Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - TEDx-форматында баяндама: «Инклюзивті білім берудің балабақшада ұйымдастырылуы»

TEDx-форматында баяндама: «Инклюзивті білім берудің балабақшада ұйымдастырылуы»

Сеитжапарова Жанар Амангельдыевна, «Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның меңгеруші

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МДТжТӘ кафедрасының аға оқытушысы

Қайырлы күн әріптестер!

Тіл дамуы кешеуілдеген балалар, гиперактивті балалар, міне, көбіне тізім осындай балалармен толықты. Алғаш осыдан екі жыл бұрын бізде шын мәніндегі «ерекше» бала кезікті. Біз қиындықты сол кезде сезіндік десек болады. Әрине маман өз жұмысын жасап тырысты, бірақ біздің тарапымыздан, ата ананың тарапынан түсінбеушілік көп болды.

 

Ата-ана баласының «ерекшелігін» еркелікпен шатыстырды, ал мен өз тарапымнан неге үлкен жерлерге больницаға апармайды деген оймен шектелдім. Әрине, бұл біздің білімсіздігіміз бен дайындығымыздың жоқтығы еді.

Ата-ана баланы басқа балабақшаларға ауыстырып әкетті. Өйткені топ ата-аналары қабылдағылары келмеді. Бірақ көп ұзамай сол ата-анамыз өзімізге қайта айналып келді. Міне, біз «инклюзивті білім беруді» нақты қолға алған тұсымыз сол баланың бізге қайта келуі еді. Сол кезде біз тек психолог пен дефектолог жұмысымен шектелу үлкен қателік екенін білдік.

Ата-ана тиісті мамандарға барды, арнайы мамандар кеңесін алып, баланың «ерекшелігін» мойындап бірге жұмысымызды бастадық. Қазіргі күні бала орта мектептің оқушысы.

Ал бүгінігі күнде балабақшамыздың 300 тәрбиеленушісінің 28-і логопед, дефектолог тобына келеді. Онда:

-сөйлеу тілі бұзылған

-психикалық дамуы тежелген

-аутизм белгілерімен

-жиі ауыратын балалар тәрбиеленуде

Екі баламыз ПМПК шешімімен «ерекше» білім беруді қажет етеді.

Аутизм белгісі бар қыз баламыздың «ерекшелігін» ата-ана қабылдағысы келмеді, сол кезде тағы бір қиындығымыз басталды. Балабақшадағы қылықтарын біздің тәрбиешілердің тәжірибесіздігі деп қабылдады. Бұл ата-ананың қабылдамауы болса, топ ата-аналарының күнделікті шағымы (баланы топтан шығару туралы) біздің жұмысымызды тығырыққа тіреді.

Ата-анамен ашық сөйлесу керектігін түсіндім. Әңгіме жүргізілді. Айғай-шу болды, жоғарғы жаққа шағымданатынын айтып, бірінші әңгімелесу сәтсіз аяқталды. Дегенмен біраз күннен соң ата-ана баланы Семей қаласына апарып, мамандар кеңесін алды, қазір ата-анамен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

«Ерекше» білім мен тәрбиені қажет ететін балаларға аты айтып тұрғандай «ерекше»үйрету талап етіледі.

Жыл сайын «инклюзивті» білім беру қажеттілігі артқан сайын, біз осы балаға қалай көмектесе аламыз? -деген сұрақ туады

«Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп Жолдауда айтылғандай, елімізде білім беруге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына ерекше көңіл бөлінетінін білдіреді.

Ерекше көңіл бірінші кезекте мектеп жасына дейінгі балалардан басталуы керектігін көрсетті.

Балабақшамыздың білім беру кеңістігіне «ерекше білім қажеттілігі» бар тәрбиеленушіні нәтижелі енгізу үшін басшы ретінде бірқатар міндеттерді шешуді жөн көрдім:

*балабақшада инклюзивті білім беру тәжірибесін енгізу туралы шешім қабылдау;

*білім беру бағдарламасы мен технологиялардың, мамандар біліктілігін, пәндік-дамытушы ортаны құрудың инклюзивті тәжірибені іске асыру шарттарына талдау жүргізу;

*«инклюзивті білім» ұғымымен жақын танысу, мақсатын, құндылықтары мен қағидаттарын талқылау үшін пед.кеңес өткізу. Жылдық жоспарды бекіту, мамандар тобын құру;

*инклюзивті оқыту үйлестірушісін тағайындау;

*«ерекше білім беру қажеттілігі» бар тәрбиеленушілерді анықтау, ПМПК-ға жіберу, қортындыларын алу;

*әр тәрбиеленушінің ерекшелігін ескере отырып жеке дамыту, түзету бағытын құру (ПМПК ұсыныстары мен мамандар диагностикасы нәтижелерін ескере отырып);

*ата-ананы жұмыс барысымен таныстыру, келісімін алу (сабақ кестесі мен күн тәртібін құру).

«Ерекше» балалардың ата-аналары көбінесе ерекше баланың дамуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін тек мамандарға жүктеп жатады. Ал бұл мәселе ата-ана, тәрбиеші, мамандар өзара тығыз байланыста шешу қажет.

Біз жалпы дамуы қалыпты балалар дың ата-аналармен кездесе келе «инклюзивті тәрбие мен оқытуға» қатысты типтік жаңылыстарын байқадық:

-тәрбиеші «ерекше» балаға көп көңіл бөледі,дені сау балалар шетте қалады;

-дені сау бала «ерекше» баланың мінез-құлық мәнерін өзіне бейімдеп жұқтырады.

Тек «ерекше» баланың ғана емес, жалпы ата-аналармен көптеген жұмыстар жүргізілді:

-әр топтағы «ерекше» баланың ерекшелігіне қарай мамандар бекітілді;

-топта тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, психолог, логопед, дефектолог, музыка, дене шынықтыру жетекшілері мен медбикелер жұмысы жоспарланды;

-жеке ерекшеліктер қалыпты дамыған балада да бар екені түсіндірілді.

-«ерекше» баланың өзінің сау құрдастарының мінездерін қайталайтынын, сол бағытта бейімделетініне, еліктейтініне куә болдық

«Ерекше» балаларға оқу мен тәрбие беруде міндетті түрде «ерекше» әдіс тәсілдер, ойыншықтар арқылы қол жеткізетініміз сөзсіз.

«Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда» бүгінгі күнгі басты бағытымыз:

  • «ерекше» балаларға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • инклюзивті білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • қызметкерлерді «ерекше» баланы қабылдауға дайындау;
  • қалыпты дамыған балалар ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • пәндік дамыту ортасын құру, толықтыру;
  • білім беру процесінің барлық қатысушыларымен серіктестік қарым қатынас құру: ПМПК, аудандық емхана, мектеп, педагогикалық жоғарғы оқу орны, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен байланыс;
  • басқа да мектепке дейінгі ұйымдармен желілік өзара қарым-қатынас.

Бұл біздің балабақшаның бүгінгі жұмыс жағдайы.

Ең бастысы, әрбір бала өзін қорғаулы, қауіпсіздікте екенін сезіндіру. Әр бала міндетті түрде ересек болады, оның ертеңгі жеңістері мен жеңілістері бүгінгі біздің шешімдерімізге байланысты болатынын ұмытпайық.