Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс жасау маңызы

Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс жасау маңызы

Құрманғазиева Д., «№8 орта мектебі» КММ-нің дефектологі, Өскемен қаласы

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы психикалық процестердің, қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым-қатынасын игеру үшін жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік физиологиясы, дифференциалды және практикалық диагностика пәндерін оқып-үйрену арқылы жүзеге асады. Тәрбие мен оқытудың күрделі міндеттерін шешу көбіне педагогтың кәсіби шеберлігіне тәуелді.

 

Психологиялық коррекцияның мақсаты, міндеті, мазмұны Д.Б. Эльконин көрсеткендей «даму үдерісі, белгілі мағынада, айналмайтын үдеріс, бұл жерде «рекламациялар» — жасөспірімді, жастарды «жетілдіру үшін» қайрадан мектепке қайтару мүмкін емес. Сондықтан да баланың дамуындағы ауытқудың алғашқы белгілерін байқау маңызды. Арнайы оқу-тәрбиелік мекемелерде оқып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуының динамикасын бақылау дер кезінде дамуды коррекциялауға (түзетуге) мүмкіндік береді. Оның мақсаты әлсіз, оқуда артта қалған, дамуы тежелген балаларға оптималды мүмкіндіктер мен жағдайларды жасап олардың кейінгі дамуына мүмкіндік беру болып табылады.

Коррекцияның (түзетудің) мақсаты мен міндеттерін белгілеу үшін мүмкіндігі шектеулі баланың жас ерекшеліктері мен потенциалды мүмкіншіліктеріне көңіл аудару қажет.

Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамыса, енді біреулері ақырын дамиды. Әр баланың дамуына байланысты түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап өткізген өте тиімді.

Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды. Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін анықтауға бағытталған психолог пен педагог-дефектологтың біріккен іс-әрекеті.

Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен байланысты қалыптан тыс тәртібі.

Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларындағы дезадаптацияның белілері болып қойылатын талаптарды игерудегі және орындаудағы қиындықтар, үлгерімнің төмендігі, тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін. Бұның психологиялық себептері болып функционалдық дайындығының төменгі деңгейі – жетілмеуі (мектеп жасына сәйкеспеуі), басқаша айтқанда белгіленген ми құрылымдарының, жүйке-психикалық функциялардың даму дәрежесінің мектептегі оқу міндеттеріне сәйкеспеушілігі. Мектеп жасына сәйкеспеуі, жетілмеуі келесі функциялардың төмеңгі деңгейінде байқалынады: ұсақ моторикасының, «көз-қолдың» реттелуінде, іс-әрекетінің, тәртібінің және т.б. үлгіге сүйенуінде.

Әр балада-өз мектеп проблемалары мен қиындықтары бар, ал сыртқы бірдей қиындықтардың ішінде олардың пайда болуының түрлі себептері жатыр. Сондықтан да коррекциялық жұмыстың бағытын таңдау күрделі және жауапты. Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы, мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік- жігеріндегі, қимылындағы және т.б.) ауытқуларды психологиялық-педагогикалық коррекциялау (түзеу).

Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің бағыты; арнайы оқытуды қажет ететін адамдарға емдеу және алдын алу көмегін көрсету; ерте жастан көмек көрсету; мектепте дейін тәрбиелеу; мектепте білім беру; кәсіби-оқыту; әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік көмек. Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің мазмұны: мүмкіндіктері шектеулі балаларға түрлі түзету-педагогикалық, әлеуметтік және емдік көмекті ұйымдастыру: дамуында пайда болған ауытқулардың түрлеріне ерте анықтау, арнайы мектеп жасына дейінгі және мектеп мекемелерін, оңалту орталықтарын толықтыру, ерте араласу және мектепке дейінгі тәрбие, мектеп білімі; кемтар балаларға әлеуметтік және арнайы білімді қажет ететін адамдарға әлеуметтік көмек және қызмет көрсету, дәрігерлік мекемелерінде денсаулық сауықтыру орталықтарының жұмысы, емдік мекемесіндегі логопедиялық кабинеттерінде кеңестік және түзету жұмысы. Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту –тәрбиелеу және нақты арнайы білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапқы қызметтерді атқара алатындығына бағыттайды.

Қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет етеді. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәні әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуі, оқушылармен қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Жеке тұлғаның өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиет сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәресте сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Еліміздің өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азамат пен азаматшалар тәрбиелеу керек.

Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу,оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және сурет салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001.

2. Дубровина И.В. Об индивидуальных особенностях школьников. – М., 1975.

3. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды: „САНАТ–Полиграфия“, 2008.

4. Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982.