Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім беру мазмұнының берері көп

Жаңартылған білім беру мазмұнының берері көп

Альбина Жомартқызы Батырқанова, «Опытное поле орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Глубокое ауданы, Опытное поле ауылы

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде «Біз қазір «білім –ғылым-инновация» атты ұштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», деген болатын. Ендеше біздің еліміз жаһандану кезеңіне дайын болуымыз қажет деп санаймын. Қазақстан Республикасында ортақ білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұныныа елеулі өзгерістер енгізіілуіне байланысты ШҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырылған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» үш апталық атты курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.  

 

Курсқа алғаш келген күннен бастап, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында бастауышта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат міндеттерін түсіндік. Жаңа оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Бастауыш сыныптарда оқытуда оқушылардың бойында тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегиясымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық, тек танысып қана қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар, күнбе-күн қысқа мерзімді жоспар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде, негізге алатын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар, жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, ақпаратты іздеу, талдау және дағдыларды дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру; рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне: «Бағдаршам», «Серпілген сауал», «Еркін микрофон», «Ыстық орындық» септігін тигізді.

Курстан көптеген жаңалықтар алдық. Курс аясында өзімде қатты қобалжулар болды. Сол сезімді жеңдіре білген, білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген Ардақ Төлеуқызына шынайы алғысымды білдіремін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жаттықтырушымыз бізге өте мейірімді, сыпайы, білімді, жаны жаңалыққа құмар жан, түсінбей қалған жерімізді қайтадан түсіндіретін. Тыңдаушының санасына жеткізе білді. Курс аясында білімімізді одан ары шыңдай түстік, әрбір өткізген сабағы тартымды, әрі қызықты өткен болатын. Курстан үйренген тәжірибемді әрі қарай оқушылармен жұмыстанудамын. 2- сыныбымда 17 оқушы оқиды. Оның ішіндегі 11-і қыз бала, 6-уы ұл бала. Осы оқушылармен сабағымды түрлендіріп өткізуге тырысамын. Сабағымды үнемі жұппен топқа бөліп, көптеген дидактикалық ойындар, әртүрлі тапсырмалар, сабақ соңында қалыптастырушы бағалау өткізіп отырамын. Сабағыма сонымен қатар, АКТ үнемі қолданып, отыруға тырысамын. Қазіргі балалар АКТ-ны жастайынан қолданады, бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. Заман талабына сай оқушы бойында сындарлы ойлау және АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Үштілділіктің – біздің балаларымызға тигізер пайдасы көп деп есептеймін. Болашақта 12 жылдыққа көшкен уақытта, бітіріп шыққан түлектеріміз орысша және ағылшынша еркін сөйлеп тұрса, ата-ана үшін де, ұстазы үшін де үлкен мәртебе емес пе?! Курста өткен тәжірибемді әрі қарай ізденіп, қасымдағы әріптестермен пікір алмасып, соның ішінде оқу ісінің меңгерушісі Омарова Марияш Сейтеновнаға ерекше алғысымды білдіремін, білмегенімді сұрап, өз білімімді шыңдап келемін. Менің өмірде қойған ұстанымым – ізден, оқы, жалықпа, уақытпенен санаспа. Міне сонда ғанаүлкен жетістіктерге жетуге болады деп сенімдемін.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні – баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.