Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу - ұстазға қойылатын негізгі талап

Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу - ұстазға қойылатын негізгі талап

Нысанова Алия Сеитовна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

«Ұлттың бәсекелестігі, ең алдымен білімдарлық деңгейімен анықталады, ХХІ ғасырда білімін дамытпайтын ел сәтсіздікке ұшырайды», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін білім беруді жаңарту үстінде. Білім беруді жаңарту ол білім мазмұнын, бағалау жүйесін, әдістерін, нысандары мен құралдарын жаңарту болып табылады [4].

ХХІ ғасыр - жаһандану заманы. Сондықтан бүкіл дүние жүзінде болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты барлық елдер өздерінің білім беру жүйесіне сол заманның талабына қарай өзгерістер енгізіп, білім беру жүйесін өзгертуде. Бүкіл әлем көлемінде «Балалар ХХІ ғасырда табысты өмір сүру үшін нені үйрену керек?», «ХХІ ғасыр дағдыларын үйрету үшін мұғалім нені, қалай, неге үйрету керек?» - деген сұрақтар туындайды.

 

Әлемде ХХІ ғасыр оқушысының бойында болатын дағдыларды әлемнің ең бай 30 елі мүше болып отырған ЭЫДҰ анықтайды және ол барынша кең ауқымын қамтитын XXI ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Қазіргі заманда тек білімпаз болу жеткіліксіз екені айдан анық. Сондықтан оқу, математикалық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту үшін оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту әр мұғалімнің міндеті болып табылады. Оқушылардың әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсету үшін мұғалімдердің кәсіби деңгейлері жоғары болу керек. Оның себебі балаларды даярлайтын М.Жұмабаев айтқандай «Мектептің жаны бір, қаны бір жолбасшысы - мұғалім». Біздің алдымызда тұрған міндет оқушыларды ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда өз орындарын тауып, өзіне және қоғамға пайда келтіре алатындай етіп даярлап шығу. Оқушыларды даярлау үшін мұғалімдер де заман талабына сай оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіріп, қажет жағдайда өзгертіп отыруы қажет. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында [2].

