алады.
4. Жеке кеңес алу, оқушылардың жан-жақты қол ұшын беруі жүзеге асырылмайды.

   Модульдік оқыту мақсаты: студенттердің білген, меңгерген білімдерін жеке оқу материалдарымен жұмыс жасау тәсілдері есебімен өз бетінше жұмыс жасау әрекетін дамыту. Сондықтан да осы модульдік оқыту технологиясы арқылы бүгінде әлем бойынша озық тәжірибелерді пайдалана отырып, қолданыстағы оқытудың жаңа үлгідегі бағдарламалары негізінде колледж түлектері өз мамандықтарына жақын үш жұмысшы біліктілігін алу мүмкіндігін иеленетін болады.
     Оқытудың модульдік технологиясын қолдану нәтижесінде студенттердің төмендегідей іс-әрекеті қалыптасады:
       Ø нақты мақсат қоюға дағдыланады және оқу үрдісіне белсенді қатысады;
      Ø өз ойын ашық айтады, оны дәлелдей біледі;
    Ø айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады, сонымен қатар сараптауға, бағалауға дағдыланады.
    Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану – арнайы пәндерді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің негізгі факторы болып табылады.
    Модульдік технология студенттердің құзыреттілігін дамытады және  жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Мысалы, «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттердің «Қаржылық есеп» пәні бойынша оқу тәжірибе өту барысында келесідей құзыреттіліктері қалыптасады:

Тақырып атауы

Болашақ маман ретінде оқу тәжірибесі барысында атқарылатын жұмыстар

 

1

1.1.         Ұйымның есеп қаржысы

Қаржылық есеп туралы заңын, қаржылық есеп стандарттарын және қаржылық есеп шоттарының үлгі жоспарын пайдаланады

 

1.2.         Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі

1)    Кассир ретінде: кіріс және шығыс кассалық ордерлерді толтырады және тіркеу журналында тіркейді; 2-3 кассир есебін өңдейді, кассалық кітапты жүргізеді

2)    Бухгалтер ретінде: 2-3 аванстық есепті өңдеп, олардың көшірмесін құрастырады, басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу жұмыстарын жүргізеді

2

1.3.         Негізгі құралдар және материалды емес активтердің есебі

Материал есебiн жүргiзушi бухгалтер ретінде: негізгі құралдардың қозғалысы бойынша негізгі құралдарды қабылдау–тапсыру актісін, түгендеу карточкаларын толтырады, негізгі құралдардың амортизациясын есептейді, құрастырылған құжаттар негізінде №12 журнал-ордерге жазбалар жүргізеді және түгендеу, салыстыру тізімдемесінің  көшірмелерін жасайды.

3

1.4.        

Тауар-материалдық құндылықтардың есебі және жабдықтаушылармен есеп айырысу

Материал есебiн жүргiзушi бухгалтер ретінде: қоймаға материалдардың түсуі мен босталу құжаттарын толтырады, бухгалтерияға құжаттарды тапсыру бойынша реестрлерді рәсімдейді, қойма есеп карточкасын толтырады, материалдардың жинақтау және талдау есептерін есеп тіркеуіштерінде жүргізеді, жабдықтаушылармен есеп айырысу есебін де жүргізеді.

4

1.5.        

Еңбек және оның төлемақысының есебі 

Еңбек ақы бойынша бухгалтер ретінде: Еңбек және оның төлемақысын құжатты ресімдейді, әр түрлі нысандағы және түрдегі төлемақыларды, одан шегерілетін ұсталынымдар түрлерін есептейді, орындалған жұмыс, майрам күндері, түнгі уақыт және жұмыс уақытынан тыс уақыттарда жұмыс үшін жалақы есептейді, төлем тізімдемесін және жұмыс уақыт кестесін құрады.

5

1.6.         Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құнының есебі

Бухгалтер ретінде:

негізгі және көмекші цехтар бойынша есеп тіркеуіштерін құрады, өндіріс ақаулардын өзіндік құнын есептейді, жаңа өнімнің түріне құжаттарды толтырады, өнімнің 1 данасының өзіндік құнын есептейді және № 10 журнал-ордер толтырады.

6

1.7.        

Дайын өнім және оны сату есебі

Бухгалтер ретінде: өндірістен қоймаға өнімнің түсуіне алғашқы құжаттарды және қоймадан өнімнің босатылуының алғашқы құжаттарын толтырады, № 11журнал-ордер толтырады  және сатыпалушылармен есеп айырысу есебімен байлынысты ведомосты толтырады.

7

1.8.        

Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі

Бухгалтер-талдаушы ретінде:

№ 13, 14 журналы-ордерін құрады, корпоративті табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебін талдайды, ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін анықтайды.

8

1.9.         Қаржылық есеп беру

Бас бухгалтер ретінде:

жылдық қаржылық есептің нысанын толтырады, кәсіпорынның жылдық есептің көшірмесін жасайды,

есеп тіркегіштерінің қорытындысы бойынша оларды қорытынды ақпаратпен салыстырады, жылдық қаржылық есеп беру формаларын құрады, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасап, талдайды.

