Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Көкейтесті мәселелер

Оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері

Жумабаева Бакыт Назировна

№47 жалпы білім беретін орта мектеп,

Семей қаласы, қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы

Сейтказина Рысгуль Сейтбековна

Подробнее...

Мемлекеттік тілді білу - азаматтық міндет

Алейханова Меруерт Оралбековна, «№35 жалпы орта білімберетін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы

Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі - осы бағытта жасалған оң қадамдар.

Подробнее...

Латын әрпіне көшу- біздің назарда

Адильбекова Динара Тортаевна, «№ 35 ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы

«Әліппенің ар жағы – білім бағы» деп бекер айтылмаған. Әлі есімде, алғаш мектепке барып, бастауыш сыныпта оқып жүргенімде әжем біз латын тілінде оқып-үйреніп жаздық деп отыратын. Енді ойлап отырсам, шынында да елімізде сол кезде он жылдай 1929-1940 жылдары латын әліпбиі қолданылған екен. Яғни айтуға деректер мен негіз бар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген еді: «Ұлттық коды, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңару болмайды». Сондай-ақ Елбасы «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру керек» деген пікір айтып, 2025-ші жылдарға дейінгі міндеттер жүктеп, тапсырмалар берілді. Латын әрпіне көшу мәселесі әзірден бастап қолға алынды.

Подробнее...

Функционалдық сауаттылық – өмір талабы

Құсайын Д.Б., «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - «ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.

Подробнее...