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне бағытталған «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы арқылы оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында жас мамандар өз кәсіби құзыреттіліктерін тәжірибе алмасу арқылы толықтырады. Аталмыш курс барысында жас мамандар тиімді оқытудың жеті модулін толық қарастырады. Ол олардың ұстаздық жолдарында үлкен мектеп, сабақ болмақ. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының жеті модулін жетік меңгерген және оны тиімділігіне орай қолдана алатын мұғалімдер оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың ойын еркін айтатын, ынтасы зор, сыни тұрғыда ойлай алатын тұлға болып қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сондықтан да сабақты тиімді, балаларға тақырыпты барынша түсінікті етіп түсіндіру үшін, олардың сабаққа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын арттыру үшін аталмыш курстан алған білімімді сабақ жоспарлауда тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігімен тығыз байланысты. Әрбір модульдің өз маңыздылығы бар. Бірақ барлық модульді бір сабақта қолдана бермейсін. Болашақта сабақтың тақырыбына ыңғайлап, оқушылардың сапалы білім алуына, адамгершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына бағыттап молдульдерді таңдауға болады. «Тиімді оқыту мен оқу» курстары алғаш оқыған жас мамандарға жаңашылдық көп болары анық. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде алған теориялық білімді бағдарламаның екінші - «Мектептегі тәжірибе» кезеңі барсында іске асыру үшін негізгі мақсаттар қояды. Бағдарламада қарастырылған жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіру арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізіп, бұл сабақтарда балалардың білім алу туралы деректер жинау, оқушылардың білім алуға көзқарастарын өзгерте алу жас мамандардың негізгі алға қойған мақсаттарының бірі болып табылады. Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен білім берудің жақсартылған әдiстерi болып табылады. Тәжірибе жас мұғалімді өзгеріске итермелейді, өткенді сараптауға, болашаққа жоспар құруға үйретеді. Әріптестерім тарапынан оқыту үшін бағалау оқуды бағалау, сыныптағы диалогтік тәсіл, сыни ойлауға үйрету және оқытудағы басқарушылық пен көшбасшылық тәсілдеріне қызығушылық басым екенін аңғардым. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсілді пайдалауды меңгеріп, тәжірибе барысында қолданып көрдім. Дарынды балаларды анықтауда Фриман мен Э. Выготскийдің зерттеулерін пайдалана отырып, есте сақтау, білім жетілдіруі, мәселені шеше алуы, икемділігі қасиеттеріне мән береді әсіресе шығармашылық қасиеттер шыңдауға көшбасшылық жасап отырады [1]. Сабақтың түгел дерлік, мақсатынан бастап қалыптастырушы бағалауға дейін оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету қажеттілігін түсініп, ұстаз өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуға дағдыланады. Кез-келген сабақтың мақсаты SMART бойынша, оқушының атынан қоюға үйреніп, оқушының орнына өздерін қоюды да үйренеді. Сонымен қатар, сабақтың мақсатын қоярда әр мұғалім оқушының танымдық, әлеуметтік және де эмоционалдық компоненттерін ескерулері қажет. Жеті модульді өз тәжірибелеріне енгізген жағдайда оқушылардың сабаққа деген құштарлықтары одан әрі оянып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасын Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталғандықтан мен осы бағдарлама аясында жинақтаған білімді тәжірибеде қолдануға ең алдымен орта мерзімдік жоспар құруға үйренеді. Орта мерзімді сабақ жоспарын құрғаннан соң қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құруға үйренеді. Курс оқу барысында алған теориялық білімдерін өздері жұмыс жасайтын мекемелерінде озық үлгіде қолдана білу ол шебер мұғалімнің айқын көрінісі. Озық тәжірибеге түсіндірме сөздікте практикада меңгерілген білім, іскерлік, дағдының жиынтығы; адам санасындағы сол әлем мен қоғамдық практиканың өз ара әрекетінің нәтижесі деген анықтама берілсе, осыдан келіп шығатын «педагогикалық озат тәжірибе» ұғымының мағынасын педагогикалық энциклопедияда: педагогтың оқу мен тәрбиедегі жинақтаған тәсіл жүйесі, оны жұмыс процесінде қолдану және жетілдіру; оқу-тәрбие процесіндегі мұғалімнің білім, іскерлік, дағдысының бірлестігі; мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі;педагогикалық ғылымды дамытудың көзі деген мағына арқылы түсіндіріледі . М.Н.Скаткин бұл түсінікті кеңейте отырып: «озық педагогикалық іс-тәжірибе немесе озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз - оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогтың жоғары шеберлігі, аз шығынмен, күш, уақыт жұмсау арқылы жоғары нәтиже алуға болатын тиімді тәжірибе» деген тұжырым жасайды[2].

Алдымызда отырған әрбір оқушы ашылмаған сандық. Яғни алдымызда отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту арқылы жас маман өз көздеген мақсатына біртабан жақындай түседі. Сабақта модульдердің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану оқушылардың келекшекте тапсырмаларды өздігінен, яғни өз ішкі мүмкіншіліктеріне сүйене отырып кездескен мәселелерді шеше алады. «Тиімді оқыту мен оқу бағдарламасын» сәтті аяқтаған ұстаз өз кәсіби шебершіктерін шыңдай түседі. Бұл жерде негізі сөз « кәсіби шеберлік».

