Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңа нұсқадағы «Үйшік» ертегісінің сценарийі

Жаңа нұсқадағы «Үйшік» ертегісінің сценарийі

Джумагулова Арай Серикболовна, «№ 4 «Балдәурен» ясли–бақшасы» КМҚК-нің музыка жетекшісі, Семей қаласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мектепке дейінгі мекемедегі музыка жетекшілері мен тәрбиешілерге қажетті. «Үйшік» жаңа нұсқадағы ертегісі ересек топтарға арналған. Балаларды осы ертегі арқылы кейіпкерлер бейнесіне еніп, мінез-құлықтарын беріп, сөздерін жатқа білуге, түрлі эмоцияларды беру арқылы дауыс ырғағын келтіруге, ойын арқылы әрекет етуге, үйрету. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы қиял, есте сақтау мен әртістік қабілетке баулу. Балалардың театрға деген қызығушылық сезімдерін ояту, ертегі арқылы қайсарлыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

Бұл шараның нәтижесінде балалар ертегіні диалог түрінде қарапайым сөйлеу арқылы сомдап, қимылмен, ыммен көрсете біледі, балалардың өздеріне деген сенімділіктері артады. Сахнаны сезіне отырып, сайыста жеңіске жету үшін жан-жақты өнерлерін көрсетеді. Ертегінің жаңа нұсқасы арқылы ән, би, электронды ойын, музыкалық ойын, өтірік өлең, музыкалық ырғақтық қимылдарды үйлестіре отырып, әртістік қабілеттерін шыңдайды. Ертегі еліне сиқырлы кілемше арқылы барулары, экран арқылы кейіпкер Алдардың келуі балаларға тосын сый болды. Сайысқа қатысу арқылы бүлдіршіндердің бойына театрға деген қызығушылық, шеберліктері мен ертегідегі кейіпкерлер арқылы достық, адамгершілік қабілеттерін арттыра білді. Ертегіні толық меңгеріп, жоғарғы деңгейде сомдады.

Тақырыбы: «Ерте , ерте, ертеде ...»

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Коммуникация»

Бөлімдері: Музыка, драма

Мақсаты: Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, мінез-құлықтарын беріп, кейіпкерлердің сөздерін жатқа білуге үйрету.

Міндеттері:

1.Балалардың өзіне деген сенімділігін арттыру, үйлесімді қимылды және түрлі мәнерлілік құралдарын қолдану, білігін жетілдіру. Сахнаны, алаңды бағдарлай жүріп, сахналауда кейіпкерлердің мінездерін көрсете білуге өз рөлдерінің сөзін мәнерлеп айтуға үйрету (қимылмен, ыммен). Ертегі оқиғаларын дәйектілікпен орындап, түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағын келтіре білуге, ойын желісіне сәйкес балаларды әрекет етуге үйрету.

2.Балалардың ертегіні диалог түрінде қарапайым сөйлеуге, интонация, қарқын сөз әуезділігі, ырғақты қимылды, кейіпкердің бейнесін жеткізе білу білігі, ертегі желісін жобалай отырып, рөлдерге бөліп ойнау арқылы қиял, есте сақтау мен әртістік қабілетін дамыту.

3.Балаларды ұжым болып ойнауға, рөлдерді бөлісе білуге және театрландырылған іс-әрекетке деген қызығушылыққа баули отырып, ертегі арқылы қайсарлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Балалар:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.


Жүргізуші: (Осы кезде электронды почтаға хат келгендегі дыбыс естіледі.) Ой,балалар, біздің электронды почтамызға хабарлама келген сияқты. Қазір ашып көрейін. Кімнен келген екен. Бұл Алдар көседен келіпті, - депашып оқиды.

Арай Серікболқызы, Ертегі елінде өтетін жас таланттар сайысына шақырамыз. Байқау ережесімен танысасыз. Сайысқа қатысқыларыңыз келсе, жылдам ертегілер еліне жетіңіздер. Сайыстың қорытындысы электронды түрде жіберіледі.

