Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Инклюзивті білім беру

Педагог-психологтің психикалық дамуында тежелуі бар балалармен топтық коррекциялық дамытушы сабағы

Юсупова Диля Аскаровна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің педагог-психологы,  Өскемен қаласы

 Қазіргі кезеңде психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстары өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Түзету үдерісінде топтық жұмысты дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы ПДТ балалардың даму деңгейіне қол жеткізуіне мүмкіндік беруге болады.
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай туғызу маңызды.

Подробнее...

Қыстап қалатын құстар» ашық сабағы (Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы)

 Жумаканова Раушан Айтказыновна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  білім беру тәрбиелеу орталығы» КММ жоғарғы санатты тәрбиешісі

 Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.

Подробнее...

Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі жастағы балалармен коррекциялық жұмыста ертегі элементтерін қолдану

Тургумбаева С.Р., «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ-де мұғалім-логопед, Өскемен қаласы 

Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түснеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат-мүддесін білдіреді. Бала 4-5 жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. Сол себепті мен бұл тақырыпты өзекті деп ойлаймын. 
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттарым:
-       Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
-       Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
-       Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.

Подробнее...

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Буленханова Жанар Рахимбаевна, «Аршаты орта мектебі» КММ, Катонқарағай ауданы
Сагнаева Т.Ж., пс.ғ.к., ТТжӘ кафедрасының  меңгерушісі

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға өте жақсы көңіл бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Оқу сабақтарында мүмкіндігі шектеулі балалардың  танымдық қабілеттерін дамытып, өмірден өз орындарын табуға мүмкіндік тууда.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл үрдіс еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған. Білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керек.

Подробнее...