Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Заманауи білім берудегі инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттың технологияларды қолдану ерекшеліктері

Заманауи білім берудегі инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттың технологияларды қолдану ерекшеліктері

Темиралова Г.Т, Өскемен қаласының «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр” деген болатын. Қазіргі заман мұғалімімен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруге жаңалыққа жаңа құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен иновациялық әдістердің сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8- бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезінде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдері үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагокалық технологияны меңгеру.

“Халық пен халықты теңестіретін - білім” – деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болумыз керек. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру .

Инновациялық технологияларды қолдану, оқып үйрену, меңгеру өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады.

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білм беру үрдісінің негізгі бөліктері

Мақсаты - мазмұн форма әдіс оқыту көрнекілігі болса, бүгінгі жаңа-технология бойынша оқып үйрену меңгеру өмірге енгізу дамыту болып өзгерген.

Қазіргі кезде көп айтылып жалқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау.

Иннновациялық 3 бөлімнен тұрады:

I-бөлім, кәсіби шеберлік

II- бөлім, біліктілік дағдылары

III- бөлім, жүзеге асыру, қолдану.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы- оқутудың негізгі мақсаты.

Оқушының ойлау қабілеті арттыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым.Әсіресе, мен баламның білімге деген қызуығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:

  1. Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
  2. Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  3. Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
  4. Жарыстар, салыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
  5. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтармен таныстырып отыру.
  6. Қызықты тәжірбиелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
  7. Көп тараған түрі ол- мультимедиалық презентациялар
  8. Флеш-фильмдер.
  9. Берілген материалды бекіту мақсатында сабақта тесттер мен тренажерларды пайдалану. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынандай.

1.Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәлеметтер көлемі ұлғайтады.

2. Пәнге деген танымдық қызығушылығы артады.

3. Теориялық материалды толық игеруге болады.

4. Біз көзқарасын нақты және қысқаша қалыптасу дағдысы орнайды.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиялары меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу-оқыту мақатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқутыдың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі реттінде қарастырылатын жаңа әдістердін жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологияларынан ерекшелігі мынада:

-Білім алушы тулғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-Білім алушы мен мұғалімнің белсенділігін сәйкес болуы;

-Мұғалім мен білім алушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың даму функциясы білім алушы тұлғасы жетілдігуге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын турғасынан ойлауды дамыту тенологиясы» т.б жатады. Осы технологияларды сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен тұжырымынан байқауға болады. Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілет арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Қорыта келгенде, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, оларды тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шындай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдарды жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды тереңигеруін, іске асыруы және оған сай босатын іскерлікті талап етеді. XXI ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Сондықтан да жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады.

Әдебиеттер

  1. Н. Назарбаев Қазақтан халқына жолдауынан. Астана,2011ж
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000ж
  3. Сарбасова Қ.А Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006
  4. Сынып жетекшісінің анықтамалығы журнал №11- 2013
  5. Г.Ақпанбетов, Сабақта жаңа технологияны қолдану.
  6. Б. Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім. №5, 2007ж.