Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәуелсіздік - тұғырым

Тәуелсіздік - тұғырым

Канафьева Жанна Ирджановна, «Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Баланың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру. Балалардың өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәуелсіз, Егеменді сөздерінің мағынасын түсіндіру. Балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.

 

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Әбішұлы рәміздер туралы бүктемелер, рәміздер. Тәуелсіздік құрбандарының суреттері.

-Балалар, біз өткен сабағымызда қандай мерекені атап өттік.

Балалар: Тәуелсіздік  күні.

Тәрбиеші: Сендер тәуелсіз елдің ұрпағысыңдар .

-Тақтаға назар аударайықшы  не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Әнұран, елтаңба, ту.

Тәрбиеші: Осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?

Балалар: рәміздер.

Тәрбиеші: Олай болса, туға назар аударайықшы.

Тудың түсі қандай?

Балалар: Көк.

-Дұрыс айтасыңдар, көк түс бірлік пен ынтымаққа шақырады.

-Тағы не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Күн.

Тәрбиеші: Күн байлықпен береке белгісі.

Тәрбиеші: Тағы не көріп тұрсыңдар.

Балалар: Қыран құс.

Тәрбиеші: Қыран құс - ерлік пен елдіктің бостандықтың  белгісі.

-Тағы не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Ұлттық ою:

Тәрбиеші: Ұлттық өрнек халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді.

Айгерім:  Көк аспанның түсі бар

                    Ортасында күні бар

                   Қыран ұшқан қалықтап.

                    Туымызды салайық.

Тәрбиеші: Олай болса, Paint программасымен туымыздың суретін салайық. Денемізді тік ұстап, бір-бірімізге кедергі жасамай жұмысымызды орындайық.

Компьютермен жұмыс.

Тәрбиеші: жұмысымызды аяқтап қалсақ тәуелсіздік туралы тақпақ айтайық.

Ажар:

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Диана:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

-Балалар, біз өз рәміздерімізді ерекше қадірлеуіміз керек. Елімізде мәңгі тыныштық болсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.