Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қазақ тілі сабақтарында студенттердің ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі сабақтарында студенттердің ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту

Зайсанбекова Салтанат Зайсанбекқызы., «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі, Өскемен қ.

Білім беру мекемелерінде оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде «Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып тамыр шымырлататын, жан-дүниеңді жандандырып, құлақ құрышын қандыратын өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар

шеңберде қалып қоймауы үшін, өзге тілдерге сорлы болмауы үшін бәріміз де тіл мәселесіне бей-жай қарамауымыз керек.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр. Оқушының тілін дамыту – қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе.

Жаңартылған білім беру мазмұнының жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушының айтылым дағдысы мәселесі өзекті болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, дамыту өздігінен іздену, зерттеу, сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту негізгі мақсат болып отыр. Тіл сабақтарында сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдануға, әлеуметтік ортада жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу дағыларын дамыту көзделген. Өйткені тілді жақсы меңгеру – барлық пәндер бойынша жетістікке жетудің алғы шарты.

Оқу үдерісінде оқушыларының коммуникативтік, сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста тілді сауатты түрде қолдана білу дағдыларын дамыту.

Қазақ тілін оқу оқушылардың сөздік қорын байытады, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойлары мен сезімдерін ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білу дағдыларын, эстетикалық талғамы, мәдени және әлеуметтік дағдыларын дамытады. Тіл әрекеттерінің түрлерін дамытуға көңіл бөлінуде.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмаларды саралап, оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолдану – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тілдік қарым-қатынас ол оқушының іскерлігі, еркі және мұғалімнің оқушыны сөзге тартудағы белсенділігі. Оқушымен мұғалім арасындағы тілдік қатынас болу үшін мақсат, тақырып және сөйлеген жағдайда күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы керек. Осы факторлар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін әр түрлі белсенді тапсырмаларды енгізген жөн. Тапсырмаларды берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастыру. Пәннің мазмұны, дидактикалық элементтерінің жүйесі құрамында сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу болу керек. Сабақта техникалық оқыту құралдары, дидактикалық материалдар, слайдтар, флипчарттар, суреттер және сабақтың әр түрлері, оқыту тәсілдері, сонымен қатар, оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеріп отыру. Тілдің қызметі, сөйлесу қағидасы — оқушыларды жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету.

Мәтін элементтерін қолдана отырып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілеттерін, сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін. Жалпы білім беретін мектептердің Білім беру бағдарламалары мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын, оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады. «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» - мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатынын байқатады.

Мәтін бойынша тапсырма түрлері арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын (диалог, монолог, еркін пікірталас түрінде) және жазу тілінің интенсивті түрде белсенділігін арттыру әрі дамыту, сөздік қорын кеңейту қажет. Тілдік құбылыстарға, сонымен қатар жалпы өмір құбылыстарына интеллектуалды талдау жасау дағдыларын жетілдіру, тілді дамытудағы, меңгертудегі қиындықтарды жеңудің тиімді әдістерін қалыптастыру болып табылады. Сабақтың тиімділігі мен пәрменділігін арттыру жолдарын айқындауда

- қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерін белгілеу;

- жаңаша білім беру сабағының жүйесін жасау;

- тапсырмалар жүйесін тақырыпқа сәйкес жасау;

- тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындау.

Студенттердің ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырып, сөйлеу дағдысын дамытып, тілді игеру нәтижесінде сұхбатқа қатысып, пікірталастарға еркін түсе алатындай дәрежеге жеткізу болғандықтан, бұл мақсатқа жетудің бір жолы мәтін. Мәтін түрлері (қарапайым шағын мәтіндер, оқытудың бастапқы, одан кейін орта және тереңдетіліп оқыту кезеңдерінде қолданылатын шағын әңгімелер, оқушының жасына және тілді білу деңгейіне қарай іріктеліп алынған танымдық сипаттағы ғылыми-публицистикалық (бейімделген болуы мүмкін) шығармалар, көркем шығармалар.

Жалпы тіл білімі ғылымындағы, тіл үйрету әдістемесіндегі, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттердегі мәтінге қойылатын талаптар, мәтін арқылы тіл үйрету жолдары, тағы осы іспетті мәселе бойынша жасалған зерттеулердегі ғылыми тұжырымдамалар басшылыққа алынады. Мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын зерттеуге арналғандықтан, тілдік факторларды белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, интерпретация әдісі, салыстыру, сұрақ-жауап, тест, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, эксперимент, статистикалық өңдеу және нәтиже алу әдістері қолданылады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын, дамыту өздігінен іздену, зерттеу, сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту негізгі мақсат болып отыр. Тіл сабақтарында сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдануға, әлеуметтік ортада жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу дағыларын дамыту көзделген. Өйткені тілді жақсы меңгеру – барлық пәндер бойынша жетістікке жетудің алғы шарты.

Оқу үдерісінде оқушыларының сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тілді сауатты түрде қолдана білу дағдыларын дамыту - қазақ тілін оқу оқушылардың сөздік қорын байытады, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойлары мен сезімдерін ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білу дағдыларын, эстетикалық талғамы, мәдени және әлеуметтік дағдыларын дамытады. Тіл әрекеттерінің түрлерін дамытуға көңіл бөлінуде. «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» - мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатынын байқатады.

Заман ағымымен ғылым мен техниканың жетістіктері күнделікті өмірімізге еніп жатыр. Қазіргі білім беру жүйесінде де мұғалімнің орны өзгерді: баланы оқытумен қатар, сол балаға өздігінен білім алуға және шығармашылық ізденуге жағдай жасау. Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам –ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Жаңартылған оқу бағдарламасының әдістері оқушылардың сөздерді байланыстыра сөйлей білу қабілетіне көп ықпалын тигізері сөзсіз.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.- №205, 1 наурыз 2016 жыл

2.Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, 2016.

3.2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат.- Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 370 б.

4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы: Қаулысы (№ 832). - Астана: Қазақстан Республикасы Үкіметі 25 маусым 2012ж.