Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Шығармашылық қанатында болашақты жасаймыз!

Шығармашылық қанатында болашақты жасаймыз!

Машаева Асылжан Базиолдановна, «№1Марқакөл орта мектебі» КММ-нің өзін-өзі тану мұғалімі, Күршім ауданы

«Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»

Уильям Уорд

Бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргілері келеді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа және мұғалімге тура қатысты. Өз басым топ ішіндегі кез келген жағдайдан шығарда алдымен ұйымдастырушылық қабілетімді алға тартамын. Қыр-сыры мол ұстаздық қызметтің жүрегімнен орын тапқаны сол, себептен болар?!

 

Мұғалім мамандығы шабытты еңбек. Жоғарыда айтып өткенімдей, мен сынып жетекші ретінде өз сыныбымда және өзін-өзі тану пәні мұғалімі ретінде сабақтарымда бала бойындағы барлық құндылықтарды көріп, ішкі сырларын ашуды әркезде көздеп отырамын. Бала қиялы мен шабыты өте шексіз. Қызығушылық, ұйымдастырушылық, шығармашылық кез келген баланың шабытын оятады. Өз сыныбым мектептегі іс-шаралардың барлығынан алда жөреді. «Жылдың үздік сыныбы – 2016, 2017, 2018» деген атқа да ие болып үлгерді. Мектебімізде қалыптасқан патриотық тәрбие беруде жыл сайын саптық шеру байқауы өтеді. «Саптық шеру-2016, 2017, 2018, 2019» жылдардағы саптық байқауларда бас жүлдені жеңіп алды. Бұл байқауға оқушыларымды дайындап, әскери жаттығуларды мүлтіксіз орындап шыққанда өзім де ләззат алып, шабыттанамын. Еш сайыстан жеңіліс тапқан емес. Қайталанбайтын дүниелер жасап, жаңа идеялар ұсынып, ұйымдастырушылық пен шығармашылық қабілеттерімді барынша сала отырып, бала қызығушылығына түрткі болып шабыттындыра түсемін. «Жаңашыл ұстаздың жаңалығы көп болады» - деген ата-аналардың маған көздеген сенімді сөздері де оқушыларыма әсерін тигізіп келеді. Бұл - мен үшін де шабыт. Әр бала өз қабілетіне қарай міндеттерін де жақсы біледі, үлкен жауапкершілікпен орындайды. Бірі қойылым сәтінде, бірі өнер көрсетуде ал, енді бірі жаңашылдыққа бейімделіп алған шабыттарын көздеген мақсатқа жеткізеді. Сабағымда жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алып, ойы мен сөзі және ісі бір жерден шығатын мейірімді адамды тәрбиелеу- алға қойған мақсатым. Өз тәжірибемде жарыс сабақтар, тренингтер, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіп, оқушыларды мәңгілік құндылықтарға үйретемін. Біз өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі бақыттымыз деп ойлаймын. Алдымда отырған жеткіншекке биік сезім мен адам әрекетке шабыттандырудан нағыз ләззат аламын. Оның шеберлігі баланы ізденіс пен жаңалыққа ұмтылдыру, шығармашылыққа баулу. Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Себебі нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға көзім жеткендей болды. Мен оқушыларды шабыттандыру үшін ол оқушыны түсінуге, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Бір оқушыға «жарайсың», «сенің қабілетің бар» «сен бүгін белсенді қатысып, қуантып отырсың» деген сөздермен шабыт беріп отырамын. Менің сабағымнан, әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралардан әр оқушы шабыттанып шықса, ол менің жұмысымның нәтижесі.Жыл сайын облыстық интеллектуалдық «Үркер» конкурсында өзін-өзі тану пәнінен 2017 жылы 1-5 сыныптар арасында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болса, 2018 жылыөзін-өзі тану пәнінен 1cыныпта 6 оқушы - Iорын; 2сыныпта 1оқушы - IIIорын; 4сыныпта 1оқушы - IIIорын: 5сыныпта 10 оқушы - III орындарға ие болды; 2019жылы:өзін-өзі тану пәнінен 1cыныпта 7 оқушы III орындарға ие болды. "Мейірімділік әлемді құтқарады" республикалық интернет-байқауға 6 оқушы қашықтықтан қатысып, сурет көрмесінен ЗикеноваА – II дәрежелі дипломмен, қалғаны алғыс хаттармен марапатталды. Жыл көлемінде, пәндік апталықтарда әртүрлі шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтқанда "Ізгілік бесігін тербеткен ана" атты бастауыш сыныптарға арналған таңертеңгілік жиын; "Менің елім-Қазақстан" Сурет көрмесі 2019ж, “Табиғатты аяла!” сурет сайысы 2019ж, «Руханилықтың мөлдір бұлағы», «Алтын жүректі анамыз», «Ізгілік жолында» атты таңғы жиындар әр буындарда, «Жақсылық жан жадыратады» атты сахналық көрініс қоюдан, «Ән –көңілдің ажары» атты ән байқауы, «Алтын жүректі анамыз» көркем сөз оқу сияқты шаралар өткізіліп тұрады.«Қайырымдылық –жер бетінде», «Жан жылуы», «Аялы алақан» атты мектепішілік қайырымдылық акциясы 9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды; «Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» атты 7 сынып ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. 5-7 сыныптар арасында «Сүйіспеншілікке апарар жол» атты сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. «Халықтар достығы» атты ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен шара өткізілді. (Қосымша1)

Мұғалімнің еңбегінің нәтижесі, ол алдындағы шәкіртінің шабытталып қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен көреді деп санаймын. «Болат қайнауда шыңдалады»,- демекші оқушылардың шығармашылығын шыңдауда облыс көлемінде өзін-өзі тану пәнінен әртүрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырылса, мұғалімнің де, оқушының да шыңдалуына жол ашылып, пәнге деген қызығушылықтары арта түсер еді. Л.Н. Толстой «Егер мұғалім өз ісін сүйсе, ол жақсы мұғалім» деген. Әр адам өз өмірінің суретшісі деп айтылса өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі идеал адамның мүсіншісі, өмір теңізінде жол сілтеуші деп ойлаймын.