Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту
Акрамханова Құралай Кумарбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Волейбол ойынының ережелері
Волейбол ойыны аумағы 9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы 250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.
- Подробности
- Категория: Әдістемелік қоржынКатегория: "Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №12(31)2019
- Просмотров: 3