Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Инклюзивті білім беру

«Айна» ертегісі (Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы)

Нұрғалиева Б.М., «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ тәрбиешісі

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе жалпы сөйлеу тіл кемістігі және психикалық дамуында тежеулігі бар балалардың статистикалық тұрғыдан жоғарлауы педогогикалық сұраныстарды қажет етеді.
Сол себепті оқыту барысында инклюзивті білім беру әдісін қолдана отырып,ғажайып ертегілер әлемі  арқылы балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында мнемошаршыларды қолдану арқылы интелектуалды денгейін және тіл үстірту жаттығулардыңдың көмегімен балалардың тіл кемістіктерін тузете-дамыту жұмысын атқарудамын. Осыған орай өзімнің жұмыс барысын: «Мнемотехника әдіс құралдары арқылы ЖСТК,ПДТ бар балалардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту» өзекті тақырыбы бойынша жоспарладым және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сіздерге ұсынып отырмын.

Подробнее...

«Ә» дыбысы мен әріпі (ашық сабақ)

Салимова Раушан Камзиновна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің мұғалім-логопеді

Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. А мен Ә дыбыстарын ойын арқылы ажырату. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Сөйлем құрастыру. Фонемалық есту қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын молайту. Логикалық ойындар арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Подробнее...

Ө. Тұрманжанов «Қайдан келдің, бауырсақ» жаттау (ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы)

 Бакирбаева Л.С., «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ тәрбиешісі

Инклюзивті білім беру – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған орай біздің мекеме арнайы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасау бағдарында әр іс-әрекет кезендерін жан жақты қызықты, балалардың талаптарына, ерекшіліктеріне сай ұйымдастыру жолдарын іздеуде. Инклюзивты білім беру - біздің мекеме жұмысының негізгі бағыты. Жалпы сөйлеу тілдерінің кемістіктері бар және психикалық дамуында тежеулістері бар балаларға күнделікті өмірлеріне қажетті күн тәртібіне сай, арнайы сабақ жоспарлары құрулуда. Осы бағытта негізгі орын алатын ойын әрекеті. Өзім «Жүйелі-рөлдік ойындар арқылы ЖСТК, ПДТ бар балалардың тілдерін дамыту» өзекті тақырыбы бойынша жұмыс атқардым.

Подробнее...

«Сиқырлы бөлме» (Сенсорлық бөлмедегі психолог сабағынын технологиялық картасы)

Ережепова Үміт Серікбековна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің әдіскер-психологы, Өскемен қаласы

Сабаққа қатысқан балалар:
Кисенбаев Бекарыс Азаматұлы, 6 жаста
Аңғарымы – открытая органическаяринолалия, ОНР-1 ур,ВПС, состояние после пластики, ДМЖП, РЭП,ЗПР
Мырзабеков Мансур Азатұлы, 6 жаста
Аңғарымы – ОНР-1 ур, Интеллектуальн. норма
Балалар ересек топ тәрбиеленушілері.
Бүгінгі сабақта сенсорлық жағдайды жасаған жиынтықтар – тактильді жолды сезіну арқылы ағза оятылды, визуалды көру арқылы қабылдау процесі жүрді – үйшіктің есіктерін ашу, балапан мен доптарды босату, көпіршік колоннаға салу; әуен тыңдау, смайликтерді анықтауда көңіл-күй таңдалды, ароматерапия (қалампыр гүлінің иісі) арқылы иіс анализаторы қозғалып, баланың эмоционалдық жағдайы қалпына келтірілді, тыныштандырылды, босаңсыды, демалды, қызықты; бала қабылдауының белсенділігі артты.

Подробнее...