Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Көкейтесті мәселелер

Латын әліпбиіне көшу – ұлт сипатының айшығы

Құрманова Жұпар Сақанқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.

Жексембева Бақытгүл Тұрысбековна, Катонқарағай ауданы, «Ново-Березовка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын халық қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады. Бұл мақала ұлттық санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіретін, ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын тарихи қадам болды.

Подробнее...

Денсаулық сақтауды оқыту педагогикасы және оны іске асыруда қолданылатын технологиялар

Жақсылықова Г.И., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ» Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, Өскемен қаласы

Денсаулық - тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Біз жақын және қымбат адамдарды кездестіргенде, олармен қоштасқанда мықты денсаулықты тілейміз, себебі бұл толық қымды әрі бақытты өмірдің кепілі. Денсаулық бізге құрған жоспарларды орындауға, өмірдің басты амалдарын орындауға, қиындықтарды өткеруге, ал қажет болса тым көп жұмыс орындауда көмектеседі. Орынды сақталынатын және адамның өзі шынықтыратын денсаулық оған ұзақ және қозғалыста болатын өмірді қамтамасыз етеді.

Подробнее...

Мұғалім мәртебесі ұлттың болашағы

Ниябаева Лунара Болатовна, Өскемен қаласы  әкімдігінің  « №26 орта мектебі » КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ислямова Ажар Амановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деген. Ал жақсы мұғалім деп біз кімді айтамыз?

Біз жақсы мұғалім оқушыға жақсы баға қоятын, оқушыны әр түрлі сайыстарға қатыстырып, үнемі жүлделі орын алатын, тәрбиесіне ешбір сөз келтірмейтін, ата-анасына баланы тек мақтап отыратын тұлға деп қарастыратын бір жақты олқы пікір қалыптастырып алғанбыз. Бұл дұрыс па? Қарға баласын әппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді, әрине, бәріміздің көксеген мақсатымыз бір. Отбасы мен мектеп бірігіп, бір мақсатта жұмыс істеу керекпіз.

Подробнее...

Дарынды оқушы – ұлт болашағы

Булекбаева Гульжанат Токтарбаевна, «№2 Теректі орта мектебі» КММ мұғалімі, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

 «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды

Ұрпақтың орны мүлде бөлек»

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Мемлекеттік саясаттың мақсаты «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және жеке адамның дарындылығын дамыту». Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Подробнее...