Жалпы ереже

«Ерте, ерте, ертеде ...» атты балалар арасында өтетін сахналандырылған қойылым сайысы 2018 жылдың 20 сәуір күні сағат 10.00 Ертегілер елінде өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- Балалардың ертегіні диалог түрінде қарапайым сөйлеуге, интонация, қарқын сөз әуезділігі, ырғақты қимылды, кейіпкердің бейнесін жеткізе білу білігі, ертегі желісін жобалай отырып, рөлдерге бөліп ойнау арқылы қиял, есте сақтау мен әртістік қабілетін жетілдіру;

-Балалардың бойына эстетикалық тәрби бере отырып, өнерді сүюге баулу.

- Ертегіні қазіргі заманауи етіп өзгерту шеберліктерін көрсету.

Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктері :

Кіші топтар 4-5 жас

Орта топтар 6-8 жас

Байқаудың жүлделері:

Бас жүлде I, II, III жүлделі орындары, номинациялар

Мекен-жайымыз:

Ертегілер елі мекені, Ертегі сарайы көшесі, 1 үй

Жүргізуші: Бізде өзіміздің актерлік шеберлігімізді сынап көріп, сайысқа қатысайық. Ертегі елі бірақ алыста ғой. Қалай ойлайсыңдар? Ол жаққа қалай тез жетуге болады?

Балалардың жауабы:

Жүргізуші: Ертегі еліне тез жету үшін бізге мына сиқырлы кілем көмектеседі. Міне, мына осы кілемге отырып, ертегі еліне барамыз – деп, кілемді ашып оның тесік екенін көреді.

-  Балалар, кілем тесік қой, оны не тесіп кеткен?

Балалардың жауабы:

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше ертегі еліне жету үшін кілемді жамауымыз қажет. Ол үшін мына геометриялық пішіндердің ішінен кілемнің тесігіне ұқсас пішінді таңдап алуларың керек.

Балалар: Керекті пішінді алып кілемді жамайды.

Жүргізуші: Балалар, қандай геометриялық пішін арқылы кілемнің тесігін жамадыңдар?

Балалардың жауабы:

Жүргізуші: Міне, балалар кілем де дайын болды. Кане, ендеше кілемшеге келіп отырыңдар, ертегі еліне тездетіп жетейік. Ол үшін бәріміз көзімізді жұмайық.

(Осы кезде шуылдаған құстардың, жануарлардың дыбыстары естіледі.)

Жүргізуші: Міне, балалар, ертегі еліне де келіп жеттік. Қане көзімізді ашайық. Шаршаған боларсыңдар, отырып демалайық. Ертегі елі, қандай әдемі.

(Осы кезде Мен Алдармын әні естіліп, экранға Алдар көсе шығады.)

Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Ертегі еліне қош келдіңдер. Өздеріңмен орта толсын. Енді ертегі елінде өтетін жас таланттар сайысының бірінші кезеңнен өту үшін «Әуен арқылы кейіпкерді тап» ойынын ойнау қажет. Ендеше мұқият болыңыздар.

Шарты: Проектор арқылы ертегі желісі бойынша кейіпкерлерге сай келетін әуен ойналады. Ал, балалар, әуен арқылы кейіпкерлерді табулары керек.

Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар! «Әуен арқылы кейіпкерді тап» ойынындағы кейіпкерлер қандай ертегіде кездеседі?

Балалардың жауабы:

Алдар көсе: Ой, бәрекелді! Бірінші кезеңнен сүрінбей өттіңдер. Ал, енді екінші кезеңде осы орыс халқының «Үйшік» ертегісін сомдауларың қажет.Ендісендердің өнерлеріңді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар (таныстырады). Құрметті әділқазылар алқасы, өнерпаздарды 5 - 10 сан аралығындағы балмен бағалауларыңыз қажет.

Жүргізуші: Балалар, енді біз балабақшамыздың дәрежесін түсірмей, өзіміздің актерлік шеберлігімізді шыңдау мақсатында ертегіні жоғары дәрежеде сомдап шығуымыз керек. Балалар, мен сендердің ертегіні жоғары дәрежеде сомдап шыға алатындарыңа сенімдімін. Сендерге сәттілік тілеймін.

Құрметті қонақтар, «№ 4 «Балдәурен» ясли-бақшасының № 6 «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің сахналауындағы «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.

