Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Сабақты зерттеу тәсілінің көмегімен мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуы

Сабақты зерттеу тәсілінің көмегімен мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуы

Құсайын Динара Бурабайқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы

Мұғалімнің кәсіби дамуы – күнделікті оқу үдерісін дамытудың маңызды факторы. Кәсіби өсу үшін мұғалім өзіне күнделікті оқу үдерісіне енгізілетін басымдықтар мен кемшіліктер, оқыту әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтар қоя отырып, өз тәжірибесін бағалай білуі қажет.

Өз тәжірибесі туралы ойлануға арналған сұрақтар:

  • Сабақта қандай оқыту әдіс-тәсілдерін (сараланған, тұжырымдамалық, проблемалық, дизайн-ойлау, сын тұрғысынан ойлау) қолданамын?
  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін таңдалған оқыту стратегиясы қаншалықты тиімді?

Қойылған сұрақтарға жауап алу ұшін мұғалім рефлексиялық ойлау элементтерін пайдаланады, оларды Д.Дьюи өзінің «Ойлау психологиясы мен педагогикасы» атты еңбегінде ұсынған болатын. Бұрынғы тәжірибесі мен біліміне сүйенген мұғалім өзі меңгерген жаңа біліміне сүйене отырып, проблемаларды шешу жолдарын табады. «Жаңашылдыққа ашық ақыл-ой үшін табиғат пен әлеуметтік тәжірибе одан әрі жетілдіруде қызықтыратын әртүрлі сын-талқыға толы» екені атап өтілген. Педагогикалық «сын-талқылар» мұғалімнің кәсіби дамуына мүмкіндік береді.

Сабақты зерттеу (Lesson Study) атты педагогикалық тәсіл мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетуге арналған. Оқушылардың оқу жетістіктерін жоспарлау, оларды оқыту, бағалау, сабақта мұғалімдерді кешенді бақылау үдерістерін бақылай отырып, қатысқан сабақтардан кейін рефлексия жүргізе отырып, оқытудағы проблемалы мәселелерді игеру барысында тығыз ынтымақтастықта жоспарлау, бақылау және көмектесу қажеттілігі анықталады. Жалпылама талқылау барысында 8 және 10 сыныптар бойынша оқыту мен оқудағы төмендегідей проблемалар айқындалады:

1) Мұғалімнің 8-сынып оқушыларының үйде орындауына арналған әртүрлі деңгейлі тапсырмалар құрастыруы.

2) 10-сыныпқа арналған әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың назарын шоғырландыру және зейінін дамыту.

Бұл проблемалары зерделеу қажеттілігі неліктен туындады?

Сұхбат жүргізу кезінде (Пат Тиерни бойынша) төрт мұғалімнен тұратын фокус-топ құралды, олардың үшеуі 10-сыныптарға, үшеуі 8-сыныптарға сабақ береді. Сауалнама нәтижелері мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін төмендегідей қажеттіліктерді көрсетті:

  • сараланған оқыту тәсілдерін зерделеу;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеретін тапсырмаларды құрастыру;
  • сын тұрғысынан ойлау тәсілдері мен стратегиялары және жүйелік-қызметтік тәсіл арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқу тәжірибесінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқу (CLIL) тәсілін пайдалану.

Мұғалімдер Сабақты зерттеудің үш типін қолданып жүр. Біз оқу тәжірибесінде бақылау дағдыларын жақсартуға арналаған Сабақты зерттеудің үшінші типін енгіземіз. Бұл тәсіл негізінде барлық мұғалімдер сабақты зерттеу жобасына қатыстырылып, әріптестерінің сабақтарын бақылай отырып, өзара тәжірибе алмасады, өзінің оқу және бақылау дағдыларын дамытады.

Сабақты зерттеу мұғалімнің сыныптағы оқу тәжірибесін қарастырып, талдайды. Сабақ тұтас оқу үдерісінің шағын көлемдегі деңгейін көрсетеді, бұл оқушылардың оқуы мен олардың өзін-өзі дамытуын жақсартудың арасындағы өзара байланысты айқындап, өз бетінше оқу дағдыларын дамытуға оң ықпал етеді. Сабақты зерттеу – бұл мұғалімдер үшін «жайлылық аймағынан» шығып, басқа әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуді үйренуге ынталандыратын тәсіл болып табылады.

Мұғалімдердің кәсіби дамуының мақсаттары күнделікті оқу тәжірибесінде жеке тәжірибесін жетілдіріп, дамуға мүмкіндік бермейтін қиындықтардан туындайды. Негізінен проблемалар дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүргізу барысында, топтық жұмысты ұйымдастыру және сараланған тапсырмаларды құрастыру кезінде туындайды. Осыған орай, мұғалімнің кәсіби дамуының мақсаты «Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» болып табылады.