Мен арнайы пән оқытушы ретінде оқытудың модульдік құзыреттілік тәсілдеме негізін оқу тәжірибесінде қолдана бастадым. Мысал ретінде оқу тәжірибе барысында студенттердің орындайтын тәжірибелік тапсырмаларының бір нұсқасын ұсынамын.

 Тәжірибелік сабақ барысы:
Тапсырма №1
Берілгені:

1 қаңтар айындағы кассадағы ақша қалдығы:

Шот №

Шоттардың атауы

Сомасы

 

Валюта

Теңге

1010

Ұлттық валютадағы кассадағы ақша

 

1000

1010

Шетелдік валютадағы кассадағы ақша (АҚШ доллары)

60

19980

         

Шетел валюталарының ағымдағы бағамы:

Валюталардың түрлері

Теңге бағамы

1.02

1.03

 

АҚШ доллары

333

334

Қаңтар айындағы ұлттық валютадағы (теңгеге) кассадағы ақшамен жасалған шаруашылық операциялары:

Күні

Операциялардың мазмұны

Теңгемен сомасы

1

2.01.

Есеп айырысу шотынан түскен ақша:

 

-еңбекақы төлеуге

500000

-шаруашылық және іссапар шығыстарына

60000

2

3.01

Өткізілген тауарлардан кассаға түскен ақша

 

-сату бағалары бойынша

180000

-оның ішінде ҚҚС

30000

3

4.01

Кассадан берілді:

 

-жұмыскерлердің еңбек ақысына

490000

-іссапар шығыстарына

85000

Қызмет бабымен сөйлесулер бойынша қалаларалық тариф төленді

5000

4

5.01

Есеп айырысу шотына тапсырылған ақша

 

5

9.01

Құрылтайшыдан ЖШС-ның жарғылық капиталының жарналар түрінде қабылданған ақша

500000

6

10.01

Электр қуаты үшін кассадан төленді

 

-кеңсе тұтынған

5000

-сауда үйі тұтынған

10000

7

11.01

Есеп айырысу шотына тапсырылған ақша

40000

8

15.01

Іссапар бойынша пайдаланылмаған есеп беретін соманың қалдығы кассаға қайтарылды

1000

9

16.01

Өткен жылдың кірісін бөлу қорытындылары бойынша есептелген бағалы қағаздар бойынша дивиденттер кассадан төленді

100000

10

17.01

Жеке кәсіпкерден сатып алынған тауарлардың құны қолма-қол ақшамен төленген

30000

11

22.01

Тауарларды жеткізуге қолма-қол ақшамен алынған аванс

100000

Қаңтар айында АҚШ долларлармен жасалған кассаның шаруашылық операциялары:

Күні

Операциялардың мазмұны

Сомасы

Валюта

Теңге

1

5.01

Іссапар шығыстарына валюталық есеп шоттан алынды. Нарықтық бағамы – 333 теңге

1000

?

2

6.01

Шетелге баруға іс-сапар шығындарына есеп бересілі түрде кассадан қолма-қол ақшамен берілді. Нарықтық бағамы – 333,4 теңге

1000

?

3

17.01

Шетел фирмаларымен есеп айырысу үшін валюталық есеп шоттан алынған ақша. Нарықтық бағамы – 334 теңге

5000

?

4

18.01

Шетел фирмаларына көрсетілген қызменті үшін қарызы төленді. Нарықтық бағамы – 333 теңге

4500

?

5

19.01

Кассаға қайтарылған іссапарға алынған пайдаланылмаған есеп береселі соманың қалдығы. Нарықтық бағамы – 333,8 теңге

50

?

6

28.01

Кассадан валюталық шотқа ақша тапсырылды. Нарықтық бағамы – 333,6 теңге

500

?

7

28.01

1 наурыздағы жағдай бойынша кассадағы өтпелі қалдықтың бағамдық айырмасы көрсетіледі

 

?

Орындау керек:
Тапсырманы орындау мәліметтері негізінде кассалық есеп жасау және оған бухгалтерлік өңдеу жүргізу. Осыған орай, ұлттық және шетелдік валюталардың түрлері бойынша бөлек кассалық кітапты жүргізу. Кассир есебі мынадай үлгіде жасалады:

Касса кітабы

________20__ж

Құжат

Кімнен алынған және кімге берілген

Корреспонденциялық шот

Кіріс

Шығыс

Күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: әрбір операция касса кітабына жеке жолдан басталып бір жолға ғана жазылады.

 Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012жыл, 14 желтоқсан. Астана.
2. Юцявичене, П.А. Теория и практика модульного обучения / П.А.Юцявичене. – Каунас: Швиеса, 1989. – 209 с. КОУЧИНГ КАК ФОРМА ПЕДАГОГ