Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білім беру мазмұнын жаңарту

Жаңартылған білім — болашақтың кепілі

 Турканова Нургуль Табараковна, «А.Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

           Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осыған орай 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа жүйесіне көшті. Еліміздің орта білім аймағында болып жатқан жаңалығы бізді де бей-жай қалдырмағанын жасырмаймын. Бұл бағдарламаның өзгешілігі даярлық сыныбынан бастап балаға спиральді білім беру болып табылады. Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып, келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылып, күрделілігі артып отыратынын естігенде менің ішкі дүниемде бір қуаныш пайда бола бастады. «Қайталау – білім анасы» деген сөзі бар емес пе? Бала жылдан жылға қайталап, тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп тұрса, балаға оқу үдерісінде қиынға соқпайды.

Подробнее...

«Робототехника негіздері» курсында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың алғашқы нәтижелері

 Сағитханқызы Әйгерім,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың «Академиялық» бөлімінің бас маманы

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым беруді дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Заманауи жағдайда білім беру мен ғылым жаңарудың алдыңғы қатарлы экономикасы адами капиталдың жоғары деңгейі есебінде гүлденуде. Бұған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді»,- деп айтылған.
    Бағдарлама келесі аспектілерге назар аударады:
    -  оқушылардың қабілеттіліктерін дамыту, әлеуметтік және эмоционалды дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі;
    - STEM-білім беру контекстінде мектепте жаңартылған білім беруге көшу;
    - оқушыларды танымдылық және дамытудың белсенді процессіне ынталандырудағы пәнаралық және жобалау тәсілі.

Подробнее...

Жаңартылған білім беру аясында дене шынықтыру пәнін оқытудың өзекті мәселелері

Болысбаев Сарсенбек Советович, Ақсуат орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Тарбағатай ауданы
Чекетаева Роза Саркытбековна,«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы, т.ғ.к.

      Білім мазмұның жаңарту барысында дене шынықтыру пәнін оқытуда да біршама өзгерістер бар.  Әсіресе бағалауда, қазіргі таңда тоқсандыққа цифрмен баға қойылмайтын болды, пәннің ерекшелігіне байланысты сынақ қойылады.  Сабақтың соңында да  оқушылар оқу мақсатына жеткендігін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатамыз. Қатты ұнағаны оқу мен оқытуда саралауды қолдану. Себебі, саралау арқылы медициналық анықтамасы бойынша сабақтан босатылған, немесе аз жүктемесі бар оқушыларға жекелей сараланған тапсырма беретін болдым. Мысалы, әр топтың «Борт журналын» сарапшы балалар толтырып отырады, сарапшы ретінде арнайы медициналық топта тіркелген балалар бойынша қиындық аз түсірілетін оқшылар алынады.

Подробнее...

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда графикалық органайзерлерді пайдалану тәсілдері

 Тлеубердинова Венера Муратбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың мониторинг жане талдау бөлімінін бас маманы
   Бүгінгі білім берудің жаңа жүйесі мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің зерттеу жұмыстарымен сабақтастығын талап етеді. Бұл мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру әрекетін ұйымдастыруда, шығармашылыққа баулуда, сыни көзқарас қалыптастыруда маңызды істердің бірі.
     Кез келген оқылымға арналған материал негізінде оқушыны зерттеуге үйретудің бірнеше тәсілі бар. Графикалық органайзерлер арқылы оқушы өзбетінше жұмыс істей отырып кез келген кейіпкердің біз тани бермейтін сипатын ашуы мүмкін. Ал топтық жұмыстар арқылы графикалық органайзердің негізінде  олардың шығармашылық қабілеттері артып, білімдері артатын болады.

Подробнее...