- Ерте, ерте, ертеде орманда сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі бір үйшік болыпты. Ол үйшіктің жанынан екі тышқан өтіп бара жатып:

Тышқандар:

Біз тықырлауық тышқанбыз,

Өз інімізден шыққанбыз.

Адал достар іздеп біз

Орманға да келдік біз.

Үйшікті көре таңғалып, есігін қағып былай дейді:

Тышқандар: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?

Жүргізуші: Ешкім үн қатпаған соң тышқандар үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыт өткен соң үйшіктің жанынан бақылдауық балалар өтіп бара жатып, үйшікті көреді де, есігін қағып былай дейді:

Бақалар: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кімдер тұрады?

Тышқандар: Біз - тықырлауық тышқанбыз. – Ал сендер кімсіңдер?

Бақалар: Біз - бақылдауық бақалармыз. Біз сендермен бірге тұрайықшы?

Тышқандар: Бізбен тұрғыларың келсе біздің көңілімізді көтеріңдер?

Бақалар: Біз өте өнерліміз. Сондықтан да біз сендерге «Әзіл ән» орындап берейік.

«Әзіл ән»

  1. Біз көңілді, әзіл қой

Бақылдауық бақамыз.

Әзілдесіп, ән айтып,

Жүргенді ұнатамыз.

  1. Біз көңілді достармыз,

Көл басында жатамыз.

Суға келген жандарды,

Су бүркігішпен атамыз.

  1. Секіреміз, билейміз,

Тек ешкімге тимейміз.

Суға кеткен жандарды,

Жағалауға сүйрейміз.

Тышқандар: Сендер өнерлі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Келіңдер, бізбен бірге тұрыңдар.

Жүргізуші: Міне, осылай тышқандар мен бақалар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Бір күні үйшіктің жанынан айлакер қу түлкілер өтіп бара жатып әдемі үйшікті байқап қалып, есігін қағып былай дейді:

Түлкілер: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кімдер тұрады?

Барлығы: Біз - тықырлауық тышқанбыз. Біз - бақылдауық бақамыз. Ал сендер кімсіңдер?

Түлкілер: Біз - айлакер түлкілерміз. Біз сендермен бірге тұрайықшы?

Барлығы: Бізбен тұрғыларың келсе, біздің көңілімізді көтеріңдер?

Түлкілер: Біз би билегенді ұнатамыз. Ендеше біздің биімізді тамашалаңыздар.

Би: «1,2,3 ча - ча - ча»

Қ Айша Бақа: Сендер өнерлі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Келіңдер бізбен бірге тұрыңдар.

Жүргізуші: Міне, осылай бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатады. Бір күні үйшіктің жанынан ытқып-ытқып секіріп қояндар өтіп бара жатып әдемі үйшікті байқап қалып, есігін қағып былай дейді:

Қояндар: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кімдер тұрады?

Барлығы: Біз - тықырлауық тышқанбыз. Біз - бақылдауық бақамыз. Біз - айлакер түлкіміз. Ал сендер кімсіңдер?

Қояндар: Біз - қорқақ қоянбыз. Біз сендермен бірге тұрайықшы?

Барлығы: Бізбен тұрғыларың келсе, біздің көңілімізді көтеріңдер?

Қояндар: Біз ойын ойнағанды жақсы көреміз. Жүріңдер бізбен бірге ойын ойнаңдар. Ойын: «Сиқырлы қоңыраулар»

Шарты: Ортаға қояндар шығып, музыка әуенімен қоңырауда ойнайды, ал қалған кейіпкерлер шеңберді айналып жүреді, музыка әуені ауысқан кезде кейіпкерлер қолдарын шапалақтайды, ал қояндар қоңырауда ойнап, шеңберді айналып жүріп жүгіреді. Кенет музыка әуені тоқтағанда қолдарындағы қоңырауды басқа кейіпкерлерге берулері керек. Осылай ойын жалғаса береді.

Барлығы: Сендер өнерлі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Келіңдер, бізбен бірге тұрыңдар.

Жүргізуші: Міне, осылай бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатады. Бір күні үйшіктің жанынан сұр қасқырлар өтіп бара жатып, әдемі үйшікті байқап қалып, есігін қағып былай дейді.

