Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім бағдарламасының көркем еңбек пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері

Жаңартылған білім бағдарламасының көркем еңбек пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері

Саканова Жанар Муратқызы, «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі

Қазіргі таңда еліміздегі білім жүйесінде тың өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгеріс мектеп оқушыларының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігін, өмірге бейімділігін қалыптастыруға негізделген зияткерлік мектептер жүйесіндегі бағдарлама болып отыр. Бағдарламаның құндылығы мен ұтымды тұсы неде? Бұрынғы білім жүйесінен қандай айырмашылығы бар? Осы сауалдарға жауап алу үшін, ойымды саралап көрейін.

 

Біріншіден, жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігі ынтымақтастық, құрмет, патриотизм, өмір бойы білім алу сияқты құндылықтарға негізделгені деп ойлаймын. Бұл дұрыс қойылған жүйе, себебі тәрбие мен білім құстың қос қанаты сияқты. Бұл екеуі қатар жүрмей, құзыретті жеке тұлға оқытып шығару мүмкін емес. Мұғалім осындай оқыту ортасын қалыптастырғанда ғана нәтижеге жетеміз.

Екіншіден, жаңартылған білім жүйесінің оқушылардың бойындағы негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған. Негізгі дағдылары қалыптасқан баланың функционалдық сауаттылығы жоғары, сыни ойлай алатын, өмірдің кез келген жағдаяттарынан шыға алатын болып өсуіне кепілдік береді деп ойлаймын. Неге десеңіз, біз бұрынғы жаттанды білім жүйесімен өмірге бейім бала тәрбиелеген жоқпыз деп айта аламын. Сонымен қатар, ортақ тақырыптар арқылы пәнаралық байланыс мықты қарастырылған. Спиральді білім жүйесі, яғни қарапайымнан күрделіге қарай жүру жүйелі берілген. Үшіншіден, жаңартылған білім берудегі бағалаудың өзі тиімді деген пікірдемін. Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болғандықтан, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижемен тығыз байланыстырғаны байқалады. Бәрімізге белгілі, оқушыларды бағалаудың екі түрі енгізіліп отыр.

Қалыптастырушы бағалауды сабақта үнемі балл мен баға қойылмай жүргізу, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Бұл қалыптастырушы бағалау мұғалімнің оқушының даму кезеңі қай жерде, не біледі, не білмейтіндігі туралы ақпарат алып, жеке жұмыс жасап, қателігін жөндеуге көмек береді, әрі мұғалімнің күнделікті журналға баға қою уақытын үнемдейді.

«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы оқыту мақсаттары бірнеше сыныптарға арналып, тізбектеле жүйеленген. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мұғалімі нақты сыныпқа арналған тақырып бойынша оқыту мақсатына сәйкес сабақта оқушыларға үйрететін білім беру мазмұнын немесе оқу материалын еркін түрде, өз бетімен құрап жүйелеуге мүмкіндік алады. Бірақ, сол білім беру мазмұны сабақтың оқыту мақсатына жетуге кепіл беруі тиіс. Сонымен бірге, «Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін дәстүрлі теориялық білім беру мен практикалық тапсырмалар орындату емес, бір сабақтың ішінде міндетті түрде қысқа мерзімді 5-7 тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар орындатуды қамсыздандырады.

