Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білімді ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі

Білімді ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі

Сабитова  Зубайра Ануарбековна, «Балауса-Балғын » ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі, Тарбағатай ауданы

 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп» кешенімен ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында 19 білім беру ұйымдары қамтылған. Соның ішінде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «Балауса –Балғын» ясли- бақшасы» КМҚК базасында «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша «VALEO» зияткерлік- дамытушылық  орталығы 2016 жылдан жұмысын бастады. «Ой-ойна» ойын технологиясын іске асыруда оқу қызметтері балабақшаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес вариативті компонент негізінде күннің І–ші жартысында ұйымдастырылып келеді. Балабақшадан арнайы кабинет бөлініп, оның іші қатты және жұмсақ заттармен жабдықталды. Кабинетке интернет желісі орнатылған. Орталыққа балабақшадан педагогикалық кеңестің шешімімен 1 педагог жауапты қызметкер болып тағайындалды. «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша кабинеттегі білім беру ортасы физикалық тұрғыдан қауіпсіз және дамыту үшін эстетикалық түсіну, білуге құмарлық, танымдық және сенсорлық толығуына барлық жағдай жасалған, зияткерлік қабілеттерін және дамытуға жәрдемдесетіндей жағымды психологиялық климатқа құрылған. Вариативтік компонент бойынша 4 пен 6 жас аралығындағы 45 бала үш топтан қамтылған.

 Сондай-ақ, «VALEO» зияткерлік- дамытушылық орталығында ата- аналардың сұранысымен 2017 жылдың қаңтар айынан репетиторлық орталық ашылды.Орталыққа ауылдық округке қарасты мектептерден қазақ тілі,математика,химия пәндерінен қосымша білім беруде 5 -11 сынып аралығында оқитын мектеп оқушылары қамтылды. Онда зейнетке шыққан тәжірибелі білікті ұстаздар дәріс беруде.

Елбасы Н.Ә Назарбаев: «Үш тілді білу жөнінде айтып келеміз. Бұл жерде мемлекеттік тіл - қазақ тілін білу парыз. Екінші, орыс тілінен айырылып қалмауымыз керек. Білген тілден ажырауға болмайды. Көп тіл білгеннің зияны жоқ. Үшінші – ағылшын тілі. Біз ағылшын тілін білмесек, әлемдегі озық инновацияға, технологияларға шыға алмаймыз. Өйткені барлығы сол тілде жүргізіледі. Жастарға айтатыным осы»,- деп нақты міндет қойды.

Осы тапсырманы  орындау барысындағы жұмыстар Тарбағатай ауданында да жандана түсуде. Былтырғы жылдың қараша айында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тапсырмасы бойынша және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Дауытбаеваның қолдауымен, «Тұлпар» ақыл- ой дамыту орталығы ауданда ағылшын тілінің  курсын  ұйымдастыру мақсатында «Балауса –Балғын» ясли- бақшасы» КМҚК базасында «VALEO» зияткерлік- дамытушылық орталығында  Өскемен қаласындағы «Gambridge school» тілдік орталықтың филиалын ашты. Ағылшын тілін меңгерту әр деңгей бойынша, арнайы заманауи оқулықтар мен әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асады. 

2-3 сыныптар (beginner, elementary) Family and friends 1
4-5 сыныптар (elementary)  Family and friends 1,2
6-7-8 сыныптар (beginner, elementary) Project 1,2
9-10 сыныптар  (elementary, pre-intermediate) Solution 1,2   

Ересектер (beginner) English File 1 деңгейде болды.                

 Ақжар ауылында оқушылармен қатар ересектердің де ағылшын тілін меңгеруге деген құштарлықтары артып келеді. Мұндағы ағылшын тілі сабақтарының 110 тыңдаушысы бар. Олардың 103-і оқушы балалар болса, 7-і ересектер. Курс жетекшісі Арайлым Шомбина шет тілін үйренушілердің талабын қолдап, уақытпен санаспай еңбек етуде. 

Қазіргі жаһандық заманда, ағылшын тілінің қажеттілігі әр адамға мәлім. Күннен күнге бұл тілдің маңыздылығы әр салада артып келеді. Сондықтан, тіл үйренем деушілерге, аталмыш курс үлкен мүмкіндік ұсынып отыр деп айтуға болады. Себебі, осы орталық арқылы тек тіл үйреніп қана қоймай, сонымен қатар жазғы демалыстарды шет елдерде өткізу және IELTS тестіне дайындық жүргізіп, ресми түрде тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.