Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білім беру мазмұнын жаңарту

Білім беру мазмұнын жаңартуда оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары

Чехно Ж.Б., «№8 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Қазір оқушылардың бойына 21-ғасыр дағдыларын дарыту, олардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мәселен, оқылым дағдысына келсек, балаларымыз әріп танығанымен зейін қойып оқуға, оқығанын зердесіне құйып өзгеге түсіндіріп беруге шорқақ. Яғни, оқылым дұрыс болмағаннан кейін, айтылымнан да ақсап жатамыз. Ал сондай мәселені түсіндіріп беруге тырысқан, айтылым дағдысы қалыптасқан адамды тыңдай алмайтын да жағдайлар кездесіп жатады. Ойымызды жүйелеп жазып беруге қиналатын сәттеріміз және бар. Мұның бәрі тілдік дағдылардың жете қалыптаспағанын білдіреді. Осы жағдайлардың жаңартылған бағдарламада жан-жақты сөз болатынын, тілдік дағдыларды дамытуға арнайы тоқталатынын айта кеткеніміз жөн. Ол жерде «оқыту үдемелігі» деген жаңа ұғым бар. Оның үш кезеңі көрсетіледі.

Подробнее...

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Мамырбекова Әсем Серікқызы, «Мукарама атындағы орта мектеп» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жанжақты жетілген, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығapмaшылық бaғыттa жұмыс iстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеу.

Подробнее...

Жаңартылған білім беру жағдайында ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдары

Семейканова А.Е., «№8 орта мектебі» КММ–нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - шәкiрттерге өз елiнде басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Ағылшын тiлiн үйрену баланың өз бетiнше бiлiм алуына, интермәдениет коммуникациясын бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi.

Подробнее...

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Кабанбаева Асем Багдатовна«№1 Самар орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.

Бастауыш білім беру мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға негізделеді:

-         білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

-         сыни ойлау;

-         зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-         ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

-         әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

-         топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

-         проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Подробнее...