Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Менің – Қазақстаным (технологиялық карта)

Менің – Қазақстаным (технологиялық карта)

Сәрсекенова Ақбота Жомартқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын Дән» балабақша» КММ-нің «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы рәміздері туралы  білім беру.

 

Барысы:

Ұйымдастырушылық кезең. Шаттық шеңбер.

«Атамекен» әнімен балалар шеңбер құрып тұрады.

- Балалар, бүгін бізде мереке. Бүгін Қазақстан Респуликасының рәміздер күні екен. Ендеше біз Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұранын  мұқият тыңдайық.

-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық. Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Айша:Ақбота Жомартқызы қазак елі туралы ертегі айтып беріңізші.

- Әрине балалар айтып беремін.Ол үшін біз қазақ еліне саяхатқа барайық.

Фланеграф тақтасын пайдаланып ертегіні түсіндіру.

Ерте, ерте, ертеде «Қазақ елі» деген ел  болыпты. Ол қазақ елін үлкен Қазақстан мемлекеті деп атаныпты. Ол мемлекетте көптеген  ұлттар тұрыпты. Қазақстан мемлекетінің  өз ерекшеліктерін білдіретін әнұраны болыпты, туы болыпты, тудың түсі аспанның түсіне ұқсап бейнеленген екен, елтаңбасы бар. Осылардын бәрін олар рәміздер деп атаған екен. Осындай үлкен қазақ елін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елбасы басқарған екен.

- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертегіде не туралы айтылды? Қазақ  елі, қазақстан мемлекетінің рәміздері, елбасы.

Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер Рәміздерімізді құрметтеп, әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.

- Ал енді, балалар, ертегі тыңдап шаршаған шығарсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті. Бейнебаянмен қимыл қозғалыс жаттығу.

-Өте жаксы бір шынығып алдық.

Балалар тақтаға назар аударайықшы, нені көріп тұрмыз.

Дұрыс айтасыңдар Қ Р туы.

Ендеше осы бейнеленген ҚР туын қима қағаздардан құрастырайық.

Дидактикалық ойын. «Ту құрастыру». Шарты: Қима суреттен Қазақстан ту бейнесін құрастыру. Жұптық жұмыс.

Ертегіде баяндалған «Қазақстан» мемлекетінің қазақ елінің бейбітшілік, тәуелсіз ел екенің  бейнебаяннан  тамашалайық.

Қорытынды: Бейнебаян тамашалау

Міне, балалар,біз осындай егеменді Қазақстанда  тұрамыз.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат болып өсіңдер деген тілекпен бүгінгі  сабағымызды аяқтаймыз

Сабағымыздың соңында мен сендерге –Қазақстан деп аталатын тәттісін сыйға тартқым келеді.