«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған оқыту құралдары, соның ішінде, оқыту әдістері мен үйрену әдіс-тәсілдері, енді, оқыту мақсатына жетуге және оқушылардың, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдау негіз болады. Бұл оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы оқытудың, скаффолдинг, моделдеу, дамыта оқыту, әрдеңгейлі оқыту, саралап оқытудың теорияларына негізделе анықталған. Сол сияқты оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдеріне: моделдеу, пәнаралық байланыс, мультисенсорлық оқыту, бірлескен оқыту, саралау, пәнаралық байланыс, оқу әңгімелері, электронды оқыту және жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес түрлері кіреді. Осы оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері «Көркем еңбек» оқу сабақтарында оқушылардың біршама танымдық және тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, белсенді оқуда оқушылардың өз тәжірибесі негізінде эксперимент жасап, оқу материалының мәнін ұғынып түсінуіне, меңгерген білімді жаңа біліммен байланыстыруға, қателіктерді түсініп білімін жетілдіруге, терең білім алу мен көзқарастарды өзгертеді. Топтық жұмыста тұлғаралық қарым-қатынастарды нығайтады, ақпарат алу мен жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастырады, оқушылардың арасындағы тосқауылдарды бұзады. Саралап оқыту барысында оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес олардың түсінігі мен дағдылары дамиды, оқуға деген уәжі мен сенімі артады, күтілетін нәтижені арттыра алады. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни, мұғалімнің оқушыларды қолдау жасай отырып, олардың уәжі мен өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады, қай бағытта оқыту керектігін анықтауға көмектеседі, өзінің жұмысын жақсартуға ықпал етеді, оқушылардың оқу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты пән мұғалімі оқыту барысында кері байланыс пен рефлексияның әр түрлі әдіс-тәсілдерін жиі қолдануды тәжірибелейтін болады. Осы сияқты басқа оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері де оқушылардың құнды тұлғалық және танымдық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, мұғалім сабақты жоспарлау, яғни, қысқа мерзімді жоспарлау барысында дәстүрлі дидактикалық қағидаларға және оқытудың жаңа стратегияларына сүйенеді. Сол стратегиялардың бірі: оқушылардың бір-біріне көмектесу үшін жұптарға бөлу; оқушылардың нәтижеге жету үшін көбірек уақыт бөлу; оқытуды шағын қадамдарға бөлу, талқылау, моделдеу және қосымша ресурстарды қолдана оқушыларға қолдау жасау, әр түрлі материалдар мен құралдардың көмегімен тапсырмаларды бейімдеу жақсы әрекет ететін оқушыларды анықтау; оқытудың белгілі бір салалары бойынша өзін сенімді сезінетін оқушылар мен оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтау; оқушылардың жауаптарының алуан түрлілігі мен жекелеген оқушылардың күшті жақтарын ескере отырып, сыныптағы пән сабақтарында оң өзгерістер тұрғысынан ілгерлеуді және «мен істей аламын» ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың түрлі элементтер мен олардың құрамдастырылуын қолдану себептерін түсіндіруге бағыттау; кез-келген оқушының сабақ бойынша әрекеттерін дәлдік пен нақтылықта қарастыруға бағыттау; оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушы бейне кескіндерді дәл және мәнмәтінді қолдануға үйрету; көркемдік сапаның қалай қолжеткізуін және үйлесімді болуына бағыттау; мақсатқа бағытталған және ақпараттандырылған тәсілдермен жобалау және шешімдер қабылдау үшін қолдану; жасалған таңдаудың себебін анықтау; өз бетінше жұмыс жасау тәуелсіздігін арттыру.

Оқушылардың «Көркем еңбек» оқу пәнінің сабақтарында оқушылардың енді, білімі ғана емес, оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін қолданамыз. Ол критериалды бағалау жүйесімен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау дегеніміз оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерияларғе негізделген үдеріс болып табылады. Бұл бағалау критерийлары бойынша оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ойлау дағдылары Б.Блумның таксономиясы бойынша анықталған. Мысалы, білу мен түсіну, білімді қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.

Жаңартылған бағдарламасында көркем еңбек пәнінде оқушылар келесілерге қол жеткізеді:

- ұлттық жəне əлемдік мəдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу жəне талдау;

- өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалай алу;

- көлемді жəне жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады;

- зерттеу, эксперимент жүргізу барысында əртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;

- шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес жəне сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нəтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;

- алған тəжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тəсілдерді дербес қолдану;

- өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру жəне конструктивті ұсыныс қабылдау;

- əртүрлі жағдаяттарда тиімді жəне бірегей шешім таба білу;

- əртүрлі материалдарды жəне құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсіну жəне түсіну.

Шығармашылық процесс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық процестің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.

Тұтас бөлімде, жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын процесс, әсіресе, шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөледі.

Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар игерген процестерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады. «Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру бағдарламасының идеяларын басшылыққа ала отырып, оқушылар өнердің кең ауқымын бағалауда өз дағдыларын жетілдіріп, адамдардың құндылықтарын, қарым-қатынастары мен арман-қиялдарын бейнелеу өнері арқылы бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін кеңейтеді. Олар өздерінің көркемдік дағдыларын дамытып, шығармашылық шешімдерге жетелейтін өнер туындыларын жасауға қажетті мүмкіндіктерін арттырып, өздерінің көркем туындыларын дүниеге әкелуді жоспарлай білу қабілетін жетілдіретін болады. «Көркем еңбек» пәні үшін кез келген ықпал ету оқушылардың уәжін қолдауға, олардың білімі мен дағдыларының дамуына, өзін-өзі бағалау қабілетіне, оқу үдерісі мен нәтижесін дамыту үдерісіне сындарлы әрі сергек түрде ықпал ету маңызды болмақ.

Қорытындылай келе, жаңартылған білім бағдарламасы әлемдік, яғни жаһандық кеңістікке шығудың сара жолы дегім келеді.Неге десеңіз, ел мен елді, жер мен жерді теңестіретін білім. Сондықтан да, осы білім бағдарламасын қолдап, нәтижелі тәжірибеге енгізу – біздің міндетіміз.