Сабақты зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің мақсаттары:

  • оқыту үдерісіндегі оқушылардың оқу сапасына мұғалімнің назарын аудару;
  • мұғалімдердің мектеп мәдениетін дамыту: өзара құрметтеу, ынтымақтастық, жауапкершілікті азаматтық ұстаным, академиялық адалдық, өмір бойы оқу, ашықтық;
  • әріптестермен бірге әзірленген сабақ жоспарларына, оқыту үдерісі мен бағалау құралдарына талдау жасай білу;
  • өз тәжірибесін дамыту бойынша болжамдары мен оны жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар жоспарын құрастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • фокус-топқа қатысатын мұғалімдер оқыту мен кәсіби дамудағы ілгерілеуді байқайды;
  • мұғалімнің өзін-өзі бағалауы мен әріптестерінің бағалауы оқу үдерісін жақсартуға, жеке тәжірибені байытуға көмектеседі;
  • сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту стратегияларын, Сабақты зерттеу тәсілін, пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды (CLIL) толығырақ зерделеу;
  • сабақты бірлесе жоспарлау және бақылау жоспарлау мен оқытуға түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Қорытынды тұжырымдар:

  • топтың жұмсаған күші, жұмсалған уақыт – бұл әрбір мұғалімнің сабаққа қатысуы және оны талдау арқылы меңгеріп, байыған бағаланбас тәжірибесі;
  • сабақты жоспарлау кезінде оқушылардың қажеттіліктерін ескеру;
  • мұғалімдердің қатар сыныптарды оқыту барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, барлық сыныптарға бірдей ортақ сабақ жоспарын қолдануы маңызды;
  • ортақ оқыту әдістерін қолдану үшін мұғалімдер қоғамдастығына мектеп мәдениеті мен құндылықтарын енгізу;
  • Сабақты зерттеу тәсілі бойынша мұғалімдердің білімін тереңдету: әдістемелік әдебиетке шолу, медиа ресурстарды қарау, басқа әдістемелік бірлестіктердегі әріптестердің сабақты зерттеу жүргізу сапасын зерделеу;
  • мұғалімдердің Сабақты зерттеу тәсілі бойынша оң нәтижеге жетуінің факторы ретінде кәсіби даму мақсаттарына қол жеткізуі.

Сабақты зерттеу тәсілі бойынша сабақты зерделеу мұғалімдердің сабақ жоспарында жазылған мақсаттар мен оқыту және оқу үдерісінде шын мәнінде қол жеткізілген мақсаттардың арасындағы айырмашылықты көре білуіне, себептерін ұғынуына, сабаққа қатысқаннан әріптестерінен сындарлы кері байланыс алуына, мұғалімге оқушылардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, сабаққа талдау жүргізу мүмкіндігін ұсынуға көмектескенін атап кету қажет.

А.А.Бизяеваның «Ойлампаз мұғалімнің психологиясы: педагогикалық рефлексия» атты еңбегінде өзін-өзі рефлексиялық тұрғыдан бақылауға арналған тапсырмалар келтірілген, олардың біреуі төмендегідей: «Д.Познер бойынша мұғалімнің кәсіби даму «формуласына» қатысты өз түсініктемеңізді келтіріңіз: «тәжірибе + рефлексия = даму». Бұл нәтиженің екі қосылғыштың қосындысына қарағанда кеңірек мән-мағынаға ие деген пікірге көзқарасыңыз қандай?». Педагогикалық шеберлік пен рефлексиялық тәжірибенің кірігуін көрсететін қызықты формула мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі проблемалы мәселені ұсынып, оқушыларды оны шешуге қызықтыру қолынан келген әр сабақ сайын жетіле түседі. Келесі кезеңде рефлексия жасау үдерісінде іс жүзінде жинақтаған тәжірибесін талдау және зерттеу жүргізіледі. Осы арқылы оқу үдерісінің әлсіз және күшті жақтарына талдау жүргізіліп, мұғалімнің өз бетінше білім алуына және өзін-өзі танытуына мол мүмкіндік ашылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалім нұсқаулығы. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы, 2012 ж.

2. П.Дадли. Lesson Study: нұсқаулық, 2011 ж.

3. «Lesson Study» оқу тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде. Әдістемелік оқу құралы – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014 ж.;

4. Тошия Чичибу. «Мектептерде Lesson Study-ді қалай жүргізу керек?»

5. Lesson Study арқылы тәжірибені жетілдіру және ілгерілеуге қол жеткізу: аға оқытушыларға, көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған нұсқаулық. London: DCSF.

6. Ийсуке Сайто, Масатсугу Мурасе. Lesson Study оқу қоғамдастығы үшін: мектепті тұрақты реформалауға арналған нұсқалық, 2014.

7. Д.Дьюи. «Ойлау психологиясы мен педагогикасы». Ағыл. тілінен аударған Н.М.Никольская.- М.:Кемел, 1997.

8. А.А.Бизяева. «Ойлампаз мұғалімнің психологиясы: педагогикалық рефлексия» Псков: С.М.Киров атындағы ПМПИ 2004.

9. Бейсенбекова Г.С. «Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеу мұғалімнің кәсіби даму мақсаттарына қалай әсер етеді?» зерттеуі бойынша эссе.