Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - «Ақ ниет» мектеп-интернатындағы инклюзивті білім беру ерекшелігі білім баршаға

«Ақ ниет» мектеп-интернатындағы инклюзивті білім беру ерекшелігі білім баршаға

Жалаушинова Л.М., ШҚО ББ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ
Кукина Ю.Е., кафедра меңгерушісі, пс.ғ.к.

 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
 
Осы мәселені шешу барысында облыс әкімі Ахметов Даниял Кенжетайұлының қолдауымен  2016 жылдың  12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында   «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернаты»  ашылды.  «Ақ ниет» мектеп интернаты 100 балаға арналған жарық әрі кедергісіз орта. Мұнда сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл аппараты зақымданған, зияты сақталған  балалар оқып тәрбиеленуде. Балалар Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген, осы уақытқа дейін көпшілігі үйден оқытылған, балалар бір шаңырақ астына жиналып, жалпы әлеуметтік өмірге бейімделуде. «Ақ ниет» мектеп-интернаты тәрбиешілері балалардың екінші анасы сияқты күндіз-түні қастарынан бір елі ажырамайды. Олар сонымен қоса тәрбиеші-тьютер қызметін де көрсетеді. «Ақ ниет» мектеп-интернатында  арнайы сала мамандары  педагог-психолог, мұғалім-логопед, мұғалім-тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, емдік дене шынықтыру маманы қызмет атқарады. Олар балаларды жылына үш рет (жыл басында, ортасында, аяғында) диагностикалап жыл соңында әр балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазады. Педагог-психолог балалардың жаңа ортаға бейімделуіне , мекеменің ішкі және сыртқы тәртібін орындауға, күн режімін сақтап өзінің эмоциялық көңіл-күйін тұрақтандыруға арналған түрлі шаралар жүргізіп, психологиялық қызметтің жұмысын атқарады.
Балалардың таным өрісінің даму дәрежесінің деңгейін анықтап, олқылықтардың орнын мұғалім – дефектолог толтырса, сөйлеу тілі бұзылған балалардың  жалпы сөздік қорының дамып, дыбыстарды дұрыс айтуына мұғалім-логопедке жүктеледі. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арнайы массаждар мен түрлі –әдіс тәсілдерді емдік дене шынықтыру маманы жасайды. Ал, көру қабілеті зақымданған балалармен мұғалім-тифлопедагог  көру қабілетінің жұмысын жақсартып, қалдық көру қабілетінің сақталуына арналған жұмыс жүргізеді.  «Ақ ниет» мектеп-интернаты  соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл арнайы сала мамандырының жұмыс нәтижесін тезірек көруге ықпал жасайды. Барлық дәлізде сезімтал шамдар орнатылған, олар адамның келе жатқан қадамына байланысты қажеттілігіне қарай жанып-өшіп тұрады. Барлық қабырғаларда ұстанғыштар бар, әр жатын бөлмесінде баспа түймесі орналасқан, сол арқылы тәрбиеленуші төсекте жатып –ақ түймені басып мейірбикені немесе тәрбиешіні шақыра алады. Ал, қабаттан қабатқа түсуге арналған  сезімтал лифтке арбалы бала сиып кетеді. Жалпы мекеменің барлық бөлмелерінде  кедергісіз орта қарастырылған. Бұл оқытудың ерекше түрін қажет ететін балаларға қарай мекеменің бейімделгені.
«Ақ ниет» мектеп-интернаты 2017 жылдың мамыр айында бастауыш сыныпта білім беру линцензиясын алып, қыркүйектен бастап 1- 4 сыныптар қазақ және орыс тілінде білім алып жатыр. Бұндағы басты мақсат, бастауышта  баланы оқытып, үйде оқып келген әр балаға арнайы бағдарлама жасап, білім сапасындағы олқылықты толтыру. Ары қарай 5 сыныптан бастап қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінде  инклюзивті сыныптарда толыққанды білімін жалғастырады. Тек білім бастауыш сыныппен қана тоқтап қалмай  8 сыныптан бастап кәсіби бағдар беру жақсы жолға қойылған. Тәрбиеленушілір педагог-психологтың көмегімен өздерінің қызығушылықтарына байланысты «ЭВМ операторы», «Бухгалтерлік іс және аудит», «Іс жүргізуші» мамандықтарының әліппесін оқып таныса алады. Қаламыздың колледждерімен жасалған келесім-шарт негізінде білікті мамандар келіп сабақ кестесіне сәйкес сабақтар өткізіді. Бейіналды және курстық даярлық аяқталған  соң арнайы сертификат беріледі. Қыркүйек айынан бастап 10 тәрбиеленуші студент мансабын иеленіп,  қаламыздың 4 колледжіне түсіп, мамандық алуларына, болашақта ешкімге жалтақтамай өмір сүруге жолдама ала алды.
Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында.     Қатынасу  –  білім беруден  басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен, оқушылар мұғаліммен және бір- бірімен қатынасуы тиіс.  Осы қатынас орта буынға арналған  «FAB LAB» кабинетінде жақсы жүзеге асуда.  «FAB LAB» шағын шеберханасы  болашақ ұл,  қыздарымыздың қарапайым өмір дағдыларын игере алуларына ықпал ету бағытында  ашылды. Ол шеберхана арқылы тәрбиеленушілер жаңа технологиялардың  ағымына ілесе алатын «Абилимпикс» дүние жүзілік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған конкурсқа жолдама алуларына болады. Бұл шеберхана әр түрлі алаңдарға бөлінген,  олардың бірі – тігін тігу киімдерді қайтадан өңдеп, тігіп,  қазіргі заман талабына сай  көркемдей алады. «Тырнақ әрлеу» алаңында болашақ аруларымыз өздері ешкімнің көмегінсіз тырнақтарын әрлеуге үйренеді. Ал ұлдарымыз болашақ әкелер, ер қорғандары болса олар тез арада ретке келтіру жұмыстарын  үйренеді. Мысалы: үй-тұрмыстық заттарын жөндеу (чәйнек, үтік сымдарын жалғау), шеге қағуды, тетіктерге бұрама қоюды және басқа да ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын бес саусағындай біле алады. Ұжымның басты мақсаты - оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастыру. Ол үшін мына сегіз қағиданы  ұстанамыз:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталуы қажет;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;
4. Барлық адам бір-біріне қажет;
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.[1]
«Ақ ниет» мектеп-интернаты балалардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және мойындау арқылы өзіндік білім беру траекториясына ие тұлғаны қалыптастыруды  жүзеге асырады.