Әр мұғалім өзіне өзі бақылау жасап, өз жұмысына талдау беріп отырады. Талдаулар түріне қарай өзгеріп, мазмұны өз шеберлігін ұштауға бағытталады. Мысалы, мұғалім өзінің осы мамандыққа дайындаған, оны шын ниетпен атқарып жүргендігін үнемі сезінетіндей болуы керек. Өзін-өзі бақылау бәрінен де қиын. Мұнда көлгірсу, бос мақтап шүкіршілік ету аз да, өзін- өзі тексеру, сынау, өзін өзгемен салыстыру, нәтижеге үңілу басым болуы керек. Бір қатар ұстаздар сабақ беріп, жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізімен шектеледі. Бұлар жылдар өткен соң «Бізді ешкім көрмейді, пәлендей жыл ұстаз болдық, жүздеген шәкірт тәрбиеледік, өңірімізге қадаған мақтау белгіміз жоқ. Ескірілмедік, босқа еңбек еткен екенбіз» деп айтып жатады. Бұл, ойлап тұрсақ, ол жұмыс істеген ортаға да, өзіне де толық қатысты. Сондықтан ұстаз қандай жұмыс істесе де, жетістігін, толғанысын, жұмыстағы қол жеткен табысын, жазған баяндамаларын, мақалаларын, істеген заттарын жинақтап жүру керек. Педагогикалық оқуларды, пікір таластарға, тың бағдарламалар мен оқу құралдарын, оқыту құралдарын жасауға қатысу қажет. Жоғарыда айтылған бақылаулар, яғни, өз ісіне талдау жасаулар осындай істерге жетелейді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «шебер» сөзіне бірнеше түсіндірмені табуға болады. Оларға тоқтала кетсек: өндірістің белгілі бір саласындағы білікті маман; өндірістің жеке бір саласының жетекшісі; бір нәрсені жақсы әрі жылдам орындайтын адам; өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман. [5]. Бұлардың ішіндегі педагогтарға соңғы екі анықтама педагогтарға сәйкес келеді. Педагогикалық шеберлікті әр кездерде әртүрлі ғалымдар әрқалай түсіндіруге әрекеттенген. Мысалы А.Дистервег шебер – мұғалім ғана оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге құқылы екендігін айтса, А.С. Макаренко педагогикалық шеберліктің мәні білім мен біліктерде айқындалатындығына тоқталады [4, 42 б]. Қазіргі педагогикалық әдебиетттерде «педагогикалық шеберлік» ұғымының сипаттамасына мына төмендегі компоненттер енеді:психологиялық және этикалық-педагогикалық эрудиция; кәсіби қабілеттер; педагогикалық техника; кәсіби әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның арнайы сапалары. Орта мерзімдік тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлағанда мақсат пен жетістік критерийлеріне аса назар аударған жөн. Мақсат пен жетістік критерийлерін құрған кезде оқушылардың жас ерекшеліктеріне, таланты мен дарындылықтарына, танымдық процестердің деңгейіне, шығармашылықтарына негіздеп жоспарланады. Бүгінгі таңда өмір бойы оқу қағидатына сәйкес оқушылар да, мектеп мұғалімдері де білім алушылар деп есептеледі. Сондықтан да оқушыларды сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру арқылы өзара қарым–қатынас жасай алуға үйрету керек. Олар топта бірлесе жұмыс істеу арқылы өз зейіндерін шоғырландыруға, пікір алмасуға, топ мүшелерін мұқият тыңдауға және де ең бастысы бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді. Нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға деген қабілеті бар тұлға қалыптасатыны сөзсіз. Бүгінгі жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Болашақта жаңа заманға сай жаңашыл ұстаз болу үшін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану үшін өзімнің теориялық білімімді одан әрі шыңдап, оны тәжірибеде қолдану бағытында жұмыстанатынымды айтқым келеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Кузьмина.Н.В. Ключевые компетенции - новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. 2003г. № 5. - С. 18–24.

2. Мектептегі тәжірибе кезеңіне арналған тапсырмалар, «Педагогикалық шкбкрлік орталығы» - 2018,- 23-33 бет

3.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

4. Скаткин М.Н.Изучение, обобщение и внедрение передового педагогического опыта.- М.,1977

5. Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под ред. чл.-корр. АН СССР П.Ю.Шведовой. — 18-е изд., стереотип. — М.: Рус. яз., 1987. — 797 с.