Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім беру шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру

Жаңартылған білім беру шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру

Утеева Н.М., «№ 36 жалпы орта білім беретің мектебінің» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Себебі, сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу - бүгінгі таңның басты мәселесі.

 

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге арналған бағдарлама.

Оқушыларға қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым әрекеттеріне баса назар аудару керек. Оқушылардың сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту. Оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Айтылым, жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда, тілді еркін игеріп, қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.

Қазіргі кезеңде өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілді үйрету болып табылады. Яғни, өзге ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын таба білу және оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Сонымен қатар алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілікті сезіну.

Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Ал сабақ барысында олар бір-біріне құрметпен қарайды. Бірін-бірі тыңдауды үйренеді. Балаға не үйретсең соған бейім келмей ме? Қажымай еңбектенудің арқасында сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, сыни ойлауға, топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрете білдім. Үй тапсырмасын тиянақтауда не білетінін анықтау үшін «Үш сөйлем» әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы ойын ашық, еркін түрде жеткізе алатындықтан өз тиімділігін көрсетті. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін «Не істеймін?», «Не істеу керек?»- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады.

Жаңартылған бағдарламалар бойынша қазақ тілді оқыту ерекшеліктері:

1) 1-сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі үштілдігін оқыту сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

2) Тілдік қолдауды қамтамасыз ету үшін: Пәнге тән терминологияны енгізіп және қолданып, оқушыларды төрт дағдының барлығын белсенді пайдалануға ынталандыру керек. Ол дағдылар: Оқылым – жазылым – айтылым – тыңдалым.

3) Жаңа бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгерді. Критериалдық бағалау бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).

4) Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр. Спиральді білім берудің негізгі ерекшелігі: әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

5) Қазақ тілі сабақтарында бірінші сынып оқушыларының дербестігін дамытуға мүмкіндік береді. 1-сынып қазақ тілі сабағымда оқушылардың оқыту мақсаты 7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылды. Сондықтан, бірінші сыныптықтарымның танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналды және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылды. Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017 31 қаңтар 2017

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016­2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.

4. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.

5. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012 ж.