Қояндар: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?

Барлығы бірге: Біз - тықырлауық тышқанбыз. Біз - бақылдауық бақамыз. Біз - айлакер түлкіміз. Біз - қорқақ қоянбыз. Ал сендер кімсіңдер?

Қасқырлар: Біз - сұр қасқырмыз. Біз сендермен бірге тұрайықшы?

Барлығы: Бізбен тұрғыларың келсе, біздің көңілімізді көтеріңдер?

Қасқырлар: Ендеше бізбен бірге серігіп бойларыңды жазып алыңдар. Қане, достар бері келіңдер.

Музыкалық ырғақты қимыл:

Топырлатып аяқты топ-топ,

Қолымызды созайық шапалақ- шапалақ.

Тез жылдам отырайық 1-2, 1-2.

Басты алға созайық, міне былай.

Тоқтамай енді бірге біз,

Бір орында секіреміз, секір-секір.

Ұлдар менен қыздар,

Саусақтарығды жазыңдар 1-2,1-2

Бірге әрі жылдам терең,

Жаттығуды жасаңдар.


Барлығы бірге: Сендер өнерлі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Келіңдер, бізбен бірге тұрыңдар.

Жүргізуші: Міне, осылай бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатады. Бір күні үйшіктің жанынан қорбаңдап, маймақ аю өтіп бара жатып әдемі үйшікті байқап қалып, есігін қағып былай дейді:

Аю: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?

Барлығы бірге: Біз - тықырлауық тышқанбыз. Біз - бақылдауық бақамыз. Біз - айлакер түлкіміз. Біз - қорқақ қоянбыз. Біз - сұр қасқырмыз. Ал сен кімсің?

Аю: Мен - маймақ аюмын. Мен сендермен бірге тұрайыншы?

Барлығы бірге: Бізбен тұрғыларың келсе, біздің көңілімізді көтер?

Аю: Өзімнің білгенімді достарыма үйретуге әрқашанда дайынмын. Жүріңдер достар оркестрде ойнайық.

Оркестр: «Көңілді оркестр»

Барлығы бірге: Сен де өнерлі екенсің. Кел, бізбен бірге тұр.

Жүргізуші: Аю үйшікке кірмек болады, бірақ үйшікке сыймайтын болғандықтан кейіпкерлермен дос болып қалып, өз апанына қайту керектігін айтады.

Аю: Достар, менде сендерге ризамын. Көңілдеріңе рақмет. Мен үйшікке сыймаймын. Сондықтан да мен апаныма қайтып оралайын. Күн болса суық. Сендер жылы үйшіктеріңде тұра беріңдер. Ал, достығымыздың белгісі ретінде «Достар» әнін шырқайық.

Ән: «Достар»

Ренжітпе досыңды, мен қостаймын осыны,

Тату ойнап әрқашан, көтер көңіл хошыңды.

Ойнайықта күлейік, көңілденіп жүрейік.

Бақыт кілті достықтың татулық деп білейік.

Жүргізуші: Осымен біздің сахналық қойылымымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Балалар сайыстың қортындысын электронды түрде жібереді екен. Сондықтан да кілемшеге отырып, балабақшамызға қайтайық. (Барлығы кілемшеге отырып, көздерін жұмып, балабақшаға оралады.)

Міне, балалар, балабақшаға да келіп жеттік, шаршаған боларсыңдар отырып демалыңдар.

(Осы кезде электронды поштаға хат келгендегі дыбыс естіледі. Экраннан сайыстың қортындысын көрсетеді).

Жүргізуші: Ертегі елінде өткен жас таланттар сайысында актерлік шеберліктерін көрсеткендері үшін «№ 4 «Балдәурен» ясли-бақшасының № 6 «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері «Ең үздік сахналық қойылым» номинациясымен марапатталады.

Балалар, құттықтаймын, ертегілер еліндегі өткен сайыста«Ең үздік сахналық қойылым» номинациясын жеңіп алыппыз. Жарайсыңдар! Жүріңдер, бұл жақсы жаңалығымызбен бөлісейік – деп, залдан шығып кетеді.