Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Аутист балалармен жүргізілетін әр түрлі әдістердің тиімділігі

Аутист балалармен жүргізілетін әр түрлі әдістердің тиімділігі

Кешубаева Марзия Аблакатовна, С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік Университетінің магистранты

Қазіргі уақытта балалар аутизмінің өзіне тән ерекшелігі жоқ, шығу тегіде әркелкі синдромдар тобына жатқызылады, оған жалпылама аутистік спектр ауытқуы деген (АСА) анықтама береді. Балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынаспен байланысқа түсуін күрделендіретін психологиялық ауытқу. Өкінішке орай елімізде дәл осы психологиялық ауытқуы бар балалар саны жыл санап артып келеді. Тіпті мамандар дүние жүзі бойынша аутизм синдромының 300-ге жуық себебін атап отыр. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизмге шалдыққан балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады деген.

 

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швицар психиатрі Э.Блейлер ұсынған. Деректерге сүйенсек, аутистік спектр көріністері көбіне қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 4 есе көп кездеседі екен.Аутист балаларды кешенді түзете – оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Ерте балалық аутизмі бар балалармен жүргізілетін заманауи дәстүрлі және дәстүрлі емес жаңашыл бағыттағы жұмыстардың түрлері өте көп. Солардың бірі де бірегейі, қазіргі таңда ең нәтижелі жемісін беріп жүрген бағдарламаның бірі «АВА» әдісі.

«АВА» әдісін аутизм синдромы бар балаларға тұңғыш рет АҚШ-та 1963 жылы дәрігер Ивар Ловаас қолданған. Бұл әдіс сөйлеу және қарым- қатынастық дағдыларды жақсартуға, зейінін тұрақтандыруға, әлеуметтік дағдыларды жақсарту үшін қолданылатын көптеген түрлі әдістерді қамтиды. Бұл әдіс әсіресе қарым-қатынасқа мүлдем түспейтін, ең қарапайым нұсқауларды орындамайтын, зейіні тұрақсыз, өз денесіне бөгде адамдардың жанасуына мүмкіндік бермейтін балаларға қолданылады. «АВА» қағидасына негізделген емдеудің барынша кең тараған әдістеріне жеке блок түрде үйрету, кездейсоқ түрде үйрету, ауызша (вербальді) мінез-құлық тренингі, негізгі дағдыларды үйрету жатады.

Аутизмі бар балаларға бұл әдісті төмендегідей бағыттар бойынша қолдануға кеңес береді:
- Қиындық тудыратын мінез - құлқын алмастыратын дағдыларды үйрету. Осылайша бала нені «жасауға болмайды» дегеннің орнына «не істеу керектігін» үйрене алады.
- Жағымды мінез - құлқын арттырып жағымсыз мінездерін азайтады.

Бұл әдістемеде жеке блокта бала қарапайым нұсқауларды орындап үйренуден бастайды. Мысалы: «допты көрсет», «допты ал», «допты лақтыр», «допты қорапқа сал». Бала айтылған нұсқауды орындау дағдысы қалыптасқанда оған қосымша нұсқаулар беріліп отырады. Әрбір дұрыс орындалған нұсқау мадақталып, марапатталып отыруы тиіс. Осылайша бір блокта балада белгілі бір дағдылар қалыптасады. Дағдыларды бала мүмкіндігіне сай күрделендіре түсу қажет. Дәл солай өз-өзіне қызмет ету дағдысын, таным процестерін арттыруға, әлеуметтік ортаға ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға болады.Ал логопедиялық жұмыста, сәйкесінше дыбыстауды қайталату, буындарды қайталату, сөздерді қайталап айту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Сонымен қатар АВА терапия сөйлеу және коммуникация дағдыларын, зейін мен жадын және академиялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Сенсорлық интеграция әдісі

Аутизм синдромы бар балалардың көбінің сезінуінде ауытқулар байқалады. Олардың кей бір сезім мүшелері шектен тыс дамыған немесе керісінше сезімдерін интеграциялай алмауы мүмкін. Сенсорлық интеграция әдісі баланың сезімталдығын бәсеңдетіп, сезіну арқылы алған ақпаратты қайта құрылымдауына басты назар аударады. Бұл терапияның мақсаты - орталық жүйке жүйесінің сенсорлық стимулдарын өңдеу мүмкіндіктерін күшейту, теңгеру және дамыту болып табылады.

Томатис терапия әдісі
Томатис терапия - арнайы аудио-вокалдық жаттығы әдісі. Мақсаты- мидың есту арқылы алған ақпаратты қабылдап, өңдеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл әдіс негізінде жаттығулардың арқасында сөзді қабылдау және түсіну процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

PECS - карточкалар арқылы баламен қатынасқа түсу жүйесі. Бұл бағдарлама-баланың негізгі қарым-қатынас дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Аутизм синдромы бар балалар өзге балалар сияқты қарым-қатынасқа түсіп, әрекеттесе алмайды сондықтан, жоғарыда айтылған әдістерді қолдана отырып ерекше балаларға әлеуметтік ортаға бейімделіп, қарым-қатынасқа түсуге көмектесуге міндеттіміз. Әрине ол үлкен шыдамдылық, төзімділік және еңбекті қажет етеді. Бүгінгі таңда ол біздің барша қоғамның алдындағы жауаптыда өзекті мәселелердің бірі. 

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Детский аутизм и АВА» Роберт Шрами – 2013ж.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оыту және тәрбиелеу бағдарламасы.
«Зерек бала» Астана - 2010ж.
3. «Аутизмі  бар балаларды оқытуда кешенді әдістерді қолдану» Г.Т. Азанбекова - 2016ж.
4. «Как победить аутизм» Т. Кимельман -  2011ж.